400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 13 материал табылды

«Ақ дидарлы анашым » ертеңгілік

Материал туралы қысқаша түсінік
Материалым әр тәрбиеші мамандарға керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Ақ дидарлы анашым »

Мақсаты:Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру,ананы құрметтеу, сыйлай білуге оқушылар бойындағы жеке қабілеттерімен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке,достықты қастерлей білуге тәрбиелеу.

Безендірілген зал.Әсем әуеннің ырғағымен Рүстем, Ануар, Сұлтан, Жандәулет, музыка залына кіреді.

Рүстем:Армысыздар аяулы аналар!

Сұлтан:Армысыздар ардақты әжелер!

Ануар:Ана десем сезім билер тым ыстық

Жарасады адамдарға туыстық

Бар адамға берсе мейірімін

Орнар еді бар әлемде тыныштық.

Жандәулет:Аналар,барша қонақтар 8-наурыз мерекесі құтты болсын! Оу, жігіттер біздің топтың апайлары мен қыздары қайд?.

Ануар:Олар мереке екенін ұмытып кеткен шығар а?

Рүстем:Менің ойымша олар сұлулық салонында мерекеге дайындалып жүрген шығар, әәй қыздарай кешігіп жүрмесе болмайды. Қазір мен телефон соғайын( телефонмен хабарласады)

Рүстем:Алло Асылай қайдасындар?

Асылай:Рүстем біздің көңіл күйіміз жоқ, мерекеге барғымыз келмей тұр.

Рүстем:Қыздар еркелікті қойыңдар, біз сендерге дайындаған әніміз бар, келіңдерші енді.

Асылай:Жарайды әндерің көңілімізден шықса барамыз.

Рүстем:Жігіттер ендеше қыздарымызды ортаға шақырайық !Жігіттердің орындауында«Он алты қыз » әні.

Қыздар осы сәтте залға кіріп, екі жақтан ұлдарды қоршап тұрады.

Жүргізуші:

Құрметтейік балалар аналарды

Бізді өмірге әкелген даналарды

Себебі ана деген асыл жан ғой

Ойлауменен істелік әр қадамды

Жандәулет:

Сіздерден өскен балалар

Батырлар мен даналар

Құттықтаймыз мейрамымен

Құрметті аналар «Қарлығаш » тобының «Ақ дидарлы анашым»атты ертенгіліне қош келдіңіздер!

Хор: «Ақ дидарлы анашым »

Жүргізуші:

Жасыл көктем келеді

Самал беттен өбеді

Көкте бұлттар көбейсе

Мөлдір тамшы төгеді

Көптен күткен көктем аруын қарсы алайық!

(Музыкамен Көктем аруы кіреді)

Көктем аруы:

Алақай ау, алақай,

Қуан кәне балақай .

Сағынып келдім алыстан,

Көктем аруы мен боламын.

Құттықтауға сіздерді,

Келіп тұрмын мен бүгін.

8-наурыз мейрамымен

Жүргізуші:

Қош келдің Көктем аруы бізде сені кқргенімізге қуаныштымыз Біздің балалардың өнерлерін тамашалайыкшы ортаға аналарына арнап такпақ жаттап келген бүлдіршіндерді шақырамыз.

Жаннұр:

Жарқын жүзді жан анам

Сендей болсын бар адам

Сендей болса бар адам

Шаттық кетпес баладан

Әйгерім:

Анам, анам, ақ анам,

Мен өзіндей ақ балаң,

Айтқан тілді аламын,

Жұмсағанда барамын.

Жанерке:

Айналайын ақ мамам

Өзің жайлы тақпағым

Ақерке:

Ақ анашым әппағым

Өз жайлы тақпғым

Жандаулет:

Ақ әжемді әрқашан

Сыйлап жаксы көремін

Қуантайын деп оны

Өлең айтып беремін

Аяжан:

Мама нас ласкает

Солнце согревает

Солнце как и мама

Лишь одно бывает

Жүргізуші:

Бәрекелді тамаша балалар

Баланың да тілегі

Дананың да тірегі

Ауырмасын ешкашан

Алтындай аналардың жүрегі

Шынжырбай Ануардың орындауында : «Аналар алтын »әні

Ән: «Аналар алтын »

Жүргізуші:

Кім сендерді, балалар, сүйе-тұғын,

Қуанышыңа қуанып,қайғына күйе тұғын?

Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай,

Шешең байқұс дамылсыз жүре тұғын.

«Үш ана » көрінісі

Әжесі:Аяжан

Анасы:Жаннұр

Қызы:Әйгерім

«Үш ана » көрінісі

Ортаға стол және үш орындық қояды Бір орындықтың шетін ала стол астында қуыршақ жатыр

Әйгерім –қыздың киімін киген бүлдіршін

Аяжан-қызметкер ана көрінісімен киінген қыз

Жүргізуші:

Ойыннан келген Әйгерім

Қуыршағын іздейді

Столдың астынан таптыда

Хал сурауды көздеді

Әйгерім:

Қызым менің қалайсың

Томсырайып қарайсың

Қарның ашып отырмай

Тамақ ішсең жарайсың


Егер тамақ ішпесең

Қу сүйек боп қаласың

Отыр қане қасыма

Тамақтанып аласың

(Қуыршағын алдына алып отырады )

Жүргізуші:

Әйгерімнің осы сәті

Анасы үйге кіреді

Тағат таппай қызының

Қалын сұрап біледі

Анасы:

Әйгерімжан бүгін сен

Тамақ ішіп көрдің бе?

Қызықтап әлде ойынды

Қешке дейін жүрдің бе?

Күнде саған ұмытпай

Тамағыңды іш деймін

Тіл алмайсың қырсығып

Осы сені не істеймін отырады

Әжесі:

Айналайын алтыным

Шаршадың ба жаркыным

Ішпедің-ау тамақ та

Жайын ойлап жалпының


Қарашығым, қарағым,

Түсіңкі ғой қабағың.

Сөткемен тұрып жұмыста,

Болмай қалды-ау тамағын. ( Отырды)

Жүргізуші:

Аналардың елжіреп,

Ет бауыры барады.

Әрқыйсысы сұқтанып,

Өз қызына қарады.

Бәрі-үш ана:

Қандай қиын қараңдаршы,

Қырсык мінез бала болу

Бәрінен де оңай емес

Білсеніздер ана болу!

Жүргізуші:

Балалар, көңілді әуенді естіп тұрсыңдарма? бізге қонақ келе жатқан сияқты. ООО Бұл Күлше қыз ғой. Қош келдің, Күлше қыз.

Ойын: «Күлше қыз »

Балалар қызықты ойын ойнауға калай қарайсыңдар? Ойынымыз «Күлше қыз » деп аталады .Ортаға билеуге тек қыздар шығады қыздар билеп жүріп сағаттың соғылғанын естіп жүгіріп орындарына отырады сол кезде туфлилерін шешіп тастап кетеді ал жігіттер туфлилерді иесін тауып аяқтарына кигізу керек

Жүргізуші:

Ақ пейілді, шын адалсың балашыңа,

Бұл өмірде кім жете алсын анашыма?!

Қолда барын аямай шын ниетпен,

Қиып бере салатын баласына....

Балалар, аяулы аналарымыздыңда сендерге арналған билері бар екен, ендеше аналарымыздың өнерін тамашалауға ортаға шақырамыз. Ұлдар шығып аналарымен вальс билейді.

Жүргізуші:

Келесі кезекті балаларымызға берейік

Айғаным:

Әр сөзімді жаттаған,

Жүрегімде сақталған.

Анашым деп мақтанам,

Айналайын ақ мамам.

Асылай:

Мамина улыбка

Вносит счастье в дом

Мамина улыбка

Нужна везде во всем

Сезім:

Ақ мамамды әрқашан

Сағынамын сыйлаймын

Мейрам сайын мен саған,

Түрлі сыйлық сыйлаймын

Сұлтан:

Мәпелейсің мені анам,

Қолыңдағы құсыңдай

Құшағында қысылмай

Жүргізуші:

Балалар, караңдаршы біздің аналарымыз билегілері келіп отырған сиякты. Аналарымызбен бір ойын ойнайық.Ойынымыздың аты «Ожау » деп аталады.Кәне біз шеңберге тұрайық әуен тоқтағанша ожауымызды бір бірімізге беріп тұрамыз.Кімге келгенде әуен тоқтаса сол бала ортаға мамасын алып шығып билейді.

Ойын: «Ожау»

Жүргізуші:

Үн қататын бал тілі,

Еркелейтін әр күні,

Құттықтайды әнімен

Сегізінші наурызмен

Хор: «Ақ анашым»

Жүргізуші:Балалар анамызға қандай сыйлық берсекте жарасады,алайда сендер қандай сыйлық бересіңдер

Балалар:Гүл береміз,бірақ гүлді қайдан аламыз

Сиқыршы:

Біліп едім,біліп едім,

Маған да бір сәт келерін.

Жүргізуші:Ой,балалар кімнің дауысы

Балалар:Сиқыршының.

Ортаға сиқырлы шығады.

1.Шляпамен өнер

2.Түрлі түсті бояу

3.Сыбызғы мен жылан

4.Даланы гүлдендіреді

Жүргізуші:Бәрекелді сиқыршы өнеріңе мың алғыс.

Сиқыршы:

Гүлді кайдан аламыз дейсіңдерме,міне сендерге бәйшешек гүлі аналарыңа тарту қылыңдар. Балалар аналарыңа бәйшешек гүлін үзіп алып сыйлайды.

Менің сендерге де сыйым бар.Балалардың сыйлығын шығарады.

Жүргізуші:

Шуақты көктем келді гүлін алып

Көктемнің мерекесі бүгін анық.

Өмірдің көктеміде,гүлі-аналар.

Ана деп бас иеді күллі халық

Ана деген тіршіліктің тірегі.

Аман болсын,касиетті аналар!

Осымен «Ақ дидарлы анашым» атты ертенгілігіміз аяқталды.

Құттықтау сөз кезегі;Шағын орталығымыздың әдістері Нұргүл Тұрыскелдіқызына беріледі.Ата-аналар комитетіне сөз береміз.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14 қаңтар
711
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі