Материалдар / Ақ жол саған жас түлек!
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ақ жол саған жас түлек!

Материал туралы қысқаша түсінік
Соңғы қоңырауға арналған сценари
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қаңтар 2019
551
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Ақ жол саған, жас түлек!»

І жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қонақтар, аяулы ұстаздар, қымбатты оқушылар, жас түлектер! Міне тағы бір оқу жылы аяқталып, «Болашақ мектебі – бүгіннен» мектебінің арман қуған 43түлегі болашаққа жаңа қадам басқалы отыр.ІІ- жүргізуші: Мектеп! Мектеп деген - мол қазынасы мөлдіреп жатқан, сол мөлдір әлемнен өзіне керек асыл мен жауһар секілді баға жетпес, «білім» деген байлықты алып, өміріңе нәр беретін алтын ұя!І-жүргізуші: Дұрыс айтасың, өйткені жарқын шақтардың елесі қалар, ерке балалығыңның куәсі болар бірден-бір киелі мекен – мектептегі соңғы қоңырау салтанаты басталғалы тұр. ІІ жүргізуші: Он бір жыл бойы осы мектеп қабырғасында білім нәрімен сусындаған түлектерді ортаға шақырымыз. Ду қол шапалақпен қарсы алайық!

І-жүргізуші:  Бәрі ертеңгі азамат болғалы тұр, Үлкен өмір есігін ашпақ, міне Қолдарына аттестат алғалы тұр. жүректің өмірлік құштары – гүл,ІІ жүргізуші:  Барасыздар өмірді гүл еткелі. Әр жылы осы күні қимастықпен, Соғады ұстаздардың жүректері. Көңіл толқып жанады осы күні, Түлектерім, есте сақта мәңгі мұны. Болашақтың үміті сендерсіздер, Алтын күннің таратылған сәуле, нұры.

І-жүргізуші: 11 «А» сыныбы. Алғашқы ұстазы - Байдуллаева Гүлнар Әбдіхалыққызы Төлепова Гүлзипа Абдуллақызы Сынып жетекшісі  – Шайманова Жанар ОспанқызыІІ-жүргізуші: 11 «Ә» сыныбы. Алғашқы ұстазы - Алтаева Назира Құралқызы Сынып жетекшісі  – Нақыпбекова Самиға НәбіханқызыІ жүргізуші: Құрметті мектеп бітіруші түлектер! Әр басқан қадамдарыңызға гүл бітсін! Өйткені, бүгінгі күн – жас түлектің жаңа өмір баспалдағына жолдама берілетін күн. Бұл күн – мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпейтін күн. ІІ жүргізуші: Мектеп бітіруші түлектерге арналған «Ақ жол саған, жас түлек!» атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!

І жүргізуші:  Батырлыққа уызынан жарыған,Ел қазақты жалауынан таныған.Өзі батыр өзі әнші халыққа,Жарасады жігер берер Әнұран!Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалсын!

ІІ жүргізуші: Салтанатты жиынды ашып, құттықтау сөз білдіру үшін мектеп директоры Сейсенбаев Датқабек Шотанұлына, Мектеп ардагері,Кәсіподақ ұйымының төрағасы Сейдалиев Тартбек Әбітайұлына және де Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Қамбарова Бақтыгүл Сәбитқызына сөз береміз!

І жүргізуші: 

Ұрпақсыз мына өмірде кім түледі,Жақсы ұрпақ – Еліміздің шын тілегі.Ортаға шығып, қанекей, тілек айтсын,Бірінші сыныптың «Мен» деген әр түлегі, - деп, 1-сынып оқушылары тілек білдіргелі тұр.11-сыныптың  түлектері атынан кішкентай бүлдіршіндерімізге арнаған сый қошеметтерімізді қабыл алыңыздар. ІІ жүргізуші:10 жыл бойы нұрға толы жанымызАрман қуып кеткен едік бәріміз,20 күндей боп 20 жыл өтті кесдестік,Мектебіне арналады бұл лебіз,-дей келе, мектеп бітіргеніне 20 жыл толған түлектерді ортаға шақырамыз. Ортада осыдан 20 жыл бұрын, яғни 1998 жылы мектептен түлеп ұшқан шәкірттер тұр. Қошеметтеп, қол соғайық.



І жүргізуші:Арнап келер мерейтой, мейрамдарда,Мәртебең де биіктейді мейрам барда.Бүгінгі мектеп кешіне тілек айтсын,Сөз кезегін береміз меймандарға,-деп ақындар жырлағандай құттықтай сөз ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________кезегін қонақтарға береміз. ІІ-Жүргізуші: Лебіздеріңізге рахмет!

Ортаға ду қол шапалақпен 11 «Ә» сынып оқушысы Оңғар Балгерім Асанбайқызын «Аттандық сапарға» атты әнімен қарсы алыңыздар! ІІ-Жүргізуші:   Қазір осында тілеулес болып келіп отырған ата-аналардың алдында қарызымыз да, парызымыз да шексіз. Оларға әр баланың орны да бөлек, жөні де бөлек екені рас. Біздер сол асқар тауымыз – әкелердің, мейірімді аналардың жан толқытар сөздерін естігіміз келіп отыр.Ата- ана тәрбиелеп балапанын,Әлдилеп аялаған алақанынБолашаққа бақ тілеп тұрасыңдар,Ойлауменен әрқашан бала қамын.Ортаға мектеп бітіруші түлектерінің ата-аналарының атынан  ________________________

І жүргізуші: Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған ұл-қыздарымыз ойы толып, бойы өсіп, мектебімен қоштасқалы отырған түлектер сөз кезегі сіздерде

1-оқушы: Соңғы қоңырау. Оның үні соншалықты ыстық. Ыстық болмағанда ше? Онымен бірге доп ойнаған алаңсыз күндерің алыстап барады. Мектеп партасындағы құрбы-құрдастарыңмен жайраң қағып жүрген күндерің де енді қайтып келмейді.2007 жылдың 1 қыркүйегі есіңде ме? Үстінде ақ шағаладай аппақ көйлегің, қолыңда алқызыл гүлің, сөмкеңді көтере алмай, алшаң басып мектепке қарай асығып едің. Сол сәт сен білім атты теңіздің шетсіз-шексіз тұңғиығына бет алғаныңды сезген жоқсың. Алайда бәрін білгенше, бәрін игергенше тағатсыздандың. Неткен талпыныс десеңші. Ол кезде саған дүние атаулы жұмбақ болып көрініп еді-ау!



ІІ жүргізуші: 11 сынып оқушылары Жұман Айжарқын,Абдахан Бақдаулет,Садық Аяулымнын орындауында «Қош бол ұстазым, аяулы мектебім»І жүргізуші: Түлектердің алғашқы ұстаздары Байдуллаева Гүлнар Әбдіхалыққызы, Байдуллаева Гүлнар Әбдіхалыққызы ,Төлепова Гүлзипа Абдуллақызы, Алтаева Назира ҚұралқызыСынып жетекшісі  – Шайманова Жанар Оспанқызы, Нақыпбекова Самиға НәбіханқызыӘн:ІІ-жүргізуші: Мектеп бітіруші түлектер қалыптасқан дәстүр бойныша мектеп кілтін ізбасарларына тапсырады. Білімнің алтын кілтін мектеп түлегі------------------------------------------------------------------------------------- табыс етеді.Білімге басқан жастарың,Ғылымды іздер үңіліп.Өмірге сапар бастадық,Алдымда күліп тұр үміт.

Білімді құйып санаңа,Шәкірт болыңдар білікті.Орнымызды нық басар,«Тапсырамыз «Алтын кілтті».

10 сыныпАяқтап бүгін мектепті,Тебірендің, толғандың.Болашағың жарқын боп,Сәт-сапар болсын жолдарың! Біз, 10-сынып оқушылары, 36 Қ.Әбдалиев атындағы жалпы орта мектебі атындағы жалпы орта мектептің мәртебесін биік, тұғырын берік ұстауға ант етеміз! (11-сынып орындауында «Қош бол, мектеп» әні орындалады)

ІІ жүргізуші: Қымбатты мектеп бітіруші жас түлектер! Мектепте 11 жыл ішінде 20 мыңнан аса қоңырау үнін естідіңдер. Оны алғаш қолыңа гүл алып, мектеп табалдырығын аттағанда, 45 минут бойы өзің сүйіп оқитын сабағың аяқталғанда естідің. Ал, бүгінгі  қоңырау үні ерекше. Ол мектеппен қоштастар соңғы қоңырау. Ол балалық шақтан болашаққа асыратын қоңырау.«Соңғы қоңырау» әні орындалады. 2- шумақтан соң қоңырау шығарылады. Қоңырау үні)Екі жүргізуші бірге:Қоштасады, алтын ұя мектебің,Маңдайыңнан сипап өтсін көктен күн.«Сәт сапар!» - деп қол бұлғайық бәріміз,Тілейік біз армандарға жеткенін.Қоштасу вальсі биленеді.

Бүгінгі салтанатты мерекеде соңғы қоңырау соғу рәсімі мектебіміздің мақтаныштары, 11 А сынып оқушылары -----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------және де 1 а сынып бүлдіршіндері оқу озаттары --------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------І-жүргізуші:Құрметті түлектер! Көгершіндей қанаттарың талмай, биікке самғап ұша беріңдер! Ақ жол, сендерге Жас түлек!

Сәт – сапар сіздерге. Ұлттық біріңғай тестіде жоғарғы көрсеткішке ие болыңыздар, жоғарғы оқу орнына түсулеріңізге тілектеспіз. Келесі оқу жылында амандықпен жолыққанша сау – саламатта болыңыздар. «Сыңғырла, соңғы қоңырау» салтанатты жиынын жабық деп жариялаймыз.













Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!