Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Ақ жол саған жас түлек!" сценарий
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Бекітемін
Мектеп директоры Р.А.Жанабаева
«№2 Қабанбай орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша мектеп бітіру кешін өткізуге арналған іс-шаралар жоспары
2016-2017 оқу жылы
р/с |
Іс-шаралар |
мерзімі |
жауапты |
1 |
Мектеп бітіру кешін өткізу туралы аудандық білім бөлімінің бұйрығы негізінде мектепішілік бұйрық шығару |
05.06 |
Р.А.Жанабаева |
2 |
Мектеп бітіру кешін өткізуге арналған салтанатты жиынның жоспарын құру |
06.05 |
М.С.Сатыбалдина |
3 |
Мектеп бітіру кешін өткізу барысында кезекшілік ұйымдастыру |
15.06 |
М.С.Сатыбалдина |
4 |
Оқушылардың өмір қауіпсіздігін, өрт қауіпсіздігін, техника қауіпсіздігін сақтау мақсатында нұсқау жұмысын жүргізу |
12.06 |
М.С.Сатыбалдина М.Жунисова Д.Серикбаева |
5 |
Мектеп бітіру кеші барысында мектеп бітірушілер мен олардың ата-аналарынан ақша жиналмауын қадағалау |
15.06 |
Р.А.Жанабаева |
6 |
Салтанатты жынға қонақтарды шақыру |
13.06 |
М.С.Сатыбалдина |
7 |
Мектеп алаңын безендіру жұмыстарын жүргізу |
14.06 |
М.С.Сатыбалдина А.Сырлабаева А.Арпеисова А.Сейтқазинова |
8 |
Мектеп бітіру кешін өткізу |
15.06 |
М.С.Сатыбалдина А.Арпеисова М.Жунисова Д.Серикбаева |
9 |
Кештің өтілуі туралы аудандық білім бөліміне ақпарат беру |
16.06 |
М.С.Сатыбалдина |
Орындаушы М.С.Сатыбалдина
«№2 Қабанбай орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Қош бол, алтын ұя мектебім!»
2016-2017 оқу жылы
Жоспар:
1.Ұйымдастыру
2.Түлектерді ортаға шақыру
3.Қонақтармен таныстыру
4.Кештің салтанатты ашылуы
5.Аттестат тапсыру рәсімі
6.Құттықтау сөз қонақтарға беріледі.
7.Құттықтау сөз алғашқы ұстазына беріледі
8.Сынып жетекшісіне сөз беріледі
9.Ата-аналарға сөз беріледі
10.Түлектер атынан құттықтау сөз.
11.Салтанатты кештің жабылуы
12.Түлектерге сөз беріледі.
1-жүргізуші: Қайырлы кеш құрметті қонақтар, ата-аналар!
2-жүргізуші: Армысыздар Ұлағатты ұстаздар, ардақты ата-аналар және мектеп бітіруші түлектер!
1-жүргізуші: Бүгінгі «Қош бол, алтын ұя мектебім!» атты мектеп түлектеріне аттестат тапсыру кешіне қош келдіңіздер!
1-жүргізуші:Армысыздар, ұстаздар, ата-аналар, түлектер!
Міне, тағы бір оқу жылы аяқталды, біздің мектебіміздің 32 түлегі бүгінгі салтанатты жиында мектеппен қоштасқалы тұр.
-Бұл күн –мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпейтін күн.
Бірге\хормен:Олай болса, осы алтын ұядан ұшар түлектердің қоштасу кешін бастайық!!!
\ музыка\
2-жүргізуші:
Бүгін қандай шаттық толы кеш еді,
Көңіл шіркін, тасып-толып өседі.
Ұл кешегі жігіт болып қалыпты-ау,
Бойжетіпті бантикті қыз кешегі.
2-жүргізуші:
Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,
Жан сәулесін тарататын баршаға.
Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,
Түлектерді шақырайық ортаға.
\музыка әуенімен барлық бітірушілер кезекпен сахна төріне келеді/
\ музыка ойналады, жеке-жеке таныстырумен жас түлектер шығады/
1.Алғыр ой иесі, көңіл күйін көзбен ұқтырған нәзік те сезімтал, талғампаз, тал бойында бір мін жоқ... әр ісіне байыппен қарайтын, ұқыпты оқушы- Қанатқызы Гүлдананы қошеметпен қарсы алайық!
Құласа биік тау қозғалмайтын онайға,
Істеген істеріне тыңғылықты алайда.
Бұл жалғанда жамандық саған болмасын,
Халқынның ханымы бол ақ тускенше самайға.
2.Елгезек, ата-анасының еркесі, 11-сыныптың серкесі, алдында алам деген асуы көп, болашағынан мол үміт күтетін, сыныбына сыйлы дос, тындырымпаз, ашулануды білмейтін, үнемі жүздері күліп жүретін, өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, ұқыпты оқушы- Солтанмұрат Әділғазыны қарсы алайық.
Жігерленіп әр іске құлшынып,
Көңіліне жақпаса қалар кейде бұртиып
Қыздай жібек мінезі,тілін табар әркімнің
Ер жігіті осындай болса деймін халқымның.
3.Жаны нәзік, жүрегі таза, білімі терең, ойы ұшқыр, кез-келген жерден өз орының ойып алатын, елгезек, достарына адал қол ұшын беруден аянбайтын мінезіне көркі сай тал бойында бір мін жоқ, айналасына жылулық пен пәк сезімін сыйлаитын, көркем де көрікті ақылды қыздарымыздың бірі- Сайранбекова Назымды қарсы алайық
Үлгі қылып ұсынар, оның ғажап ісі бар
Шаршамайды талмайды
Бір нәрседен қалмайды,
Білім алу жағынан алдына жан салмайды.
4. Көркемдігіне көз тоятын, салмақтық пен сабырлықты жанына жолдас еткен, көңілі ашық, ақылды, алдына қойған мақсатына ұмтылатын, ізденімпаз, еңбекқор қызымыз – Еркінбекова Меруертті қарсы алайық
Өзі сондай салмақты
Нұрландырған ортаны
Біздің Меруерт жан- жақты
5.Мінезі өте жайдарлы, ақылды, салмақты, өзінің мінезімен адам баласын баурап алатын, жанындағыларға кешіріммен қарай білетін аяулы аруымыз- Кабдылова Әсемді қарсы алайық
Мәнерлеп оқу шебері
Ақылына көркі сай
Өткір де ер мінезді
Әрине ол Әсем ғой.
6. Нәзік те, пейілі кең, әрбір жанға мейіріммен қарайтын, әрқашан да ақыл-ой сезімімен достарының жанын баурап алар жандардың бірі- Мұратхан Аяулымды қарсы алыңыздар!
Ұмтылып өнер білімге
Қиыннан жатқан жасқанға
Жол салып табар түбіне
Шығарар шыңға асқарға.
7.Жақсылыққа жаны құмар, достыққа адал, әркез қиындықта қастан табылатын, сыныптың еңбекқор жігіті –Бекенов Асланды қарсы алыңыздар!
Саумаурымдай қайнаған, жүреді ол жылпылдап,
Дайын турар бар іске, ұстарадай қылпылдап.
Қандай істе болса да ,қиындыққа жолықпа,
Дұрыс жолды көрсетіп, дәл қасында тұрса бақ.
8. Елгезек, спортқа жаны құмар, талай қыздың жүрегін жаулаған, сегіз қырлы бір сырлы, сарбаз жігіт - Шарипханов Жарасты қарсы алайық!
Талаптын мініп тұлпарын
Бәйгеге шықсаң орғытып,
Таппай бір тағат жан- тәнім
Көмбеде тұрам мен күтіп.
Ақ жол, сәт спар саған Жарас!
9. Сырбаз, сұлулық пен адалдықты сүйетін сезімтал, ішіндегіні айтқызбай білетін, ізденімпаз, мектеп ережесін өте мұқият қарайды. Қолынан келгенше адам баласына көмектесетін- Қайратұлы Саянды қарсы алыңыздар!
Жүреді ылғи ұмытып үйренсем деп, білсем деп,
Әлі жаспын демейді ойнасам деп, күлсем деп
Жасы үлкенмен әңгімесі жарасар
Болашақтан үміт берсін талай - талай тау асар.
10.Қандай теңеу айтса да , өмірі тек өнер мен білімге құрылған, санасы терең , қиялы жүйрік , көркемдік пен сұлулықты жаны сүйетін , өркениеттің өріне құлаш ұрған ерке ұлдарыңыз - Сапарғали Мадиярды қарсы алыңыздар!
Сұрамасаң тура қарап сөйлемейді өзінен,
Жүрегімді баурап алды отты жалын көзімен.
Қалжыныңды көтереді әзілдесең тағы да,
Бұйырып сен тұрсың екен, қай арудың бағына.
11. Мейірімі шуақ нұрдан жаратылған дара тұлға ,өзім деп сенген достарына қиналған кезде қол ұшын беруден аянбайтын ,жастайынан жалын болып жарқ етіп ,қандай іске болсада, жан аямай кірісіп кететін ардақты ұлдарыңыз- Саметов Бахытжанды
ортаға шақырып, қарсы алайық.
Жақсы ойлар әрқашан тауып жатсын санаңда
Азамат боп пайдасы тиген мына қоғамға
Тасын өрге домалап жүре берсін әр күні,
Сенің жақсы болғаның жаман болмас еліне.
12. Мінезі өте жайдарлы, ақылды ,сыныптағы ең салмақты, жаналыққа жаны құмар, еңбекқор , әр түрлі өнерімен адамды таңқалдыра алатын, жалпы бойында барлық жақсы қасиеттері бар аруымыз – Лұқпан Жарқынайды қарсы алайық.
Қайрат, күш, жігер арттырар
Азамат болғын шыныққан
Ондайды қолдап бақ тұрар
Іштегі терең сырды ұққан.
13.Көпшіл, ақылды , елгезек, жаны мейірімге толы, мінезі ақ жарқын , сымбатты, сыпайы, ғаламтордың құлағында ойнайтын сонымен қатар баскетбол, волейболдан мектеп мақтанышы, мектебіміздің чемпионы ашық жүзді- Рымжанов Русланды
қарсы алайық!
Өмірге самғар қанатың талмасын
Алдында еш қиянат болмасын
Арманыңның шыңына шық, балам
Өміріңе бақ бәйтерек орнасын.
14.Өзіннің әр қылығымен сыныптастарын баурай алатын алғыр ой иесі,сыпайы, кең пейіл,мінезі өте жайдарлы,сабырлықты жанына жолдас еткен жайсаң жігіттерінің бірі-Тетюцких Дмитриді қарсы алайық!
Бой жағынан келгенде барлығынан қысқасы,
Айта берсең оның таусылмайтын хиқаясы.
Білімнің асуларын бағындыруға құмарсың,
Жарқын болсын Дима сенің өмірің.
15.Көркемдігіне көз тоятың, салмақтық пен сабырлықты жанына жолдас еткен ,көңілі ашық ,көкірегі ояу,сыныбымыздың жайсаң сұлуларымыздың бірі - Мынбаева Сабинаны қошеметпен қарсы алыңыздар.
Бірге жүрген досына жанын жұлып береді,
Ең соңғысы болса да,барын бөліп береді
Айтқанына әркімнің жаныменен сенеді
Қай досына болса да адал болып келеді.
16.Ақылды,алға қойған мақсатына жетуге ұмтылатын, ізденімпаз , болашағынан үміт күттіретін, ақ халатты абзал жан болуды армандайтын , қиялшыл, сабырлы, сыныптағы ең табанды,ең аяулы қыздарымыздың бірі-Абылқасым Ақниетті ортаға шақырайық!
Үйретуге басқаға ешқашан да жалықпас,
Қашан көмек сұрасаң ешқашан да тарықпас
Қиын қыстау кезеңде жол табады ойлап бір
Алғырлығыңа бойындағы жаманшылық жолықпас.
17.Нәзік те,пейілі кең, әрбір жанға қарайтын , әрқашан да ақыл-ой сезіммен достарының жанын баурап алар жандардың бірі-Ілиясова Айдананы қарсы алайық!
Ұмтылып өнер білімге,
Қиыннан жатқан жасқанба.
Жол салып талап түбіне,
Шығарар шыңға асқарға.
18.Болашағынан зор үміт күттіретін, қазақ қызына тән инабаттылығымен көзге түсетін, ойы ұшқыр, білімі терең- Жақсыгельдинова Мөлдірді ортаға шақырайық!
Бәрінен бар хабары,
Бәрін біліп отырар.
Қиналсаңыз егерде,
Көмегіне шақырар.
Өміріңе қызық пен
Мол шуағын шашумен
Әрбір таңын артырар.
19.Асыл тастай жарқылдаған,өз ойын бүкпесіз ашық айтатын,ұйымдастырушылық қабілеті жоғары ,еңбекқор ,көз қарасы қазіргі өмір талабына сай ,ойлаған мақсатына жете алатын ,табанды мінезімен , сыныптың білгірі.
Қарсы алайық Олжабаева Мадинаны!
Асқақ арман аясында жүгіріп-ақ жүргені
Бір тамаша өзінің сөйлегені ,күлгені
Білім десе ішкен асын жерге қояды.
Мадина ,саған Ақ жол ,сәт сапар!
20.Ақылына көркі сай,үлкенге ізетпен кішіге құрметпен қарайтың,өз ісіне әрқашанда адал және ойлау қабілеті мен көз қарасы жан-жақты.Өзінің қылығымен сыныптастарын баурай алатын жүрген жерін күлкіге кенелетін сыныптастарының сүйіктісі сылқым сері – Қабдолда Ақанды қарсы алайық!
Қашан барсаң алдынан күліп қарсы алар,
Кім-кімнің болса да тілін әсте табады.
Білмейтіні оның тек жоқ десек те болады,
Қандай сұрақ қойсаң да дайын тұрар жауабы.
21.Асып саспайтын ,әр ісіне байыппен жауапкершілікпен қарайтын,көпшіл,ақылды,елгезек- Нұрмұхан Диасты қарсы алайық!
Ақжарқын да ,әдемі,ашық жүзді,
Достарынның алдында беделді.
Сыныптағы сүйкімдісің бір өзін,
Ұстаздарың тек жақсылық саған тілейді.
22.Жаны жас сәбидің көңіліндей пәк ,адал үнемі көтеріңкі көңіл күй иесі шебер қолынан келмейтіні жоқ,сыныптың еркесі- Ахметқанов Айдарды қарсы алайық!
Мақтағанды артықтау жаны қалап тұрады,
Түк білмейтін адамдай кейде жымың қағады,
Шындығына келгенде барлығын ол біледі.
Жолың болсын Айдар, сәт сапар! .
23.Көрікті, кез-келген қыздың жанын баурап алатын, байсалды, сыныптастарының көңілін табуға тырысатын – Сухомбаев Бауыржанды қарсы алайық!
Көңілі көл, білімі мол,атына арман
Өмірінің өзегі, нұры болған
Мінезің ,көркің ,тамаша табиғатың
Төрінен журектердің орын алған
1-жүргізуші:
Жетекші деген-ерекше тұлға,дара шың,
Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын.
Сарғайып кеткен альбомын алып қолына,
Шәкірттерін оңаша еске алатын-деп ортаға түлектердің сынып жетекшілері Серікбаева Динара Еркінғалиқызы және Жүнісова Мадина Талғатқызын шақырамыз!
1-жургізуші:Бүгінгі «Қош бол,ұстаз алтын ұя мектебім» атты мерекелік кешке келіп отырған қонақтармен таныстырып өтейік
1.
2.
3.
4.
5.
2-жүргізіші:Бүгінгі «Қош бол,ұстаз,алтын ұя мектебім!» атты салтанатты кешімізді ашық деп жариялаймыз
\ҚР гимн орындалады\
2-жүргізуші:
Толқимыз, толқып тұрмыз баршамыз да,
Мұндай күй болған, бәлкім баршаңызда!
Құрметті жас түлектер! Сіздерге аттестат тапсыратын салтанатты сәт те келіп жетті.Ол-алтын ұяда 11 жыл бойы бойыңызға жинаған, білім нәріне сусындағандарыңыздың дәлелі- «Қымбатты аттестат» тапсыру салтанаты.
1-жүргізуші:
Өрендер кетті,сендерден енді балалық
Тұрсындар міне,болашақ күнге жол ашып.
Кетігін елдін жетілдірер бол азамат,
Бір кірпіш болып дүниеге мына қаланып
11 жыл оқып,білімін түсті қолына
Аттестат алғалы тұрсың мектеп деген ордада
Аттестат деген –азаматтық куәсі
Аттестат деген- өмірге берген жолдама.
2-жүргізуші:
Мектеп түлектерінің аттестатын тапсыруға мектеп директоры Жанабаева Роза Абылхаятқызын және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Жақыпова Жұмагүл Жоламанқызын ортаға шақырайық./Бұйрықпен таныстыру және аттестат тапсыру/.
1-жүргізуші:Ардақты асыл мекен мектебіме
Аяулы асыл жандар көп келеді
Құрметпен қонақтарға сөз берейік
Жақсы сөз жанға нәр береді –деп құттықтау сөз кезегі құрметті қонағымыз-
2-жүргізуші:
Әлі есімде әліппені ашқаным,
Есіміңді мәңгі есте сақтадым.
Жүрегімде нұрын құйған жылылық,
Көрген емес ешқашан суынып. Мектеп бітіруші түлектердің алғашқы ұстаздары Арыстанбаева Майра Олжағалиқызына беріледі.
1-жүргізуші:
Құттықтау сөз түлектердің сынып жетекшілері атынан Жунисова Мадина Талғатқызына беріледі.
2-жүргізіші:
Ата-ана тәрбиелеп балапаның
Әлдилеп,аялаған алақаның
Болашақта бақ тілеп тұрасындар
Ойлауменен алдағы бала қамын-дей отырып сөз кезегін жас түлектердің ата-аналары атынан ата – анасы
1-жүргзуші:Мектепке келгелі достармен
Өтіпті талай жаз,талай қыс
Сондағы сыныптас достарымен
Қимастықпен тараймыз
Он бір жыл білімге үйреткен
Ұстаздарға мың алғыс -дей келе, балалық бал дәурен шақты артқа салып,үлкен өмірге қадам басқалы тұрған шәкірттеріміз атынан сөз кезегі Сапарғали Мадиярға беріледі
2-жүргізуші
Қиындықтар мойытпасын сендерді,
Батылдық пен асыңдар сан белдерді.
Біліміңмен қуантсаңдар мектепті,
Жақсы іспен қуантындар енді елді.
Қыран болып ұшыңыз,
Сұңқар болып самғаңыз.
Сіздерге жалын жүрекпен,
Айтамыз достық тілекпен,
Әрқашан сәтті жол болсын,
Сапарларыңыз оң болсын!-деп мектеп бітіруші түлектерге ақ жол тілейміз.
«Қош бол,ұстаз, алтын ұя мектебім!» атты салтанатты кешіміз жабық деп жариялаймыз.
\ҚР гимн\
1.Ұстаздар жақсылықтың жол ашары
Қолыңда шәкіртіңнің болашағы
Өмірді алға қарай өрлететін
Сендер ғой еліміздің болашағы,-дей келе , кезекті үлкен өмірге аттанғалы отырған түлектерге береміз.
.