400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ақ мысығым бар

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға әдістемелік көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Қазақ тілі Мектеп: №125 ЖББМ КММ

Ұзақмерзімді жоспар бөлімі: 6-бөлім. Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті

Күні: ___________________

Сынып: 2 Мұғалімнің аты-жөні: Өмірзақ Зарина Есентайқызы

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақ тақырыбы

9-сабақ. Ақ лағым бар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

2.1.5.1. тыңдау – көру материалындағы оқиғаларды түсіну және сипаттау.

2.2.3.1. тілдік нормаларды сақтай отырып, белгілі бір тақырыптағы әңгімеге қатысу және сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну.

2.5.1.2. сөйлеу барысында көптік/ септік/ тәуелдік/ жіктік жалғауларын қолдану.

Сабақ мақсаттары

1. Мәтінді сұрақтарға жауап беру арқылы мазмұндау.

2. Сурет, тірек сөздерге сүйеніп, әңгімеге қатысу.

Оқушылардың барлығы: сөйлеу барысында көптік/ септік/ тәуелдік/ жіктік жалғауларын қолданады.

Оқушылардың көпшілігі: тыңдау – көру материалындағы оқиғаларды түсінеді және сипаттайды.

Оқушылардың кейбірі: белгілі бір тақырыптағы әңгімеге қатысу және сұхбаттасының не туралы айтқанын түсінеді.

Бағалау критерийлері

Тыңдаған, оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді.

Тақырып бойынша әңгіме құрайды.

Сұрақ-жауапқа қатысады.

Лексикалық минимум

Қора загон, помещение для скота; лақ козленок

Грамматикалық минимум

көптік/ септік/ тәуелдік/ жіктік жалғаулары

Бастапқы білім


Қошақаным сүйкімді

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері


Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың басы

М ұғалім үй тапсырмасын «Микрофон» әдісі арқылы сұрайды. Оқушыларға микрофон ұсынылады. Қолына микрофонды алған оқушы үй тапсырмасын айтады.

Ой қозғау. Мұғалім оқушылардан қандай мал төлдері туралы білетіндігін сұрайды. Тақтаға ілінген сурет бойынша лақ туралы қысқаша мәлімет береді. Сабақтың тақырыбы – Ақ лағым бар.

Сабақтың мақсатымен таныстыру:

  • мәтін мазмұнын түсіну;

  • тірек сөздер негізінде мәтін құру;

  • сөздердің орын тәртібін сақтап, сөйлемдер құру.



Сабақтың ортасы


(МК, Ұ) Тыңдалым. Оқылым.

Мұғалім суреттерді көрсете отырып, сөйлемдерді оқиды, оқушылар соңынан қайталайды. Кейін кезектесіп оқушылар оқиды. Оқыған кезде орфоэпияның сақталуына мән беріледі.

Атам ауылда тұрады. Мынау қора. Қорада кішкентай лақ бар. Лақ ақ. Лақ сүйуімді. Мен лақпен ойнаймын. Менің лағым әдемі. Лағым ойынды жақсы көреді.


Дұрыс айт!

Жазылады: лақ Айтылады: [ылақ]

Айтылым.

Әлібектің атасы қайда тұрады? Әлібектің лағы нені жақсы көреді?

Әлібектің лағы қандай? Сенің лағың бар ма?

Лақ қайда?

Жазылым.

Мынау атамның үйі. Аулада қора бар. Қорада лақ бар. Мынау менің ақ лағым. Оның лағы. Олардың лақтары. Сенің лағың бар ма? Оның лағы жоқ.

Айтылым.

Менің лағым, алмам бар/жоқ.

Сенің лағың, алмаң бар/жоқ.

Сіздің лағыңыз, алмаңыз бар/жоқ.

Оның лағы, алмасы бар/жоқ.


Жағдаят: Сенің сүйкімді ақ лағың бар. Ол сенімен ойнайды. Досыңа лағың туралы айтып бер. Досың да саған өзінің лағы туралы айтсын.


Мына суреттегі лақтар туралы не білесің? Досыңмен диалог құрастыр.

Жаттайық!

Бөрте лақ

Шөре шөре, лағым,

Тентек болма, шырағым!

Секектеме, деміңді ал,

Селтеңдемей құлағың. Ілияс Жансүгіров

Есте сақта!

Қорада лақ бар. Менің ақ лағым әдемі. Менің лағым сүйкімді. Мен лақпен ойнаймын.


Сабақтың соңы


Үй тапсырмасы: 63 бет, әңгімелеу. 64 бет, 4-тапсырма жазу.

Рефлексия. «Сабақтан алған әсерім» стратегиясы. Оқушылар бір-бірін бағалау критерийлері арқылы бағалайды. Сабақты өте жақсы меңгерсе – «жасыл алма», жақсы түсінсе – «сары алма», ал түсініксіз болса, «қызыл алма» пішініндегі стикерді қалдырады.



Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 наурыз
592
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі