
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ақ Орда -Қазақ хандығының негізі. Қазақ хандығы: мемлекеттің саяси институттары
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ГУМАНИТАРЛЫҚ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
ТЕКСЕРІЛДІ
ПЦК төрағасы
____________ Әміртаева
Ж.Н.
"____" ___________2024ж.
ОҚУ САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ № 11
(теориялық немесе өндірістік оқыту)
Модуль /пән атауы |
ЖБП 5 Қазақстан тарихы |
||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы |
Ақ Орда - Қазақ хандығының негізі. Қазақ хандығы: мемлекеттің саяси институттары |
||||||||||||||||||
|
|||||||||||||||||||
Курс |
Оқу жылы |
Тобы |
Күні |
||||||||||||||||
|
2024-2025 |
ББ-24-9К2 |
11.11.2024 |
||||||||||||||||
|
|
МД-24-9К |
|
||||||||||||||||
|
|
|
|
||||||||||||||||
Сабақ түрі |
Теориялық |
||||||||||||||||||
Мақсаты: - Студенттерді Ақ Орда мен Қазақ хандығының құрылуы, олардың саяси құрылымы мен мемлекеттік институттары туралы мәліметтермен таныстыру. - Қазақстан тарихындағы маңызды саяси оқиғалар мен тұлғалардың рөлін түсіндіру. - Қазақ хандығының саяси институттарының тарихи дамуына сараптама жасау. Міндеттері: Студенттерге Ақ Орда мен Қазақ хандығының құрылу тарихын, олардың саяси құрылымын, және мемлекеттік институттарын түсіндіру. Студенттердің тарихи оқиғаларды талдау және оларды қазіргі заманмен байланыстыру қабілеттерін дамыту. - Саяси институттардың құрылымы мен қызметтерін сараптай білуге үйрету. |
|||||||||||||||||||
|
|||||||||||||||||||
- Ақ Орда мен Қазақ хандығының тарихын және саяси құрылымын біледі. - Қазақ хандығының саяси институттарының ерекшеліктерін түсінеді. - Қазақстанның тарихи дамуына әсер еткен саяси оқиғаларды талдай алады. |
|||||||||||||||||||
4. Қажетті ресурстар |
|||||||||||||||||||
Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер |
1.Дүние жүзі тарихы Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық- гуманитарлық бағытындағы 10-сыныптарға арналған оқулық. Алматы: Мектеп, 2019 ж. |
||||||||||||||||||
Техникалық құралдар, материалдар |
Смартфон, ноутбук |
||||||||||||||||||
5. САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ |
|||||||||||||||||||
Сабақтың басы Ұйымдастыру кезеңі 3-5мин |
топтың сабаққа дайындығын тексеру, келмегендерді белгілеу, сабақтың жоспары мен мақсатын хабарлау, тақырып бойынша білімнің осы мамандық үшін маңыздылығын анықтау |
||||||||||||||||||
Білім алушылардың білімін тексеру 15-20мин |
Әуенді музыка әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау 1.Шыңғыс хан қай жылы дүниеге келді 2.Шыңғыс ханның неше ұлысы болды 3.Моңғолдар қай жерді мекендеген 4.Яса дегеніміз не 5.Түркі империясының мұрагерлері 6.Бірінші түрік қағандығы 7.Түркілердің руы |
||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы Жаңа тақырыпты түсіндіру 40-45мин
Тапсырмалар 15-20мин
|
Жоспар: 1.Ақ орда ұғымы. 2.Хан және хан билігі 3.Билер мен батырлардың билігі.
Ақ Орданың пайда болуы қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуына алғышарттар тудырды. Зардыхан Қинаятұлы: «Ақ Орда мемлекеті қазақтың алғашқы мемлекеті ғана емес, қазақ халқы, оның ұлттық ой санасы қалыптасуының ұйытқысы (концентрат) болып табылады» [1] деп оның қазақ тарихындағы орнын айқындайды. Ғалымның олай айтуының себебі қыпшақ тайпалары үстемдік құрған Дешті Қыпшақ Даласына моңғолдардың келуі орасан өзгерістер туындатты. Сырдың бойында жағалай орналасып, «ел-бөрілі» руынан басшысын сайлап отырған қыпшақтар енді «Шыңғысхан» әулиетіне бағынышты болды. 1206 жылы күллі моңғол тайпаларын біріктіріп «Шыңғысхан» атағын алған бөржігін тайпасынан шыққан Есугей батырдың ұлы Темірші 1224-1229 жылдар аралығында Қазақстан мен Орталық Азия жерлерін жаулап алды. Шыңғысхан бұл жорыққа өз вассалдарының жасақтарымен қоса жалпы саны 150 мың адамы бар қалың қол жіберді. Әскери жорық 1219 жылы қыркүйекте Ертіс жағалауынан басталды. Өзінің әскерін үш топқа бөлген Шыңғысхан бір бөлігін Отырарды алу үшін ұлдары Шағатай мен Үгедейге қалдырды, үлкен ұлы Жошы мен Жебе ноян бастаған екінші бөлігін Сырдарияның төменгі ағысына аттандырды. Өзі кіші ұлы Төлемен бірге Бұқараға бет алды [2, 37]. Әлемді бағындыруды мақсат тұтқан моңғол билеушісі шабуылға аттанған өзінің ұлдары мен нояндарына қарсылық танытпаған қалаларға қиянат көрсетпеуге, ал өз отанын жатжұрттықтардың билеуіне көнбеген елді күшпен бағындыруды бұйырды. Осының нәтижесінде Қазақстан территориясында қираған қалалардың саны көбейді. Себебі жергілікті халық өз отанын, елін, жерін жаудан қорғауға барын салды. Алайда бұған дейін көптеген көшпелі тайпаларды қырып келген моңғолдар күші жағынан да, саны жағынан да басым еді. Нәтижесінде ортағасырлық атақты сауда орталықтары болған Отырар, Баласағұн, Сығанақ, Ашнас секілді қалалар жермен жексен болды. Шыңғысханның үлкен ұлы Жошы қаланы шаппас бұрын ең алдымен жергілікті ұйғыр саудагері Хасан қожаны қала тұрғындарын берілуге көндіру үшін, Сығанаққа жібереді. Бірақ Сығанақтықтар сатқын Хасан қожаны өлтіріп, өздері жауға қарсы күреске шығады. Жошының әскерлері қаланы қоршап алады. Қала халқы жеті күн бойы берілмей, қарсыласып бағады. Бірақ күші басым Жошы қаланы басып алып, халқын қырып-жойып, қаланың күл-талқанын шығарады [3]. Д′Оссонның келтірген А.М. Жувейнидің мағлұматы бойынша: «Жошы Сығанақта тірі жан қалдырмаған» [4, 116]. Алайда З. Қинаятұлы бұл ақпаратқа күмән келтіріп: «Егер тірі жан қалмаған болса, Жошы Хасанның ұлын кімдерге басшы етіп Сығанақта қалдырды. Одан гөрі «...Ихэд алж...» немесе «көп адамды қырды» делінетін моңғол тарихшысы А.Амардың пікірі сенімдірек естіледі» деген қорытындыға келеді [5]. Екі мың жылдық тарихы бар – Қаңлылардың, Қыпшақ хандығының, Ақ Орданың, Әбілхайыр хандығының, Қазақ хандығының астанасы болған Сығанақ туралы алғашқы мәлімет 982 жылы түзілген «Худуд ал-Алам мин ал-Машрик ила-л-Магриб» («Шығыстан батысқа дейінгі әлем шекаралары») атты авторы белгісіз еңбекте «Сунах» атымен [6, 130] алғаш белгілі болды. Мұнда протоқазақтық Кимек мемлекетінің аймақтарымен қалалары туралы жазылған. Х ғасырда өмір сүрген араб географы аль-Мукаддаси (Макдиси) Сығанақты Отырар мен кіндігі бір егіз қала деп көрсеткен. Сығанақ пен Отырардың ара қашықтығы 24 фарсах (160 км) [7, 229]. Ал ХІ ғасырда қаланың Сығанақ деген аты атақты ғұлама түркі тілінің маманы ғалым Махмут Қашқаридың “Түркі тілінің сөздігі” деген атақты еңбегінде жазылған. ХІ-ХІІ ғасырларда Қараханид мемлекетінің кезіндегі жазба деректердің барлығында қаланың аты жаппай кездесіп отырады [8]. «Сығанақ» атауы ежелгі түрік тілінде «Қамал, қорған» деген мағынаны білдіреді. Ол ежелгі түркі-қалаларының бірі. Мұсылман деректерінде Сығанақ «Дарь-уль-Куфр» немесе «дінсіздердің ордасы» атанып келді. Өйткені Сығанақ ХІІ ғ. соңы ХІІІ ғ. басында әлі де мұсылман дінін қабылдай қоймаған, тәңірге табынған көшпенді қыпшақ хандығының шығыс астанасы болатын. Абдулла-намеде Сығанақ туралы «Ол ежелден бері қыпшақ (қазақ) хандарының астанасы» деп жазады [7, 229]. Хорезм шах Атсыз (1127-1154) және Ала ад-Дин Мухаммед дінсіздерді бағындыру үшін Сығанаққа бірнеше дүркін жойқын жорықтар жасап ақыры Сығанақ билеушісімен бейбіт келісімге келді. Нәтижесінде Сығанақ Шығыс қыпшақ даласындағы гүлденген қалалардың біріне айналды. «Худуд-аль-Аламда» Cығанақ деиірменінде тартылған ұн әлемнің шартарабына таратылатыны туралы жазылған . Сонымен хан дегеніміз, қазақ мемлекетінің билеушісі, хандықтың басшысы. Бұл билік атадан балаға мұра ретінде қалып отырды. Ханның негізгі қызметі мен өкілділігіне тоқталсақ: саяси- экономикалық мәселелерді шешумен қатар өз атынан бұйрық шығарып отырған. Ел басқаруда өз кеңесшілеріне сүйенген. Жаугершілік соғыста қол басқарған. Қазақ хандарынан кімдерді білеміз? Қазақ хандары. Алаша хан, Уыз хан, Жошы хан,
Қазақ хандарының бойында
қандай қасиеттер болған?
Қазақ хандары елін, тұған жерін
құрметтеген, игі жақсылықтарды сыйлаған.Отанын
сыртқы жаудан қорғаған.Елі үшін өмірінде
қиған.
Қазақ билерінен кімдерді білеміз?
Ақылы асқан әз Тәуке Қазақ билері Төле
би, Қазыбек би, Әйтеке би Шешен - ақылды, заңгер, ойшыл, дана,
көреген, елші.
Ұлы билер -«Қарлығаш әулие», «Қарлығаш би» атанған.
Қазыбек би
Әйтеке би (Айтық)
болар еді.
Азаттық үшін күрескен Бөгенбай батыр 1710-1757жж. Қабанбай батыр 1706-1781жж. Наурызбай батыр 1680-1778жж. Баян батыр 1691-1769жж.т.б.
1-тапсырма- сәйкестендіру
2-тапсырма.Оқушылар постер қорғайды. 1-топ.Хандар. 2-топ.Батырлар. 3-топ.Билер,балықтың қаңқасы бойынша |
||||||||||||||||||
6. Сабақты бекіту (Сабақ бойынша бағалау- өлшеу материалдары, бағалау парақтары, жұмыс дәптері (қағаз және электрондық форматта) 10мин |
|||||||||||||||||||
Пән дәптері, оқулық, World Wold платформасымен қорыту 1. Қазақ хандығы қай жылы құрылды 2. Қазақ хандығының құрылуының алғы шарттары 4. Қазақ хандығының алғашқы треториясы 5. Қазақ хандығы кезіндегі 3 би |
|||||||||||||||||||
7. Сабақ бойынша рефлексия 5-7мин Кері байланыс «Бұл сабақты оқып, мен…» Білмеймін ....... Білемін ..... Түсінемін ..... Түсінемін және қолдана аламын ... Басқа біреуді үйрете аламын ..... |
|||||||||||||||||||
|
|||||||||||||||||||
8. Үйге тапсырма 2-3мин 1. Аға және кіші хандар билігі.
|
|||||||||||||||||||
9. Дайындаған педагог |
|||||||||||||||||||
Гафур М.Б ________________ Т.А.Ә. (қолы)
|

