«Харизматикалық
шешен» тренингі
1-деңгей: «Сөздерді
суырып салып айту»
Аңдатпа:
Тренинг
көпшілік алдында сөйлеуден қобалжып қорқудан арылуға бағытталған:
сіздің тыңдарман қауымның көңілін аулап, энергетиканың жағымды
деңгейінде сөйлеп, дене қимылын және дауыс ырғағын, көзбен түйісуді
белсенді әрі орынды қолданып, кез келген тақырыпқа сөз сөйлеуді
еркін бастап, қобалжымауыңызға бағытталған.
Сізді тыңдап, сөздерді суырып салу
шеберлігіңізбен тамсану үшін!!!
Сіздің сөйлеуіңіз ашық, қызғылықты,
жанды, қызығушылық тудыратын, харизматикалық болуы
үшін!!!
Аудитория:
Көпшілік
алдында сөйлеуге (өз қызметтерімен таныстыруға, клиенттермен/сатып
алушылармен/әріптестермен қатынастарын орнатуға) тиісті жандардың
барлығы: басшылар, орта буын менеджерлері, сату жөніндегі
менеджерлер, кеңесшілер, оқытушылар, жаттықтырушылар...
Мақсаттары:
-
Көпшілік
алдында сөйлеу қорқынышын /еркінсіздігін жою.
-
Сөз
сөйлеу табыстылығы қандай параметрлерден тәуелді екені туралы нақты
түсінік қалыптастыру.
-
Оқыту
аяқталғаннан кейін күнделікті өмірде дамуға мүмкіндік беретін
өзін-өзі оқыту тетігін қосу.
Жоспарланған
нәтижелері:
-
Көпшілік
алдында сөйлеу кезінде (клиенттермен/сатып алушылармен байланыс
орнату кезінде) жеңіл, сенімді, ыңғайлы, байсалды қалыпта
болу.
-
Қалай
тұру керек, дене қимылын қалай жасау керек, залға қалай қарау
керек, өзінің дауыс аппаратын қалай дайындау керек, аудитория
ішінде қалай қозғалу керек, тыңдаушылар қызығушылығын, шабытын
қалай жандыру керек, залдан қойылған сұрақтарға қалай жауап беру
керек... осылар туралы нақты түсінік қалыптастыру.
-
Негізгі
қалыптасқан кемшіліктермен жұмыс істеу: паразиттік сөздер,
паразиттік дене қимылдары, біркелкілік, тыңдаушылармен байланыстың
жоқтығы және т.б.
-
«ақсүйектер сұхбаты» дағдысын аудиториямен және сіздің
қызметтеріңізді сатып алушы болуы ықтимал адамдармен қатынасты
(мысалы, сату кезінде) орнату үшін
пайдалану.
Тренингті өткізу
нысаны:
Пішімі
бойынша бұл максималды тәжірибелік тренинг:
90% – тәжірибе: қатысушылар топтың
алдында, жұптар, үштіктер, кіші топтар алдында сөз сөйлеп,
дағдыларын жаттығуларда жұмыс жасап жаттықтырады.
10% – теория: дағдыларды көрсету, нәтижелерді талқылау, сұрақтарға жауап
беру.
Тек қана ең үздік
жаттығулар!
Семинар 40% -ға риторикалық,
актерлік, шешендік өнер, дауыс-сөйлеу тренингтерінен алынған ең
үздік жаттығулар топтамасынан құралған.
20% -ға
тәжірибелік психологияның қазіргі заманғы бағыттарынан алынған
құралдар жинағынан құрылған.
Және
тағы да 40%-ға ерекше авторлық жаттығулар
мен техникалар.
Семинардың бірінші минуттарынан бастап ашық, жағымды орта
қалыптасады, ондай ортада өзіңді еркін сезініп, күнделікті
жағдайдан ерекше ұстауға әбден мүмкіндік!
Тренингтің ұзақтығы
Қалыпты
бағдарлама: 14 сағат
Тренингтің
мазмұны (бағдарлама)
Тақырыптар
|
Блоктың мазмұны
|
Сауатты кеңестер
|
Теория:
·
Бір-біріңмен кері байланыс орнатуды сауатты
жасау (басқалар үшін шешендік өнерден
қалай жақсы жаттықтырушы болуға болады).
Тәжірибе:
·
Кері байланыс орнату дағдысын қолданып, өзін-өзі
қысқаша таныстыру .
*** Оқыту
аяқталғаннан кейін күнделікті өмірде шешендік дағдыларды дамыту
жалғасу үшін өзін-өзі оқыту тетігін қосамыз.
|
Сөйлеу
энергетикасы
|
Теория:
·
Энергетика
туралы. Өлшем межелігі.
Әр түрлі деңгейлерді көрсету. Жоғары/төмен энергетиканы не жасайды. Энергетиканың әр түрлі деңгейлерінде жұмыс істеуді
көрсету.
Тәжірибе:
·
Энергетиканың әр түрлі деңгейлерінде жұмыс істеу
дағдысын меңгеріп алу.
·
Жоғары энергетикада
жұмыс істеу дағдысын меңгеріп алу (шабыттандыратын сөз, ұран сөз).
·
Жоғары энергетиканың көмегімен көшбасшылықты
қағып алу дағдысын меңгеріп алу.
*** Осы блокта
көпшілік алдында сөз сөйлеу қорқынышы 50%-ға жойылады.
|
Сөйлеу
техникасы
|
Теория:
·
Қысқаша дәріс: шешеннің сөз сөйлеуіндегі қандай параметрлерге көңіл бөлу
қажет (бірінші 6
параметрлер).
*** Курстың
нәтижесінде семинар қатысушыларының ойында шешендік өнердің негізін
құрайтын 10-12 параметрлерден құралған
матрица есте қалады
|
Көпшілік алдында тұру
қалпы
|
Теория:
·
Шешеннің негізгі дене тұрысы.
·
Қолдарды ұстаудың базалық күйі.
Тәжірибе:
·
Шешеннің негізгі дене тұрысын денемен есте
сақтаймыз.
· Қолдарды
ұстаудың базалық күйінің әр түрлі нұсқаларын жаттықтырамыз. Өзіміз
үшін ең қолайлы күйді табамыз.
|
Сөздерді суырып салып
сөйлеу
|
Теория:
·
Демонстрациялау. Жеңіл әрі спонтанды суырып салуға
мүмкіндік беретін тәсілдерді қарастыру.
Тәжірибе:
·
Сөздерді суырып салып сөйлеу дағдысымен жұмыс
істеу (2 рет).
·
«соңғы сөз бойынша суырып салу» тәсілін меңгеріп
алу.
· Көзбен
түйісуді сақтай отырып, суырып салу дағдысын меңгеріп
алу.
|
Өзіңе өзің сенімді болу
|
Теория:
·
«Толқуды басатын тәсілдер» орта толсыны.
Тәжірибе:
· Топтың
қасақана істеріне қарамастан тыныш қалыпты сақтау дағдысын меңгеріп
алу.
|
Қарсылықтармен жұмыс жасау
(күрделі
сұрақтар)
|
Теория:
·
Демонстрациялау.
Тәжірибе:
·
Күтпеген сұрақтарға жауап беру кезіндегі
эмоционалдық тұрақтылықты жаттықтырамыз.
· «Бет-әлпетті
сақтап» күрделі сұрақтарға жауап беру дағдысын меңгеріп
аламыз.
|
Дене қимылымен жұмыс
жасау
|
Теория:
·
Дене қимылымен ымдау кезінде не нәрсеге көңіл
бөлу қажет.
Тәжірибе:
· «Сөйлейтін» және
«коммуникациялық» ымдарды меңгеріп алуға жаттығу жасау.
|
Актерлік шеберлік
|
Тәжірибе:
·
Әр тұрлі рөлдерге кіру арқылы сөз сөйлеуіңнің
стилін өзгерту (5 рөлді меңгеріп
аламыз).
·
агрессивті-басқыншылық сипатта сөз сөйлеу
дағдысын жаттықтыру (заланған бастықтың
рөлі).
|
Дауыспен жұмыс жасау
|
Теория:
·
Өз даусыңа жақсырақ ие болу
тәсілдері.
Тәжірибе:
·
Бет-әлпетке арналған гимнастика.
Дауысқа арналған жаттығу.
·
Дауыс бойынша ілесіп қосылу (телефон
арқылы сөйлескенде).
· интонациялық / эмоционалдық байлықты
дамытуға 2-3 жаттығу.
|
Сөздерді сурып салып
айту
|
Теория:
·
Демонстрациялау. Барлығын барлығымен байланыстыратын екі негізгі
стратегияны қарастыру.
Тәжірибе:
· Суырып салу
көмегімен ағымдағы тақырыптан шешенге қажетті тақырыпқа ауысу
дағдысын жаттықтыру.
|
Көзбен түйісу
|
Теория:
·
Көзбен түйісу: қыр-сыры…
Тәжірибе:
· тыңдаушылармен
берік көз түйісуді орнатып, ұстай білу дағдысын меңгеріп
алу.
|