400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Ақ қоян қонаққа келді»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Білімділік: Балаларға қоян туралы түсіндіру. Орман туралы білімдерін кеңейту. Дамытушылық: Сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: балаларды мейрімділікке жәнеде қонақжайлылыққа тәрбиелеу. Көрнекіліктер: Қоянның суреті, үлестірмелі материалдар ыдыста желім, жайма (төсеніш), майлық (сүлгі), табақшада түрлі-түсті үшбұрыштар кескіндер.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі

Күні, айы, жылы: 03.11.2023 ж.

Білім беру саласы: Кіріктірілген оқу қызметі

Тақырыбы: «Ақ қоян қонаққа келді»

Мақсаты:

Білімділік:  Балаларға қоян туралы түсіндіру. Орман туралы білімдерін кеңейту.

Дамытушылық: Сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілеттерін дамыту. 

Тәрбиелік: балаларды мейрімділікке жәнеде қонақжайлылыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Қоянның суреті, үлестірмелі материалдар ыдыста желім, жайма (төсеніш), майлық (сүлгі), табақшада түрлі-түсті үшбұрыштар кескіндер.

Шаттық шеңбері

Ал балалар тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Алдыменен бәріміз,

Амандасып алайық.

Ыстық алақаныммен,

Қолыңды бер қысайын,

Амандасып өзіңмен,

Құшақтасып алайын.

Сәлем! Сәлем! Сәлем! Ал енді бәріміз тілектер айтайық.

- Деніміз сау болсын.

- Ақылды болайық!

- Дос, тату болайық‼


Балалар мен қазір сіздерге жұмбақ жасырамын жұмбақтың жауабын шешейікші.

Көлеңкесінен қорқып безектейді

Ал оның баласын көжек дейді.

Балалар: Қоян

Тәрбиеші: - Жарайсыздар балалар, бұл қоян.

Балалар тақтаға назар аударайықшы.

-Бұл қандай аң? ( Жабайы аң)

-Ол қайда мекендейді? (Орманда )

-Қоянның баласын қалай атаймыз? (Көжек)

-Қоян немен қоректенеді?


Ғажайып сәт.

Балалар, бізге қонақ келген сияқты, есікті біреу соғып тұрған секілді.

(Секіріп қоян кіріп келеді)

Қоян:

Сәлеметсіздер ме, балалар!

Балалар:- Сәлеметсіз бе, қоян!

Қоян:

-Балалар маған көмектесіңдерші, мамам маған сәбіз әкел деп дүкенге жіберді, мен сәбіз әкеле жатырып мына әдемі таяқты көріп онымен ойнап жүргенде сәбіз толы себетті қайда қойғанымды білмеймін. Сөйтіп сіздерге келіп қалдым. Сіздер маған сәбізді табуға көмектесіздер ма?

Тәрбиеші:

Сәлеметсіз бе қоян! Қош келдіңіз, біз сіз туралы айтып жатырған едік. Балалар біз қоянға көмектесеміз ғой иа?

Балалар: Иа

Тәрбиеші: Қоян қазір біздің балалар сәбізді түрлі түсті қағаздан жапсырып береді.

Балалар келіндер бәріміз бірінші қоянның көңілін көтеріп алайық.

Сергіту сәті:

Ұзын құлақ, сұр қоян

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы-қырлы жерлермен,

Ытқып-ытқып жүгірді.

Қарап еді артына,

Қыйығын сап көзінің

Келе жатқан томпаңдап,

Көжегі екен өзінің.

Жапсыру амалдарын көрсету.

  • Балалар, мен үшбұрышты жайма үстіне аударып, шеттерінемжелім жағамын. үшбұрышты мына салынған қағазымыздың дәл ортасына сұлбасына сәйкестеп салып, жапсырамын. Үстінен майлықпен басып, желімін сүртіп аламын. Содан соң сәбізіміздің жапырақтарын жапсырамыз да,үстінен майлықпен басып, желімін сүртіп аламын.


Жапсыру амалдары тәртібін қайталау.

  • Балалар, үшбұрыш қағазды желімді қай жерлеріне жағамыз? Иә. Шеттеріне.

  • Желімді жағып болғаннан кейін, оны қайда қоямыз? Иә.Жарайсыңдар, балалар.

  • Балалар сәбізді үшбұрыштан жапсырып болсақ кезде бір-бірімізді итермей, себеткетке кезекпен келіп саламыз.

Тәрбиеші: Қоян орманда тауып алған сиқырлы таяғыңды бере тұршы, балалардың жапсырған сәбізін сиқырлап жіберейік. «Бір,екі, үш сәбәзіміз піс»

(Себет толы сәбізді қоянға береді)


Қоян:- Ой рахмет, жақсы балалар екенсіңдер маған көп көмектестіңіздер. Олай болса мен жүрейін, үйіме тез жетейін.


Қорытынды.

Олай болса балалар біз бүгін қандай тақырыпта сабақ өткіздік?

-Қоян қандай аң екен?

-Ол қайда мекендейді екен?

-Қоян немен қоректенеді?

-Қоянға қалай көмектестік?

-Сәбіз қандай көкөніс?

Жарайсыздар балалар! Бүгінгі сабаққа жақсы қатыстыңыздар.(Мадақтайды)





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
29.11.2023
266
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі