400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ақ шаш В.Сухомлинский

Материал туралы қысқаша түсінік
ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әдебиеттік оқу 3 сынып 01.02.2018 ж.

Мақсаты: 2.2.3.1 Мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау. .




Күтілітін нәтижелер

Мәтінін мазмұнын түсініп, ой түйінін таба біледі.

Жаңа сөздер:

Үш тал, басына өрмелеп,тербеліп тұрған, мәпелейсің

Сабақта қолданылатын материалдар:

Плакат, маркерлер, парақ, түрлі түсті қарындаштар мен фломастерлер, смайликтер.интербелсенді тақта.

Оқыту әдістері:

Түсіндіру, сұрақ-жауап, «шаттық шеңбері» тренингі,«Жобалау стратегиясы» топтық жұмыс, сергіту жаттығуы, жағдаяттық тапсырмалар

Дереккөздері:

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар,әдебиеттік оқу

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалім «шаттық шеңберін» құрғызып, ынтымақтастық атмосферасын орнату үшін -Балалар, сендер қарым-қатынас барысында бір-біріне қандай жақсы тілектер айтасыңдар?-деп сұраймын.

Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтады.

І.Қызығушылықты ояту



1 Екі ананын суреті.Бірі ақ шашты, екіншісі қара шашты.

-Суреттен кімдердің суреті бейнеленген?

-Екеуінің айырмашылығы неде?

-Адамның шашы неден ағарады?

Барлық адамның жасы ұлғайғанда шашы ағарады, бірақ аналарымыздың шашына ақ ерте түседі екен. Себебі аналар балаларын үнемі ойлап жүреді, уайымдайды.

Неге шаш ағарады? Неге кірпік, неге қас ағармайды?

-Шашты ағартпаудың жолдары бар ма?

-Ендеше, қалай ойлайсыңдар біздің сабағымыздың тақырыбы қандай?

Бүгін біз В.Сухомлинскийдің «Ақ шаш» атты шығармасымен танысамыз.

Тақырыбы В.Сухомлинский «Ақ шаш»

Мақсаты

Орыс жазушысы В.А.Сухомлинский туралы қысқаша мағлұмат беру.

В:А.Сухомлинский Украина Республикасында дүниеге келген. Украина халқының атақты ұстазы,жазушы.

Оның басқа қандай шығармаларымен таныстық? «Қатқан нан», «Нағыз адам»

Оқушылар тамашалайды, сұрақтарға жауап береді, тақырыпты ашады.







Ең сезімтал шаш жүрегімізге жақын қабылдап, шаш арқылы сыртқа шығады.

ІІ.Мағынаны түсіну



















1. «Жобалау стратегиясы»

Әр топқа тапсырма әңгімеден үзінді беру, оны оқушылар ары қарай жалғастырып, оқиғаның немен аяқталғанын өз ойымен жеткізеді (үзіндіні жалғастырады)

1 топ

Миша шешесінің басынан үш ақ тал шаш көрді. Бірнеше күн өткен соң шешесінің басына төрт тал ақ шаш түскенін байқайды...

2 топ

Ананың жүрегі ауырса, шашы ағарып кетеді

-Жүрегің неден ауырады, ана?....

3 топ

Миша үнсіз ойланып ұзақ отырды.Содан соң шешесіне келіп, оны құшақтады да....

Оқулықпен жұмыс

2. Мәтінмен жұмыс.

Оқылым.Тыңдалым Оқулықтағы әңгімемен танысамыз.

Мәтінді таладау

1Әңгіменің кейіпкерлері кімдер?

1 Миша анасының басынан не көрді?

2 Анасының алғашқы жауабы қандай болды?

3.Миша неге ойланып қалды?

4. Аналардың шашы ағарады,неге деп ойлайсындар?

Дескриптор

1.Мәтін негізінде сұрақтарға жауап береді;

2.Мәтіннің мазмұнына сәйкес негізгі ойды анықтайды.

Дәптермен жұмыс ,картаны толтыру




Сергіту сәті

-Осы ана махаббаты туралы тағы бір өлеңмен танысайық.

Ол «Мәпелейсің мені анам» өлеңі.

Оқушылар тізбектеп өлеңді оқиды.

Әр топтан оқып шығады.

1топ

1топ

Өлеңді толықтырыңдар

............. сыйлаймын

............. тыңдаймын

............. аламын

...............боламын

2топ

Журекке аналарға арнап тілек жазады


3 топ іс қимыл арқылы аналары балаларын қалай еркелетеді

Жеке жұмыс
















ІІІ. Бекіту

«5 жолды өлең» Синквейн слайд

Зат есім Кім? (1 сөз) Ана

Сын есім Қандай? (2 сөз) ақылды, мейрімді

Етістік Не істейді? (3 сөз) Еркелетеді,уайымдайды,қуанады.

Қорытынды ой(4 сөз) (Ана- ардақты асыл жан)

Тәрбиешім

Мұғаліммен бірге 5 жол өлең құрайды.

ІV. Бағалау

Сабақ бойы жинаған жұлдызшаларды санайды.



V.Үйге тапсырма

«Мәпелейсің мені анам» өлеңін жаттау



VІ.Рефлексия

Оқушылар стикерге жазады










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 қараша
687
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі