400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ақ сүт беріп аялаған аналар

Материал туралы қысқаша түсінік
аналар мерекесіне арналған ашық тәрбие сағаат
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Ақ сүт беріп аялаған аналар!»

Мақсаты: а)Ананың балаға деген махаббатының шексіздігі, оның арман-тілегі туралы түсіндіру

ә)Отбасындағы ана мен бала арасындағы қарым- қатынасты нығайту, оқушының шығармашылық ойын, тіл байлығын, сөздік қорын дамыту, балалардың аналарға деген сүйіспеншілік сезімін ояту

б)Ана еңбегін ардақтап, құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілік: Ана туралы нақыл сөздер,оқушылардың аналарына жасаған сыйлықтары..

Сабақтың барысы:

Кіріспе.

Мұғалім сөзі:

Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Мен ана деген сөзді қанша айтсам да жалықпаймын. Өйткені ол дүниедегі ең ардақты жан. Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп аяғынан тік тұрғызады. Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын сіңіретін, жылауын қойғызатын ана. Ана баланың амандығын бақытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Қайран ана, өз перзентін әдемі не ұсқынсыз, ақылды не ақымақ, мейірімді не рақымсыз, кесір-қырсық болса да бәрібір шексіз сүйеді. Дүниеде ананың көз жасынан салмақты, одан ауыр таразы басын басатын ештеңе жоқ. Өйткені ананың көз жасы өзінің киесімен ауыр. Алайда «Ананың көңілі-балада, баланың көңілі -далада» демекші, өзінің перзентік борышын ұмытқан, сөйтіп ата-анасын сыйламайтын адамдарды да өмірден кездестіруге болады. Ана-тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Анасы жоқ балалар да аз емес. Олар ананың мейірімін, аялағанын ешқашан сезген емес. Ендеше, анамызды сыйлап, құрметтейікші достар!

1-жүргізуші:

Армысыздар, аналар, ұстаздар, қыздар! Міне, жыл аралатып көктемнің алғашқы күндерімен келетін 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті.

1910 жылы Данияда Копенгаген қаласында революционер әйелдердің халықаралық конференциясы өтті.

Мінбеге Клара Цеткин шықты Ол ақ шашты қара көзді орта жастағы адам еді

Біз күреспен қол жеткізген осы мерекені жыл сайын 8 наурыз күні атап өтейік . Бұл барша әйел қауымының мерекесі болсын деген ұсыныс айтты. Ұсыныс бір ауыздан қабылданып 8 наурыз халықаралық әйелдер күні болып қабылданды.

Жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған, өсер ұрпағына құндақтағы шағынан ізгіліктің дәнін еккен аналар мерекесі бұл.


Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталды

Сен деп жаздым алғаш өлең-дастанды

Қуандым ба, өзің бар деп қуандым,

Жыладым ба, өзің жоқ деп жас тамды.

Бәрі де, ана бір өзіңнен басталды.


Жүргізушілер бірге, әндете:

Ел жатқанда жатпаған,

Мен деп тыным таппаған.

Бақыты үшін баланың,

Аман-сау жүр, Ақ мамам!-

1-жүргізуші:

-Мектеп табалдырығын алғаш аттаған кезден-ақ, апайларымыз осы әнді үйретуден бастады емес пе?

2-жүргізуші: -Рас айтасың, .

Бұл жадыңда мәңгі сақталар әндердің бірі емес пе?!

1-жүргізуші: Армысыздар, аналар, ұстаздар, қыздар! Міне, жыл аралатып көктемнің алғашқы күндерімен келетін 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешек


жалғаған, өсер ұрпағына құндақтағы шағынан ізгіліктің дәнін еккен аналар мерекесі бұл.

Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталды

Сен деп жаздым алғаш өлең-дастанды

Қуандым ба, өзің бар деп қуандым,

Жыладым ба, өзің жоқ деп жас тамды.

Бәрі де, ана бір өзіңнен басталды.

Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды

Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,

Жасқандым ба, тек өзіңнен жасқандым.

2-жүргізуші: Қош келдіңіздер, құрметті аналар! 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын! Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық, өмірдің шапағатын тілейміз. Бұл күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын. Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер.


Бүгінгі мерекелік құттықтау сөз ---------

Мұғалім:

Қазірет пайғамбарға бір адам келіп:

-Мен бір зор күнә істедім. Енді мен үшін тәубе ету мүмкін бе?-деп сұрайды.

Сонда пайғамбар:

-Анаң бар ма? -деп сұрайды.

-Бар,-дейді әлгі адам.

-Онда анаңа қызмет көрсет,-деген екен пайғамбар. Олай болса шәкірттеріңіздің аналар жайлы өлең шумақтарын тыңдайық.

(Арнау өлеңдер оқылады).


1-оқушы мухлиса

Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың.

Өміріме нәрін берді ақ сүтің,

Кең құшағың аясындай гүл бақтың.

Ер жеткізіп елге берген баласын,

Ақылдысың, ардақтысың, данасың!

Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,

Қайратыңнан қайта көрме, анашым.


2-жүргізуші:

Анам менің, асылым, лағыл әнім,

Кең кеудеңе гүл болып тағыламын,

Жұлдызындай көгінде жағыламын.

Алыс кетсем аңсаймын сағынамын,

Анам менің, асылым, лағыл әнім.

Ән: «Менің анам алтын » Рамазанның орындауында

1-жүргізуші:

Әркімнің де өмірден аласы бар,

Аласы бар адамның анасы бар.

Мерекесін құттықтап аналардың,

Ән жолдайтын аналардың баласы бар.

Ән: « » Мейрамбектің орындауында


2-оқушы: Шахзод

Дүниедегі ең кемеңгер дананы

Ана тауып, аялайды, бағады.

Сол үшін де құдіретіне бас иіп,

Құрметтейік қасиетті ананы.

.

1-жүргізуші: «Әйелдер адамды бесігімен баулиды... Өмірдің іргетасы солардың қолымен қаланады».

2-жүргізуші: «Адамдар-әрқашанда өз аналарының перзенттері. Ана болмаса ақын да, батыр да болмайды».

1-жүргізуші: Хадистерімізде Мұхаммед Пайғамбарымыз: «Жәннәт-аналардың аяғының астында» деп айтқан екен. Ислам діні әйелдерді ерекше құрметтейді. Егер де бір үйде қыз бала дүниеге келсе, береке, молшылық, бейбітшілік болады, ата-анасына қуаныш әкеледі дейді.

2-жүргізуші: Жанұяның жылуын суытпай, тал бесікті тербей отырып, тебірене толғар бесік жыры арқылы аңыз ертегілері мен жақұт жырлары арқылы ұрпағының бойына адамдық қасиеттерді дарытып отырған аналардың құдіретті сезімдеріне арналған әсем әнді қабыл алыңыздар.

Элмираның орындауында « Сен жоқсың » әні.

3-оқушы: Шерзод

Десек те уақытпен жарыспайды,

Қиялға қиялменен қарыштайды.

Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,

Өнерін аналарға бағыштайды.

.4- оқушы: Муслим

Наурыз – сәуірдің егізі,

Наурыздың бүгін сегізі.

Ең қымбат гүл – адамның

Анаға айтар лебізі.

Анасыз бір жоқ күнің.

Ұсынамыз біз бүгін

Жырдың сұлу шоқ гүлін.

2-жүргізуші:

Көңілің Алатаудың ақ қарындай,

Мейрімің күннің шуақ шақтарындай.

Қалайша аяулы ана тына алармын

Ән болып сағыныштан ақтарылмай.

Элмираның « Әже » әнін қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші: «Отбасы-шағын мемлекет» деген сөз бар. Ынтымағы келіскен, түтіні түзу ұшқан әрбір шаңырақ мемлекеттің құт берекесі. Әйел-ана отбасы жылуын сақтаушы, қоғамның ертеңі болашақ балаларды тәрбиелеуші.

Би: Қыздар тобы


Әлемнің жарығын,

Сыйладың сен маған.

Даланың әр гүлін,

Жинадың сен маған.

Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр. Ән: «Әжемнің шәйі,


5-оқушы: Фарзона

Аяулысың, ауылымның асылдары,

Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.

Сендер үшін ән менен күй, өлең мен би,

Сендер үшін мереке шашулары.

1-жүргізуші:

Әйел-Ана, Әйел-Өмір, Әйел-тіршілік өзегі. Өмір бесігінде іңгә тербетіп, адамзат баласына ұрпақ сыйлар ұлы құдірет иесінің есімі әрқашанда қастерлі, сөзі-өсиет, тұғыры биік. Алтын құрсағынан адамзаттың алабы жаратылған асыл ананың жүрегі үлкен, жүзі мейірімді, қолы қайырымды. Көңіл шуағына мейірім төгілген аяулы жанның өмірден алар несібе жемісі-алтын босағасы мен сүйкімді перзенті болар. «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да қарызыңнан құтыла алмайсың» деген ұлы ғұламалардың сөзі бар. Шынымен солай. Адамзат жүріп өткен небір ауыр жол, алмағайып заманнан ұрпағын аман-есен бүгінгі күнге жеткізген әйел-ана құдіретін жырмен өрнектеп, әнмен әлпештеп, сөзбен айтып тауысу мүмкін емес

6- оқушы: Бекарыс

Халқымызға билік айтар даналар,

Даналардың өзі анадан жаралар.

Жүрегінің бір бөлшегі бала үшін

Сізден жақын адам бар ма аналар?!

Балаға ең жақыны сіз ғой ана,

Сіздің ыстық құшағыңыз бізге пана.

Сіздерге теңестірер еш нәрсе жоқ,

Теңесе алар бір-ақ нәрсе Отан ғана!

7- оқушы: Шерзод

Ананы да, мені де әлпештеген,

Қайтпас қайрат, дариядай ақыл берер.

Ниетің қабыл болсын, аналарым,

Өркендеп өсе берсін, бала-шаға, немерелер.


8- оқушы: Камрон

Барша ана құтты болсын мерекеңіз,

Әрқашанда ана сізбен берекеміз.

Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,

Сонда біз кісілікке теңесеміз.

2-жүргізуші:

Осы айтылғандардың бәрі шындық, бәрі шын, аналар ажалдан күштірек, жаһанға бір тоқтамсыз данышпандарды, ақындарды, ерлерді тауып беретін аналар. Барлық жақсылықты себетін де аналар. Ендеше сол аналар алдында бас иелік!

Балаларыңыздың өз қолдарымен әшекейлеген сыйлығын қабыл алыңыздар.

Сыныптың ұлдары қыздарға арнаған сыйлықтарын тапсырады.

«Анаға сәлем !» әнін кешке қатысушылар бәрі бірге орындайды.

1-жүргізуші:

Не деген құдірет едіңіздер, аналарым!


Кезекпен:

О, аналар, осындайсың бәрің де,

Осындайсың жасың дағы кәрің де.

Сыйынатын болса өмірде құдірет,

Сыйынар ем ана деген тәңірге!-деп бүгінгі мерекемізді аяқтаймыз.
















Тексердім: бекітемін:

ДТІЖО мектеп директоры:

А.Байжанов. Ю.Давлатов.




№114 жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Shape1



Тақырыбы:



Shape2







Сыныбы: 1 «Б»

Мұғалімі: Д.Кулсабирова.



2017-2018 оқу жылы



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 маусым
633
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі