«Жармыш орта мектебі» мемлекеттік мекемесі
1- Наурыз
алғыс айту күніне орай өткізілген сынып
сағаты.
Өткізген: У.Буркитова 8
«Б» сынып жетекшісі
Жармыш 2016 ж.
Тақырыбы: «Ақ тілеудің
белгісі» Мақсаты: Ақ тілеулі, ақ ниетпен
алғыс айта білуге үйрету. Мейірімділік, ізеттілік пен отансүйгіштік
қасиеттерді қалыптастыру. Міндеті: 1-Наурыз Алғыс айту күнінің
мән мағынасымен таныстыру. Тәрбиелік: Ұлтқа деген
сүйіспеншілік, мейірімділік,кішіпейілдік қасиеттерді ұрпақ санасына
сіңіре білу. Сабақ
түрі: дөңгелек
үстел. Сабақ
әдісі:сұрақ –жауап,
ой-бөліс. Сабақ
барысы: 1.Сәлемдесу; 2. Топқа бөлу.
Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен, Бізге келсін қуаныш нұр іздеген.
Шуақ толсын жанымызға, Үлгі алсын барлық жан мына бізден. Сабақтың
жүрісі: Оқушылардың назарын сабаққа аударып, топқа бөліп
отырғызамын. Мұғалімнің
сөзі: Қош келдіңіздер оқушылар
бүгінгі сынып сағатымызды мынадай игі тілекпен бастағым келіп отыр.
Ау ,аманба жарандар, Алтын таңға қараңдар. Ерте жайнап атты таң ,
Естіліп тұр шаттық ән . Жұрағатың қуанып, Келе жатыр жылымыз.
Күннің ғажап сыры бар, Мейрамдаймыз мұны біз. Халқың сүйген мейрам
бұл Қарсы алайық тұрыңдар! Оқушылар екі топқа бөлінді. «Достық»
және «Сыйластық» депаталатын екі топ. Мұғалім
сөзі: Бірінші «Алғыс айту» күні
туралы аздаған түсінік беріп өтемін. 1995 жылы 1 Наурыз күні
Қазақстан Халықтарының Ассамблеясы құрылды. Бір тұтас ,тату
мемлекетіміздің өркендеуі осы татулықтың белгісі іспетті.Тату
бірлігі мықты елдің құрамындағы өзге ұлт өкілдерінің біздің
еліміздің азаматтарына , Елбасымызға алғыс айтуымен бастау алады.
Сонымен қатар біздің осы өмір сүру дағдымызда жақсы қалыптасып,өз
орнымызды табуға ата-анамыздың,достарымыздың,отбасы мүшелеріміздің,
қызметтес достарымыздың т.б тигізері әсері өте зор, соның ішінде
Тәуелсіз Қазақстанда бейбіт өмір сүрегеніміз үшін Елбасымызға алғыс
айтамыз. Оқушыларға ой тастау бөлімі: «Мен шексіз ризамын!» Әр
топтағы оқушылар жүректен шыққан игі тілектерін білдіріп,
алғыстарын айтады. Мысылы: «Аллаға-Жаратқаны үшін»;
«Анаға –өмір сыйлағаны үшін»; «Әкеге –қамқор болғаны үшін»; «Күнге-
шуағы мен жылуы үшін»; «Әжеге- ыстық алақаны үшін»; «Суға –тіршілік
көзі болғаны үшін»; «Досқа құшағы мен иығы үшін»
Қорытынды бөлім: Жақсы оқушылар осымен
бүгінгі сынып сағатымызды аяқтаймыз. Тек қана бір күн емес
күнделікті өмірдеде алғыс айта білуге үйренейік! Назар салып
тыңдағандарыңызға рахмет!