Материалдар / "Ақ түстің құпиясы" ғылыми жоба баяндамасы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Ақ түстің құпиясы" ғылыми жоба баяндамасы

Материал туралы қысқаша түсінік
"Ақ түстің құпиясы" ғылыми жоба баяндамасы 2-сынып оқушысының зерттеу жұмысы берілген.Пайдаңызға жарайды.Сәттілік!
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қазан 2023
578
8 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Алматы қаласы Бостандық ауданы

Сүлейман Демирел атындағы мектеп-интернат-колледжі




Бағыты: химия,валеология

Тақырыбы: «Ақ түстің сиқыры»




Орындаған: 3 Ә сынып оқушысы

Мұстахим Зейнеп


Жетекшісі: Бастауыш сынып мұғалімі,

Педогог-зерттеуші

Жунисова Гулнар








2021-22 оқу жылы






Мазмұны


Кіріспе........................................................................................................... 5-бет



І. Ақ түстің өмірде қолданылуы.................................................................. 6-бет



ІІ. Ақ түстің құрамы .....................................................................................7-11-бет



ІІІ. Ақ түстің қызметі ............................................................................... 12-16-бет



Қорытынды.................................................................................................... 17-бет



Пайдаланылған әдебиеттер.......................................................................... 17-бет





















«Ақ түстің сиқыры» атты ғылыми зерттеу жұмысына


Түйіндеме


Ғылыми зерттеу жұмысында 3 «Ә» сынып оқушысы Мұстахим Зейнептің «Ақ түстің сиқыры» деген тақырыбын зерттей отырып, түстердің адам өміріне деген маңызын анықтады.

Жас зертеуші өзінің ғылыми тақырыбында ізденімпаздық, бақылау, шығармашылық, әңгімелесу, салыстыру тәсілдерін тиімді пайдалана алды.

Мұстахим Зейнептің бұл зерттеу жұмысын бейнелеу өнері мен ана тілі сабақтарында, тәрбие сағаттарында қосымша материал ретінде пайдалануға болады.

Ғылыми жұмысты оқи отырып оқушының алдына қойған мақсатына жеткенін байқауға болады.



Пікір жазған: Жунисова Гулнар

























Зерттеу бағдарламасы:

«Зерде» республикалық байқауы аудандық кезеңі

Зерттеудің мақсаты: ақ түстің маңызын анықтау.

Зерттеудің болжамы: біз күнделікті өмірде ақ түсті көп қолданамыз, олар бізге барлық жерде қажет. Өмірді ақ түссіз елестетіп көру.

Тақырыптың өзектілігі: ақ түссіз өмір сүре алмаймыз, өйткені ақ түс жарықтың түсі. Сондықтан да ақ түс адам өмірімен тығыз байланысты. Мен ана тілі мен бейнелеу өнері сабағын өте жақсы көремін. Сол себепті, бұл тақырып мені өте қызықтырды.

Зерттеудің кезеңдері:

1) ақ түске байланысты қызықты сұрақтарға жауап іздеу;

2) ақ түстің құрамында қандай түстердің бар екенін анықтау;

3) ақ түстің кез келген түсті тудыра алатын қызметін анықтау.

Жұмыстың тәсілдері: ізденімпаздық, бақылау, шығармашылық,

әңгімелеу, салыстыру т.б.

Зерттеу объектісі: ақ түс.

Оқыту пәндері: ана тілі, бейнелеу өнері.

Зерттеу уақыты: қысқа мерзімді жоба (4 апта).
















Кіріспе


Түрлі түстер әлемі
Қызыққа толы, көріңдер!
Ақ түстің сырын ұғуға
Шақырамын, келіңдер!


Қараңғы түннен кейін ағарып таң атады. Қап-қараңғы болған жер, тау, өзен, көл, үй бірден аппақ түске бөленеді. Күннің жарығы дүниені ақ түске бояйды. Өмірді ақ түссіз елестете алмаймыз. Егер ақ түс болмаса, ешқашан таң атпаушы еді, дүние жүзі мәңгі қара түн жамылып жататын еді. Ақ түстің маңызы өте зор. Адамдар ақ түсті зор бағалайды. Қазақ тілінде ақ түске байланысты көптеген сөздер бар. Жақсылыққа байланысты сөздердің барлығында ақ түстің бояуы болады. Мысалы: ақ босаға, ақ мол болсын, ақ жол болсын, ақ дастарқан, ақ ниетті, ақ көңілді, т.б. Бұл туралы жобаның І бөлімінде кеңінен айтылатын болады.

Ақ түстің қарама-қарсы түсі қара түс екені белгілі. Алайда бұл түстердің құрамын анықтайтын болсақ, ақ түстің де, қара түстің де құрамында барлық түстер бар екен. Бұл қызық жаңалық жобаның ІІ бөлімінде дәлелденді және тәжірибе арқылы көз жеткіздік. Және де ақ түс пен қара түстің ұқсастығы мен айырмашылығына тоқталып өттік.

Жобаның тағы бір жаңалығы ІІІ бөлімде қарастырылатын болады. Бұл бөлімде ақ түстің қызметі туралы айтылатын болады. Негізгі түстерге ақ түсті қосу арқылы әртүрлі жылы түстер мен суық түстерді тудыруға болатыны көрсетіледі. Ақ түстің кез келген түске түрлі реңк беретіні және ол түстер арқылы әдемі сурет салуға болатыны көрсетіледі.

Түстер әлемі өте қызық дүние. Оның ішінде ең қызығы ақ түс. Сол себепті менің жобамның тақырыбы «Ақ түстің сиқыры» деп аталады.


І. Ақ түстің өмірде қолданылуы

Ақ түссіз өмір сүре алмаймыз. Өйткені күннің жарығы ақ түсті. Ал күннің жарығы болмаса, тіршілік те болмайды.

Ақ түссіз өмірді елестетіп көрейік? Таңертең тұрып, қара тіс пастасымен қара тісті жуамыз. Қара сүт ішіп, қара көйлек киіп, қара бантик тағып, қара дәптерге жазу жазамыз... Масқара! Тіпті елестету мүмкін емес! Қарап отырсақ, «ақ түссіз өмір – көмір» екен.

Ақ түске байланысты мынадай сұрақтар ойымызға келеді.

  • Неге сүт, тіс, сүйек ақ түсті?

  • Өйткені сүт, тіс, сүйектің құрамында кальций болады.

  • Неге дәрігерлер, аспазшылар ақ халат киеді?

  • Өйткені ақ түс тазалықтың белгісі. Дәрігерлер таза болмаса, ауруларды емдей алмайды. Аспазшылар таза болмаса, дайындаған тамағы денсаулыққа зиян болады. Қазақтың «Тазалық – саулық негізі, Саулық – байлық негізі» деп мақалдауы сондықтан.

  • Неге қар ақ түсті?

  • Өйткені жаңбырдың тамшылары қыста мұз қатып, ақ ұлпаға айналады.

  • Неге қоян қыста ақ түске өзгереді?

  • Өйткені ақ түс қояндарға түлкіден, қасқырдан, адамдардан тығылып қалу үшін қолайлы түс.

  • Неге қазақ халқы «ақ босаға», «ақ дастарқан», «ақ тілек, «ақ жол», «ақ мол болсын» дейді?

  • Өйткені ақ түс берекенің, адалдықтың, молшылықтың белгісі.

Ақ түске байланысты қазақта мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, «Ақ көгершін», «Ақ бантик», «Ақмаржан» сияқты өлеңдер көп. Мысалы,

Ақ мақтадан ақ мата ақ па,

Ақ матадан ақ мақта ақ па?

ІІ. Ақ түстің құрамы


Ақ түстің құрамында тек ақ түс қана бар деуге болмайды. Мысалы, кемірқосақ неге түрлі-түсті? Өйткені жаңбырдың мөлдір тамшыларына ақ түсті жарық келіп шағылысқанда түрлі түстер пайда болады. Демек, ақ түстің құрамында барлық түстер бар. Оны тағы да былайша дәлелдеуге болады. Ол үшін маған түрлі-түсті қалам, қатты қағаз, қайшы, желім және жіп қажет [1-сурет].

1-сурет

Ыдыстың көмегімен қағазға дөңгелекше саламын [2-сурет].

2-сурет


Дөңгелекшені алты бөлікке бөлемін [3-сурет].



3-сурет



Әрбір бөлікті түрлі-түсті қаламмен бояймын [4-сурет].

4-сурет

Түрлі-түсті дөңгелекшені қайшымен қиып аламын [5-сурет].






5-сурет


Қатты қағазға дөңгелекше етіп жабыстырамын [6-сурет].

6-сурет

Сонан соң екі тесігін жасаймыз да, жіп өткізіп байлаймыз [7-сурет].

7-сурет


Жіпті ширатып тартқанда, түрлі түстердің ақ түске айналғанын көреміз [6-сурет]. Яғни дөңгелекше тоқтап тұрғанда түрлі түсті көреміз, ал айналғанда ақ түсті көреміз. Бұл ақ түстің құрамында барлық түстердің бар екендігінің дәлелі.

6-сурет

Осы кезде бізге мынадай сұрақ келеді? Барлық түстерді араластырғанда, қара түс пайда болады. Егер ақ түстің құрамында барлық түстер болса, онда ол неге қара түс емес? Шынында да, қара түсте де, ақ түсте де барлық түстердің бар екенін білдік. Алайда бұлардың екеуі екі түрлі түсті көрсетіп тұрғаны қызық мәселе болып тұр. Оған былай деп жауап беруге болады. Барлық түстері араластырғанда қара түсті көруіміздің себебі [1-кесте], қара түс барлық түстерді өзіне жұтып қояды, яғни барлық түстерді өзіне тартып алады да, қара түс қылып көрсетеді. Ал ақ түс үнемі қозғалыста болғандықтан, барлық түстерді өзінен шығарып тұрғандықтан, ақ түсті көрсетеді [2-кесте]. Оның дәлелі ретінде жаңағы дөңгелекшені айналдырып көрсеттік. Өмірден тағы бір мысал келтіретін болсақ, мысалы, жарықтың ақ сәулесі қосылып тұрған бөлмеде кез келген түрлі-түсті зат өз түстерін көрсетіп тұрады. Ал жарықты сөндіргенде, барлық түрлі-түсті зат қап-қара түске айналып кетеді. Бұл қара түстің барлық түсті өзіне тартып, жұтуы. Ал жарықтың ақ сәулесін қосқанда барлық түрлі-түсті заттың өз түстерін көрсетуі, бұл ақ түстің құрамында барлық түстердің болуы деген сөз.

[1-кесте]

Қызыл

Shape1

Shape2

Сары

Shape3

Shape4

Көк

Shape5

Shape6

Қара

Shape7

[2-кесте]

Shape8


ІІІ. Ақ түстің қызметі


Ақ түстің адам өмірімен тығыз байланысты екенін анықтаған соң, ақ түстен қандай түстерді шығаруға болатынын білгім келді.

Негізгі түстерге қызыл, сары, көк түс жатады. Мен көк түсті алып, ақ түспен араластырдым. Ақ түсті аз қосқанда ашық көк, көп қосқанда қоюланғанын мынадай тәжірибе арқылы байқадым.

Алдымен, ақ түсті бояуды бірдей етіп алты шыны ыдысқа құйдым.

Сонан соң көк түстен бір қасық алып, бірінші ыдысқа құйдым. Нәтижесінде өте ашық көгілдір түс пайда болды.

Екінші ыдысқа екі, үшінші ыдысқа төрт, төртінші ыдысқа жеті қасық көк түсті бояуды қостым. Меніңше, төртінші ыдыстағы көгілдір түс Мемлекеттік Туымыздың түсімен бірдей болған сияқты.

Бесінші ыдысқа он қасық, алтынды ыдысқа жиырма қасық көк түстің бояуын қостым. Түстердің ашық түстен қою түске қарай өзгергені қызық болды.

Гуашьтің бояуы суда жақсы ериді. Ақ түсті гуашьтің көмегімен көк түстің бірнеше реңктерін шығару маған қатты ұнады.



Міне, осымен менің екінші тәжірибемде бір түстен осыншама бояу шыққанын көрдік. Дәл осылай басқа түстерден де әртүрлі реңктерді шығаруға болады. Сол себепті ақ түсті «сиқырлы түс» деп атауға болады.


Жасаған тәжірибемнің соңында пайда болған түстерден бір сурет салуды жөн көрдім.





Мен сурет салғанды жақсы көремін. Меніңше, айдың жарығы мен аппақ қардың жарығы түнгі даланы жарық қылып тұрған сияқты.

Шыршаны аппақ қар жауып тұр. Жұлдыздар да ақ түсті.



Ақ түстің көмегімен пайда болған көк түстің түрлі реңктері менің «Қысқы түн» атты суретімді ерекше безендірді.































Қорытынды



Ақ түстің құрамында барлық түстер бар және әлемдегі алуан түрлі түстер ақ түспен байланысты. Яғни кез келген түс ақ түс арқылы түрленеді. Ақ түс арқылы түстердің түр-түрі пайда болады. Сондықтан ақ түссіз өмірді елестете алмаймыз. Айналамыздағы түстердің әртүрлілігі өмірімізге мән береді. Мысалы, «Кішкентай ара – Майя» мультфильмін ақ түстің негізінде пайда болған түрлі-түсті бояулармен көретін болсақ, не көріп отырғанымыз түсінікті, әрі мағынасы болады. Дәл соны қара түспен көретін болсақ, еш нәрсе түсінбей, көргіміз келмей қалады. Өйткені ешқандай түрлі түс жоқ.


450 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!