жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Ақ ұлпа қар" таным білім беру саласы
Тақырыбы: Ақ ұлпа қар
Мақсаты: Қардың қасиеттері туралы түсінік қалыптастыру. Қарапайым тәжірибелік-зерттеужүргізу дағдыларын қалыптастыру. Қайырымдылық,ізгілік,бір-біріне қол ұшын беру сынды қасиеттерге баулу.
Көрнекіліктер: Қысқы орман көрінісі, шыршалар, қар,қар қиыршықтары, аққала, үлестірмелі материалдар, қар үстіндегі іздер. Қар,мұз, жылы су тәжірибеге арналған.
Әдіс-тәсілдер: көрнекілік, тәжірибе,сөздік.
Қостілділік компонент: қыс- зима, аққала-снеговик, ақ-белый
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық кезеңі |
Топ іші қыс мезігілне сай безендірілген. -Балалар, қараңдаршы, біздерге көптеген қонақтар кеп қалыпты. Алдымен сол қонақтармен амандасып алайық. Сәлеметсіздер ме, Здраствуйте Good moning! Балалар бүгінгі оқу-қызметімізді бастамас бұрын, күндегідей жылулық шеңберімізбен бастайық. Амансың ба Алтын күн! Амансың ба Жер-ана! Амасың ба,достарым! Сендерді көріп қуанам! Балалар, қазір жылдың қай мезігілі? Қыс мезігілінің неше айы бар?
Қыс мезігілін орысша не дейміз? Қыста жер бетіне не жауады? Тағы қыс айы несімен ерекше?
|
Келген қонақтармен 3 тілде амандасады.
Сәлеметсіздер ме, Здраствуйте Good moning!
Қимылмен орындайды.
Қыс мезгілі 3 айы бар, желтоқсан, қаңтар, ақпан Зима. Қар жауады Сырғанақ тебеміз, аққала жасаймыз, қар атысып ойнаймыз. |
Ұйымдастырушылық-ізденіс кезеңі |
Осы кезде үнтасападан қатты боран дауысы естіледі. Секектеп қоян келеді. Қоян: Ой, ой, мен қай келдім? Мына боран мені адастарды ғой! Тәрбиеші: Қош келдің, қоянжан. Сен орманда тұрушы едің ғой. Бұл Қазалы ауданындағы «Жансая » деген балабақша. Сен қалай біздің ауданға тап болдың,әлде адастыңба? Қоян: Иә, мына қатты боран мені осында әкелді. Көзім қарлы бораннан көрмей жолымнан адастым. Маған өз орманыма баруға көмектессеңдер,сендерге риза болар едім. Тәрбиеші: Көмектесемізбе, балалар? Ендеше, бәріміз жылы киімімізді киіп алайық. Орман іші сықырлаған қар, қар үстінде неше түрлі іздер болады. Ой мынау қоянның іздері ғой. Кәне, сол қоянның іздерімен жүріп өтейік. Мүмкін үйіне де жетіп қалармыз. Қоян: Ой, балалар, менің үйшігім міне, рахмет. Балалар, қараңдаршы мынау менің аққалам! Оны қардан жаасадым! Сендерде осындай аққала жасай аласыңдар ма? Тәрбиеші: Әрине, балалар қазір саған аққала құрастырып береді. Қандай пішіннен тұрады Мұрны, басы қандай?
Аққаланы жасамас бұрын, қардың қасиеттерімен танысайық. Тәжірибе зерттеу жұмыстарын жүргізу. Қарды ұстап көрсету. Қар салқын,оны қысса ол сығылады. Жылы суға салса, ол еріп кетеді. Одан сол ол мұзға айналады. Балалар, міне, қардан дөңгелек пішіндер жасауға болады. Пішіндерді бір-бірінің үстіне орналастырсақ, аққаламыз шағады. Аққаланы тек далада ғана ұстаймыз. Себебі ол жылы жерде еріп кетеді. Ескерту: қарды, мұзды ауызға салуға, оны жеуге болмайды. Ол салқын, кейін ауырып қалуымыз мүмкін. Д\о: «Аққала»
Тәрбиеші: Балалар, біз қоянға көмектестік.. Енді кішкене денемізді сергітіп алайық. Қар жауады оң жақтан Қар жауады сол жақтан Қар лақтырып ойнасақ Су болады қолғаптар Қоян: Рахмет балалар, мынау сендерге арналған сыйым. Әрқашан мені еске алып жүріңдер. Сендерге өзімнің қолтаңбам бар суретімді сыйға беремін.
Қоянның іздерімен қайтадан балабақшаға келу.
|
Балалар, таң қалысады.
Әрине, көмектесеміз Ойша киімдерін киеді
Қолдарын жауып бораннан өтеді, қар үстіндегі іздермен жүреді.
Дөңгелектер Мұрны сәбіз, басында шелек болады.
Қардың қасиеттерімен танысады. Ұстап көреді.
Үлкен,орташа,кішкентай дөңгелектерді орналастыру. Құрастырған аққаласын қоянға сыйға тарту.
Қимылмен көрсетеді
Қоянмен қоштасады.
Қоянның іздерімен қайта балабақшаға келеді. Ойша киімдерін шешіп іледі |
Рефлекциялық-түзетушілік кезеңі |
Балалар, бүгін өте қызықты күн болды. Бізге не келді? Қоянмен қайда бардық? Оған қалай көмектестік? Қардың қандай қасиеттері бар екен?
Енддеше,келген қонақтарсмен қоштасайық Сау болыңыздар! До свидания! Good by |
Балалар өз еріктерімен сұрақтарға жауап береді. Алған әсерлерін айтады.
Сау болыңыздар! До свидания! Good by |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Қыс мезігіліндегі болатын ерекшеліктерді;
Игереді: Тәжірибе арқылы қардың қасиеттерін білуді, қарды, мұзды ауызға салмауды;
Меңгереді: Аққаланы құрастыруда, үлкеннен кішіге қарай орналасу дағдысын; көмекке қол созу сынды қасиетті меңгереді

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген