Білім
беру саласы:
Шығармашылық.
Ұйымдастырылған
ашық оқу қызметі:
Сурет салу.
Тақырыбы:
«Ақ
ұлпа қарлар»
Мақсаты:
Балаларға қыс мезгілі туралы түсінік
беру.Қардың түрлерімен таныстыру.Ақ
ұлпа қар туралы түсініктерін кеңейту.
Әдіс-тәсіл:
Әңгімелеу,түсіндіру,сұрақ-жауап,ойын.
Сөздік
жұмыс:
Ақ ұлпа қар.
Қос
тілді компонент:
қыс-зима-winter, қар-снег-snow
Ұйымдастыру:
Сәлеметсіңдер
ме,балалар!
Здраствуйте!
Good
morning!
Жағдайларың
қалай?
Как
ваш дела?
Шаттық
шеңбері:
Арайлап
атқан таңға сәлем!
Жылуын
берген күнге сәлем!
Білім
беріп тәрбиелеген,
Апайларым
сіздерге сәлем!
Балалар,қазір
жылдың қай мезгілі?
Балалар:Қыс
мезгілі
Қыс
мезгілінің неше айы бар?
Балалар:3
айы.желтоқсан,қаңтар,ақпан
Қыс
мезгілінде ауа райы қандай болады?
Балалар:суық
болады.Біз үстімізге қалың киінеміз.Аспаннан
қар жауады.
Дұрыс
айтасыңдар балалар!
Ендеше,бүгінгі
ашық оқу қызметіміздің тақырыбы: Ақ
ұлпа қарлар.
Бүгін
біз ақ ұлпа қармен танысамыз.
Балалар
қардың түсі қандай?
Балалар:Ақ-белый-wite
Сендер
далаға шыққанда қарды қолдарыңмен ұстап
көрдіңдер ме?
Балалар:Иә
Қандай
екен?
Балалар:Суық,жабысқақ,жылтыр
болады.
Дұрыс
айтасыңдар суық болады,оны біз алақанымызға
салсақ ,еріп кетеді.
Балалар
қар қалай жауады?Жапалақтап,борандатып
жауады.
Қардың
бірнеше түрлері болады.
Ақша
қар-жаңа жауған таза қар.
Ала
қанат қар-бір аумаққа жауып,бір аумаққа
жаумай жерге ала түскен қар.
Жапалақ
қар-ірі түйіршікті,жапырақтап жауған
қар.
Ұлпа
қар-түйіршіктері үлбіреген жеңіл үлпек
қар.
Балалар
қар неге ұқсайды?
Балалар:Ақ
мақтаға ұқсайды.
Қәне
бәріміз мақтаны алақанымызға салып
үрлейікші.
Жарайсыңдар,балалар!
Балалар
қар туралы кім тақпақ айтады?
Аман:Далада
қар борайды
Ақ
мамыққа орайды
Мұз
болады,қатады
Жып-жылтыр
боп жатады
Ілтипат:Снег
на земле
Снег
на деревьях
Снег
на домике
Снег
на мне!
Ақторғын:Snow
on the ground
Snow
on the tree
Snow
on the house
Snow
on me
Балалар,сендер
орманға саяхатқа шыққыларың келе ме?
Балалар:Иә
Ендеше
біз жүргізуші ағайды шақырайық.Бізді
орманға көлікпен алып барсын.
(Балалар
мен тәрбиешімен ән айтып орманға барады.)
Балалар
орманда ағаштар көп екен е?
Балалар:Апай,апай
мына жерде бір із жатыр.
Қане?Осы
ізбен жүріп көрейік.Бұл із бізді қайда
апарар екен?
(Балалар
мен тәрбиеші іздің үстімен жүреді)
Оо,балалар
мына жерде бірдеңе бар сияқты?
Балалар:Апай
бұл аюдың апаны ғой.
(Осы
кезе апаннан аю шығады)
Сәлеметсің
бе,аю!
Біз
қыс мезгілін тамашалап орманға саяхаттап
шыққан едік,сені байқамай оятып жібердік.
Аю:
Сәлеметсіңдер ме, балалар!Мен қыс бойы
апанымда ұйықтаймын.Мен қардың қалай
жауғанын,қандай болатынын білмеймін.
Қазір
қар жауып болды.Сен бізбен бірге
балабақшаға жүр.Біздің балалар саған
көптеген тапсырмалар орындап береді.Қар
туралы сол кезде сен көп нәрсе білетін
боласың.
Аю:Жарайды.Ендеше
мен сендермен балабақшаға барайын.
(балалар,аю
бәрі балабақшаға келеді)
Балалар
қазір мен сендерге тапсырма беремін.Дәстүрден
тыс әдіс арқылы сурет салу
2
топқа бөлініп,бір топ-әйнек бетіне мақта
оралған таяқшаларды тіс пастасына
батыру арқылы қардың суретін салады;екінші
топ-қағаз бетіне тіс щеткасымен қардың
суретін салады.Бұл тапсырманы аю да
бірге орындасын.
Балалар
салған суреттерін екі тақтаға іледі,қояды.
Жарайсыңдар!
Енді
ойын ойнайық:
Дидактикалық
ойын:
«Аққаланы құрастыр»
Мақсаты:Бөлшектеген
аққаланы құрастырып шығару.
Балалар
аққаланы аюмен бірге құрастырып
шығарады.Аққаланың неше бөліктен
тұратынын,түсін,пішінін айтады.
Аю
міне көрдің бе?Қыста қар жауады.Қардан
аққала жасаймыз.
Аю:Рахмет
балалар!Сендер маған қардың кандай
болатынын,қалай жауатынын көрсеттіңдер.Сонымен
қатар,қардан аққала жасауға болатынын
да білдім.Енді мен апаныма қайтайын.Көктем
мезгілінің шығуын күтейін.Сау болыңдар!
Балалар:Сау
бол аю!
Балалар
сонымен біз бүгін не жайында білдік?
Қардың
түсі қандай болады екен?
Қар
неге ұқсайды?
Біз
қайда шықтық?
Орманнан
нені көрдік?
Біз аюға қандай тапсырма
орындап бердік?
Жарайсыңдар
балалар!Сендер бүгінгі ащық оқу қызметіне
жақсы қатыстыңдар!Сендерге мадақтама
таратып беремін.
Осымен
«Ақ ұлпа қарлар»тақырыбында өткен ашық
оқу қызметіміз аяқталды.Келген қонақтармен
қоштасайық.
Сау
болыңыз!
До
свидания!
Good
bye!