400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ақ ұлпа қарлар 1-кіші топ

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақшадағы 1-кіші топ балаларына арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бірінші кіші «Айналайын» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.



Тәрбиеші:Муканова Д.Д.

Күні: 03.01.2019ж.

Білім беру саласы: Шығармашылық. Сурет салу.

Өтпелі тақырып: «Қар не үшін керек?»

Тақырыбы : «Ақ ұлпа қарлар» (Қылқаламмен ұлпа қар суретін салу)

Мақсаты: Бояуды сүйкей жағу тәсілі арқылы жіңішке сызықтар түіре отырып, жауып тұрған ұлпа қардың бейнесін салуға үйрету;

Тәрбиелік: Табиғатқа деген сүйіспен шілік сезімдерін тәрбиелеу.

Оқыту: Оларды суреттен тауып алып, дұрыс айтуға үйрету.

Дамытушылық : Суретсалу іскерлігін дамыту;

Әдіс-тәсілдер: ақ түсті гуашь, жіңішке қылқаламдар, әр балаға көк түспен боялған қағаздар, қол сүрткіштер, су.

Ресурстармен қамтамасыз ету: демонстрациялық материалдар.

Сөздік жұмыс: ұлпа, үлпілдек - сөздерін түсіндіру

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2 Негізгі бөлім. -Балалар бүгін далада қар жауып тұрғанын байқадындар ма?

-Сендердің ойыншықтарың да қардың жауып тұрғанын көргілері келеді, не істесек екен? Ендеше, балалар, біз ойыншықтарға жауып тұрған ақ ұлпа үлпілдек қардың суретін қылқаламның көмегімен салып берейік. Терезеден жан- жақтарыңа, үйлердің төбесіне, ағаштарға, жолдарға қарасаңдар, барлығы ақ ұлпа қар жамылған.

-Қардың түсі қандай? Аппақ.

-Қарды тағы қандай деп айтуға болады? Жұмсақ, үлпілдек.

Балалардың алдында бұлттың суреті салынған парақ қағаздардың тұрғанын ескерте отырып түсіндіру.

-Жіңішке қылқаламды ақ гуашьқа батырып, қысқа түзу сызық сызамыз, оның үстінен тағы көлденең қысқа сызықтар сызу арқылы суретті толықтырып, ақ ұлпа қарды бейнелйеміз. Бұл ұлпа қар қиыршықтары екенін біліп алыңдар.

Қауіпсіздік ережесі: Балалардың қағаздың бетін толық пайдалануларын қадағалау. Жұмыс соңынан қылқаламдарын тазалауды ұсыну.

Сергіту сәті: Аппақ, аппақ дала,

Аппақ ауыл, қала.

Жапалақтап ақша қар,

Жауа берсін жауа.

3. Қорытынды: Балаларға «Кішкентай суретшілер» деген ат беріп, жасаған сәтті шыққанын, ойыншықтардың қуанғанын хабарлап, олардың атынан алғыс айту. Жұмыстарын аяқталған соң, көрме ұйымдастырылады.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
28.01.2019
2265
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі