Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Ақбөкен шаруашылығы"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Негізгі бөлім
Ақбөкен, киік (лат. Saiga tatarica) – жұптұяқтылар отрядының бөкендер туысына жататын, тұлғасы ірі, қойға ұқсас, дөңес тұмсықты, күйіс қайыратын түз жануары. Ақбөкеннің қазба қалдықтары плейстоцен қабатынан Батыс Англиядан Шығыс Аляскаға дейінгі аралықтан табылған. Ақбөкендер Моңғолияда, Қалмақ даласы мен Қазақстанда ғана сақталған. Республикамызда Ақбөкендердің бір-бірінен жеке дара бөлінген Бетпақдала – Арыс, Үстірт және Еділ – Жайық деген топтары мекендейді. Текелерінің дене тұрқы 126 – 150 см, салм. 37 – 49 кг, ал ешкілері кішірек, дене тұрқы 109 – 127 см, салм. 22 – 37 кг-дай болады. Үстіңгі ерні салбырап, етті тұмсыққа айналған. Текесінің мүйізі қайқылау келеді, ешкісінде мүйіз болмайды. Жаз айларында арқа түсі сарғыш тартады, қыста түсі ақшылданады. Ақбөкендер шөл, шөлейтті және далалық аймақтарда тіршілік етуге бейімделген. Олардың қоныс өзгертуі ауа райына, Ақбөкен жұп тұяқты жануарлардың ішіндегі ең өсімталы, жылына бір рет төлдейді. Жаппай төлдеуі мамырдың 1-жартысында өтеді. Бұл кезде күн салқындап, жауын-шашын көп болады да, оны қазақ халқы «Құралайдың салқыны» деп атайды. Көбіне егізден, кейде 3 лақ та туады. Ақбөкендер өсімдіктердің 80-нен астам түрімен қоректенеді. Олардың басты жауы – қасқыр, ал жас төлдеріне бүркіт, дала қыраны мен қарақұстар да шабуыл жасайды. Ақбөкен аусыл, пастереллез ауруларымен ауырады. Ақбөкен – дәмді еті, құнды мүйізі мен тұяғы, әдемі терісі үшін ауланатын кәсіптік маңызы бар жануар. Қазақстанда 1921 ж. Ақбөкенді аулауға тыйым салынған. 1957 – 58 ж. олардың жалпы саны 2 млн-нан асқаннан кейін, кәсіптік жолмен аулауға рұқсат берілді. Оның мүйізінен пантокрин дәрісі алынады, тұяғын күйдіріп, одан алынған күлді денедегі теміреткіге жағады, сусамыр ауруына шалдыққандарды емдеу үшін пайдаланады.
Киікті қазақ киелі жануар деп есептейді. Ел арасында оларды атқан адам бақытсыздыққа ұшырайды деген сенім бар. Киіктің қаншалықты киелі екендігін кім білсін, бірақ өте ақылды және қандай табиғи ортада болмасын, тез бейімделіп кететін жануар екендігі анық. Ақбөкендердің басына қаншама зобалаң заман туғанмен, миллиондаған жылдар бойы тұқымын сақтап қала алды. Осының өзі ақбөкендердің өмірге өте бейімділігін, өсімталдығын аңғартады. Егер ақбөкендердің басқа түз тағыларынан ерекшеліктері болмаса, ежелгі мамонттармен бірге құрып кетер еді.
Ақбөкендердің табындары жүздеген, мыңдаған бастан тұрады. Әдетте табынды текелері емес, ұрғашы киік бастап жүреді. Текелері күйек науқаны біткеннен кейін табынға көп қосыла бермейді, әсіресе киіктер бұзаулайтын кезде олар жеке жиналып, бөлек табынмен жүреді. Ақбөкендер күйекке түсер алдында, қазан, қараша айларына қарай қоң жинап, жұмырланады. Бұл кезде текелердің кеңсірігі дөңестеніп, әукесі салбырап, сақалы төмен түседі. Ұрықтандыруға көп уақыт жұмсалмайды, әрбір теке бір-екі күннің ішінде 40-50 киікке дейін шабады. Соңғы кездерде ақбөкенді мүйізін алу үшін браконьерлер көп қырып жіберді де, текелердің саны күрт азайды. Ұрғашы киіктердің саны текелерден бірнеше есе басым болғандықтан, күйек кезінде кейбір шамасына қарамайтын, тәжірибесіз жас текелер әлсіреп, зорығып өледі немесе түлкі, қарсақ сияқты кішігірім жыртқыштарға жем болады. Күйек біткеннен кейін, ауа райы қатты суытып кетпей, жайылымға қолайлы болып тұрса, қаңтардың аяғы, ақпанның басына қарай қайта қоң жинап, әлденіп алады.
Ұрғашы киіктер текелерге қарағанда майды көп жинай алмайды. Күйек кезінде орташа ғана семіреді де, төлдер алдында 4,5 келідей іш май жинайды. Бірақ лақтарын емізген кезде тез арықтайды. Киіктер мамыр айының 10-15 аралығында жаппай төлдей бастайды, осы кезде ауа райы бұзылып, міндетті түрде жауын-шашын болады. Қазақтар оны «құралайдың суығы» деп атаған. Киік әдетте төлді егізден әкеледі. Алдын ала шыбын-шіркей болмайтын, үнемі жел есіп тұратын беткейді таңдап алып, лақтарын түрегеп тұрып туады. Құралайдың енесі басқа жануарлар сияқты лағының шаранасын жалап аршымайды, шарана жауынның суымен шайылып кетеді немесе жел қағып, кеуіп барып түседі. Жаңа туған лақтар жарты сағаттан кейін енесін еміп, екі-үш сағаттан соң аяқтанып кетеді, ал туғанына екі күн болған құралайды машинамен қуып жете алмайсыз.
Енесі алғашқы сағаттарда лақтарын емізген соң, біршама қашықтыққа ұзап, алыстан бақылап жүреді. Егер жыртқыштар пайда болып, қауіп төне қалса, лақтарының маңынан аулаққа қашып, ол жерден алып кетуге тырысады. Табиғаттың барлық заңдылықтарын іште жатып үйренген құралайлар енесі қасында жоқ кезде ешқандай тіршілік нышанын сездірмей, жыбырламай жатады. Лақтардың қоңыр бұйра терісі топырақтың түсімен бірдей болып көрінеді, екі-үш метр жерден қарасаңыз, жатқан бір төмпешіктер екен деп қаласыз. Мыңдаған жылдар бойы дала жыртқыштарынан, адамдардан қашып жүріп, жан сақтауға әбден бейімделген киіктердің тағы бір ерекшелігі – ешқашан жетім қалған лақтарын далаға тастамайды. Далада келе жатқан кез келген киік жолынан маңырап шыққан құралайды кездестіре қалса, жанына барып емізіп, өзімен ертіп кетеді. Киіктің лағы екі-үш күннің ішінде отығып кетеді. Алғашында ол көзіне түскен шөпті қармайды, бір аптадан соң ғана шөптің дәмін алып, таңдап жеуге көшеді. Жас туған киіктер лақтарын он-он бес күндей суат басына апармайды, оларды алысқа тастап, тек өздері ғана келеді. Бұл уақытта құралай тек енесінің сүтін ішеді, бір-бір жарым аптадан соң табынмен суатқа келіп, алғаш судың дәмін татады.
Көктем шыға, солтүстікке қарай жылжитын қалың табын жылдың бұл мезгілінде суаттарды көп іздей бермейді. Олар жаңа өнген шөптің нәрімен, таңғы түскен шықпен сусындайды. Жауынды күндері апталап су ішпей жүре береді. Киіктер Аралдың, Балқаштың тұзды суларын іше береді. Қыстың қарсыз күндері мұз жалап, шөлін қандырады. Әдетте табынды суат басына ұрғашы киік бастап келеді. Алдымен жан-жағына осқырана қарап, біраз уақыт айналаны бақылайды. Қалғандары «команда» болмай суға беттемейді, алдымен бастап келген киік су ішеді, содан кейін қалғандары азан-қазан маңырап келіп, суға бас қояды. Текелері суатқа ең соңынан келеді. Ақбөкен 1 минутта суды 12 рет жұтады екен және суды ұзақ сораптап ішпейді, 1,5-3 минуттың ішінде шөлін қандырады да, келген даласына қайта зымырайды.
Бетпақдаладағы ақбөкендер өсімдіктің 81 түрімен қоректенеді. Олар әр түрлі шөптерді жылдың мезгіліне қарай таңдап жейді. Көктемгі айларда киіктер ақселеу мен құрақты қорек етеді. Жаз айларындағы аптаптарда жапырақты шөптер қурап кетеді де, жануарлар жусан, қырықбуын, шиді оттайды. Қыс кездерінде киіктер қарын жел үрлеп кеткен жоталардың жонынан азық тауып жейді. Ауыл маңайындағы маялап үйілген құрғақ шөпті олар жей алмайды, өйткені танаулары кедергі жасайды. Киіктер шөпті жерден жұлып жеуге ғана дағдыланған, сондықтан елді мекендерге жақындап баратын болса, тек қар астындағы күздік бидайды тебіндеп азықтану үшін барады.
Зоолог мамандардың айтуынша, киіктердің басқа жануарларға ұқсамайтын тағы да бір ерекше қасиеті бар екен. Ұрғашы киіктер дүниеге әкелетін лақтарының еркек немесе ұрғашы болып тууын өздері реттейтін көрінеді. Егер араларында текелері азайып, ұрықтандырып үлгермей жатса, сол жылы табында кілең еркек лақтар қоздайды. Киіктер осылайша өз өсімін өздері бақылап отырады екен. Ақбөкендердің табыны жыл сайын лақтармен толықтырылып отырады. Осы кезде туған шібіштер (ұрғашы лақ) алты айдан кейін күйлеп, текеге шыға береді. Енді алты айдан кейін бұл шібіштер табынға қос-қостан лақ әкеледі. Ал еркек лақтардың жөні басқа, олар жетіліп, текелік жасау үшін 19 ай уақыт керек, өзімен бірге туған шібіштер бір рет лақтағаннан кейін, келесі жылдың күйегіне ғана араласады.
Археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған ақбөкендердің қаңқаларына қарағанда, бұлар ертеректе Ұлыбритания аралынан бастап Аляскаға дейінгі кеңістікте өмір сүрген. Қазақстан аумағында Павлодар облысындағы Ямышево мен Подпуск ауылдарында, Семей қаласының түбінен, Нұра өзенінің бойынан, Жамбыл облысындағы Қараүңгір мен Үшбас үңгірлерінен ежелгі және орта антропогеннен қалған киіктердің сүйектері табылған. Тамғалы жартасындағы киіктің суреттері біздің эрамызға дейінгі VІІ-V ғасырларда қашалып салынған екен. ХІV-XVІ ғасырлардан бері ауыздан-ауызға тарап келе жатқан халық эпостарында қазақ жеріндегі сансыз көп ақбөкендер туралы айтылады. Көптеген елді мекендердің «Киік» деп аталуы да бекер болмаса керек. Осындай фактілерге сүйенсек, ертеректе Еуропа мен Азия құрлығын тұтастай мекендеген киіктер қазір тек қазақ даласында ғана қалыпты.
Қазіргі сақталған киіктердің үш тобы бар. Олардың ең ірісі және сан жағынан басымы – Бетпақдала-Арыс тобы. Бұл ақбөкендердің мекені – Қарағанды, Ақтөбе, Қызылорда, Жамбыл облыстарының елсіз жазықтары. Киіктердің селдіреген табындарын қалмақ даласынан көруге болады. Жайылым жердің аздығынан олардың басы көбейе қойған жоқ. Аздаған ақбөкен моңғол жерін мекендейді. Қазір олардың тұқымы құрып бітті деуге болады. 1978 жылғы Соколовтың жазғандарына қарағанда, сол кезде Шаргиин-Гоби мен Хойсыл-Гоби шөлдерінде 300 ғана бас киік қалған екен. Қалмақтың да, моңғолдың да киіктері Бетпақдаланың ақбөкендерінен аласа, кішірек болып келеді және бұл топтар өзара араласқа түскен емес.
XІX ғасырдың аяғында XX ғасырдың басында Қырым, Таврия, Казказ өңіріндегі киіктердің өрісі тарылып, жойыла бастаған. «Қазақстанда 20-жылдардың басында ақбөкендердің саны күрт түсіп кетті. 1917-18-жылғы қыстың жұты түз тағысының жүздеген мың басын шығынға ұшыратты. Сол кездегі жергілікті үкіметтің шешімімен, 1919 жылдан бастап Сарыарқада киік аулауға қатаң тыйым салынды. Бірақ одан көп өзгеріс бола қоймады, 1927-28-жылы болған жұттан кейін ақбөкендерге жер бетінен мүлде жойылып кету қаупі төнді», – деп жазады 1955 жылы зоолог Слудский.
1930-32-жылдардағы жүргізілген ұжымдастыру науқаны, даладағы киіктердің жауы ит-құс, шыбын-шіркей, соналардың азаюы ақбөкендердің өсуіне өте қолайлы жағдай туғызды. Далаларда жайылған халықтың малын ұжымдарға жинап, халық отырықшылық өмірге бейімделген тұста ақбөкендердің өрісі кеңіп, санын көбейтуге мүмкіндік алды. Сол жылдары ауа райы да жылынып, қысы жұмсақ болды. Табындары көбейген ақбөкендер 1941-45-жылғы Ұлы Отан соғысы кезінде еркін өмір сүрді. Бұл Қазақстандағы ақбөкендердің ең көбейген кезі болды. Содан бергі уақытта дала еркесі – ақбөкен адамдардың жауыздығынан бірнеше рет жаппай қырғынға ұшырады. Сарыарқада қазіргі жүрген ақбөкендер саны – 47-48 мың ғана. Ал осыдан жиырма жыл бұрын түзде жосыған киіктердің саны 1 миллион 400 мың болған екен.
Үкiмет ақбөкендердi 2006 жылы «Қызыл кiтапқа» ендiрдi. Және сол жылы жан-жануарларды қорғау мақсатында бюджеттен 200 миллион қаржы бөлдi. Ал үстiмiздегi жылы бұл қаржыны 270 миллионға жеткiзiп отыр. Әрине бұл игi шаралар қолға кеш алынып отыр. Дегенмен «Ештен кеш жақсы» деген емес пе? Өсiмтал жануар күтiмi көп, қорғауы жақсы болса, санаулы жылдардан соң саны қайта көбейiп, әлi-ақ даламыздың сәнiн келтiрер.
Ақбөкенді қазақтар «киік» деп атайды. Киелі аң деп қастерлейтін осы сұлу жаратылыстың шөлейтті және далалық аймақтарда тіршілік ететіні белгілі. Олар ауа райына, жайылымының жағдайына байланысты қоныстарын ауыстырып отырады. Киіктердің арнайы түрде лақтайтын, өрістейтін тұрақты жері, сол өңірге жыл сайын жылы жақтан келіп, кері қайтатын арнайы жолы да болады. Бір ғажабы, ақбөкендер табиғат тамыршысы секілді, қыстың қарлы боранды болатынын, көктемнің кеш туатынын алдын ала болжап біледі. Өздері де соған сәйкес тіршілік етеді.
10-12 жыл жасайтын киіктер жұп тұяқтылардың ең өсімталы болып саналады. Олар жылына бір рет лақтап, өсіп-өнеді. Лақтарын «Құралай» деп атайды. Әр жыл сайын мамыр айының 19-21 жұлдызы аралығында «Құралайдың салқыны» деп аталатын ауа райының құбылмалы кезеңі өтіп тұрады. Бұл күндері жаңбыр, кейде қар аралас жаңбыр жауып, ауа температурасы күрт суытып, салқын жел соғады. Өйткені, мамыр айының алғашқы жартысында киіктер 2-3 күнде лақтап болады. Балалары жерде жатады. Күн суытысымен-ақ олар ызғарлы жерден тұрып, тәлтіректеп аяқ басып, енелерінің соңынан ерген күйі жүруді үйренеді. «Құралайдың салқыны» – Табиғат-ананың киіктердің лағын ширатып, тіршілік етуге қадам бастырып, тәрбиелейтін қатал да ізгі мінезі. Киіктер көбі¬несе егізден, кейде 3 лақтан туады. Түз тағысы өсім¬діктердің 80-нен астам түрімен қоректеніп, кейде аусыл, пастерелез дертіне де шалдығады. Ең бастысы, енесі өлген лақты киіктердің кез келген ұрғашысы емізіп, оның аштан өлуіне жол бермейді. Олардың басты жауы – қасқырлар мен аңшылар, лақтарының жауы – қарақұстар мен дала бүркіттері. Киік дәмді еті, құнды мүйізі мен тұяғы, әдемі терісі үшін бұрыннан кәсіптік маңызы бар жұп тұяқты жануар саналады.
1921 жылдан
бастап елімізде киіктерді аулауға тыйым салынды. Ал, 1957-1958
жылдары олардың саны 2 миллионнан асқандықтан қайта аулауға рұқсат
етілді. ҚР Үкіметінің № 267 арнайы қаулысымен 2005 жылдан бастап
елімізде ақбөкендерді (киіктерді) аулауға қайта тыйым салынды.
Міне, содан бергі уақытта олардың санын көбейту және қорғау
шаралары қолға алынып отыр.
Киік
текелерінің дене тұрқы – 126-150 сантиметр, салмағы 37-49 келі,
ешкілері кішірек келеді. Олардың дене тұрқы –109-127 сантиметр,
салмағы – 22-37 келідей болады. Үстіңгі еріні салбырап етті
тұмсыққа айналған, текесінің мүйізі қайқылау келеді. Ал ешкісінде
мүйіз болмайды. Киіктердің мүйізінен пантокрин дәрісі алынатыны
мәлім. Оның тұяғының да емдік қасиеті бар. Оны күйдіріп, алынған
күлді денедегі теміреткіге жағады, тіпті сусамыр ауруына шалдыққан
жанды емдеуге пайдаланады. Осы қасиеттері үшін қазақ киікті
дәріптеп: «киелі жануар, қасиетті аң» деп бағалайды. Ыңғайлы, әдемі
заттарды «киіктің асығындай екен» деп, сұлу жанды «киіктің
құралайындай әсем екен» деп суреттеп
жатамыз.
«Құралайдың
салқыны» деп аталатыны тәрізді ауа райында «Текенің бұрқағы» дейтін
де кезең бар. Оны кейде «киіктің маталуы» деп те атайды. Бұл кезде
киіктің ұрғашысы мен еркегі «махаббат ойынын» жасап маталады,
болашақ төлдің негізін салады. Сонда күн бұзылып, алай-дүлей боран
да соғады. Бұл желтоқсан айының соңғы онкүндігінде болады. Мұнда
ұрғашы киіктерді қашыру 2-3 күннің ішінде толық аяқталады. Содан,
көптеген аталықтар әлсірейді де біразы жыртқыштарға жем болып, саны
азаяды.
Ақбөкендер
осыдан жүздеген жыл бұрын Қазақстан жерінен Қара теңізге дейінгі
қуаң далаларды мекендепті. Қазір киіктердің төлдеу орындары –
Орталық Қазақстан, Торғай және Қостанай өңірі. Олар қыстау үшін
Бетпақдала шөлінен Арысқұм, Қарақұм, Үстірт және Еділ-Жайық
өзенаралық оңтүстік аймақтарына
барады.
Табиғат – ел байлығы. Сондықтан да оны көздің
қарашығындай сақтап, келер ұрпаққа жеткізу бүгіннің міндеті болып
саналады, – дейді облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі
аумақтық инс-пекциясының бас маманы Сәттібай Алдоңғаров. Оның
айтуынша, соңғы уақытта киік аулаушылар қатары едәуір артқан.
Олардың ішінде киіктің мүйізін кесіп алып, өткізіп жүргендері
кездеседі. Бір өкініштісі, аңшылар киікті үлкен-кішісіне қарамай,
қынадай қырып, табиғатқа зор қиянат келтіруде. Ел Үкіметінің 2012
жылғы №969 қаулысының 1-тармағында ғылыми мақсаттарда пайдаланудан
басқа бүкіл ел аумағында киіктерді, олардың бөліктері мен
дереваттарын пайдалануға 2020 жылға дейін тыйым салынғаны
айтылады.
Киіктерді
қорғау мен сақтауда инспекция тарапынан әрине, нәтижелі жұмыстар
атқарылуда. Мамандар ҚР «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту
және пайдалану саласындағы» Заңды басшылыққа аламыз деп отыр. Киік
аулаған тұлғалар ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы бойынша жазаға
-тартылады. Заңда «Өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек
кездесетін түрлерін, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған
өсімдіктерді немесе жануарларды, олардың бөліктерін немесе
дереваттарын заңсыз алу, иемдену, сақтау, өткізу, әкелу, әкету,
салып жіберу, тасымалдау немесе жою, сол сияқты олардың мекендейтін
жерлерін жою» 3 мың айлық есептік көрсткішке дейін айыппұл салуға
не сол мөлшерде түзету жұмыстарына, не 3 жылға дейінгі мерзімге бас
бостандығынан айыруға жазалау көзделгені жа¬зылған. Ал Қылмыстық
кодекстің 337-бабында «ақбөкендерді заңсыз аулаушыларды
белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі қызметпен айналысу
құқығынан бес жылға дейін мерзімге айыра отырып, үш жылдан жеті
жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады және
пайдаланған құралдары тәркіленеді»
делінген.