Материалдар / Ақиқатты іздеу жолында
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ақиқатты іздеу жолында

Материал туралы қысқаша түсінік
Қысқа мерзімді жоспар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қазан 2020
302
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1

Тексерілді: _______________
«____»______________________
Пән: Өзін – өзі тану
Мектебі: Жаңаөзен мектеп-гимназиясы
Күні: _______________
№: 1
Мұғалімі: Қылышбаева Ф.О.
Сыныбы: 6
Оқушылардың саны:
Тақырыбы: Ақиқатты іздеу жолында
Құндылығы: Ақиқат.
Қасиеттері: Өз-өзіне адал болу, шыншылдық, ойдың, сөздің және істің бірлігі.
Мақсаты: Ақиқатты іздеудің адам өміріндегі маңыздылығын
түсіндіре отырып, ақиқат құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
1. Білімділік: Оқушыларды өз – өзіне адал болуға үйрету.
2. Дамытушылық: Оқушылардың бойындағы шыншылдық
қасиеттерін дамыту
3. Тәрбиелік: Оқушыларды ойдың, сөздің және істің бірлігінде
өмір сүруге тәрбиелеу.
Ресурстар:
(материалдар,
дереккөздер)

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
5 Т – ережесі:
1. Тәртіп.
2. Талап.
3. Тыныштық.
4. Тазалық.
5. Татулық.
Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап,
оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты
сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.
Жағымды күйге келу
“Алақан”
Мақсаты: Топтағы балалардың бір-бірімен жақындай түсуі және
жеке тұлға арасында жағымды
қарым –қатынасты орнату.
Уақыты:10-15 минут
Көрнекілігі: ақ парақ, қарандашЖүргізілуі: әр топ мүшесі өзінің
алақаның ақ парақты түсіреді. Алақан бейнесінің ортасына өз
аттарын бас әріппен жазады. Кейін ол өз алақаны бейнеленген
қағазды , көршісіне береді, ол
көршісі парақтағы бейненің бір саусағына алақан иесіннің жақсы
қасиеттерін жазып, суретті
әрі қарай жалғастырады. Парақ қағаз өз иесіннің қолына тигенде
тренинг аяқталады. Тренинг аяқталған соң әр топ мүшесіне өз
алақаны таратылып беріледі.


2. Сабақтың дәйексөзі.
Тек ақиқат білім ғана күдік туғызбайды, ол өмірді бағалауға,
тұрмыс құруға үйретеді.
Шоқан Уәлиханов
Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (шын есімі Мұхаммед
Қанафия; 1835, Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Құсмұрын жері
— 10 сәуір 1865, Көшентоған, Жетісу) — қазақтың ұлы ғалымы,


Page 2

XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық,
ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің
бірі, шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ,
ағартушы.
Сұрақтар:
1. Адамды қандай қасиеттер ақиқатқа жетелейді?
2. Өз өміріңізден қандай мысал келтірер едіңіз?
3. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіздер?
3. Оқиға айту (Мұғалім сыйы)
Адал бағбан
Ертеде бір қаланың пәк әрі әділ қазысы жалғыз қызын иманды
біреуге тұрмысқа бермек болады. Қызын талай байлар айттырады,
бірақ олар қазының көңілінен шыға қоймайды. Бір күні қазы дем
алу үшін бау-бақшасына барып жайғасады. Бақша күтушісіне
жүзім әкелуін өтінеді. Ол бір шоқ жүзімді жуып, қазыға ұсынады.
Қазы жүзімді ауызына сала бере, артынан іле-шала жерге түкіріп
тастайды да:
— Неге жүзімнің тәттісін алып келмегенсің? — деп сұрайды.
Сонда бағбан:
— Қайсы жүзімді әкел десеңіз, соны әкелейін, ал олардың қайсысы
тәтті екенін білмеймін.
Қазы таңғалып:
— Екі жылдан бері жүзімдерді өсіріп, баптап келесің. Оның дәмін
әлі күнге ажырата алмай жүрмісің?
— Сіз мені жұмысқа аларда жүзімдерді күтесің деген едіңіз. Ал
дәмін татып тұр деп айтқан жоқсыз. Сондықтан осы уақытқа дейін
бір жүзімді де ауызыма салып көрген емеспін, — депті
Таңғалған қазы әйелімен ақылдасып:
— Біз іздеп жүрген күйебала алыста емес, дәл біздің
шаңырағымыздың астында екен. Қызымызды осы жігітке берейік
— деп, қыздарын адал бағбанға тұрмысқа береді.
Сұрақтар:
1. Әңгіме қай құндылық туралы айтылған?
2. Ақиқат дегенді қалай түсінесің?
3. Ақиқатты қалай танып білуге болады? Өз пікіріңді білдір.
4. Әңгімеден қандай ой қорытуға болады?

4. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.
1 – топ: «Ақиқат»
2 – топ: «Адалдық»
3 – топ: «Ізгілік»
4 – топ: «Адамгершілік»
Тапсырма: Төменде берілген сөздер мен сөз тіркестерін
пайдаланып, «ізгі ниет, ізгі сөз және ізгі іспен өмір сүретін» адамға
мінездеме беріп, оның портретін жасаңдар.
Тиісті сөздер мен сөз тіркестері: ізгілік, беделді, зеректік, адам
тағдыры, адамзатты сүю, болашақ, рухани, игілік, адамзат бақыты,
өзін – өзі жетілдіру, мәнді өмір, адам болып қалу.

5. Топпен ән айту.
Сөзі:Мұғалімдер шығармашылығы
Әні: «Ертегілер әні» сазымен
1. Ақиқаттың әнін,
Айтамынмын күнде мен.


Page 3

Бөбек әлемінің сырларын түсініп,
Нұрына шомылдым күннің.
Тыныштық жан - көркем,
Керемет ол неткен,
Ар- ұждан сөйлейді,
Жүректі тербейді
Бақытқа бізді жетелеп.
Қайырмасы:
Құндылықтар – мәңгі әнім,
Құндылықтар – өмір мәні
Ізгіліктің ғажап күйіне
Ертесіңдер сендер.
2. Дұрыс әрекеттер
Сүйіспеншілік береді,
Тыныштық орнайды,
Қиянат болмайды,
Адамзатқа әлемдегі.
Керемет ол неткен,
Ар- ұждан сөйлейді,
Жүректі тербейді
Бақытқа бізді жетелеп
Қайырмасы:
6. Үй тапсырмасы.
1. №1 – сабақ. Ақиқат туралы мақал – мәтелдер жазып келу.
2. Келесі сабақ. №2, «Ақиқат айнасы» мәтінін оқып келу.

7. Сабақтың қорытынды сәті.
Тыныс алуға зейін қою.
Баяу музыка қойылады.
Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу
отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз.
Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады.
Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз.
Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа
шығарамыз.
Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды
тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...
Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2
[3].
Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп,
жүрегімізге сақтайық.












Page 4



















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!