400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ақиқатты жолға алып

Материал туралы қысқаша түсінік
ақиқат жолы ешкімді адастырмайды. Ақиқат жолымен жүрген адам адал өмір сүреді. Адалдық адам бойындағы таза ниет. Адал адамның ойы таза сөзі шынайы ісі игілікті болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тексерілді: _______________

«____»______________________

Пән: Өзін – өзі тану

Мектебі: М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебі

Күні: _______________

№: 1

Мұғалімі: Аликулова Гульфиза

Сыныбы: 1

Оқушылардың саны:

Тақырыбы: Ақиқатты жолға алып, адалдықпен өмір бастаймыз!

Құндылығы: Ақиқат

Қасиеттері: шындықты айту, қарапайымдылық, кішіпейілділік.

Мақсаты: Оқушыларға адалдық адамның маңызды қасиеті екенін түсіндіре отырып, ақиқат құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  1. Білімділік: Оқушыларға адал өмір сүрудің мәнін түсіндіре отырып, тек шындықты айту керектігін үйрету.

  2. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы қарапайымдылық қасиеттерін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Оқушыларды кішіпейілділікке тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)


Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Т – ережесі:

  1. Тәртіп.

  2. Талап.

  3. Тыныштық.

  4. Тазалық.

  5. Татулық.
    Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Сурет

2. Сабақтың дәйексөзі.

(Бірінші ұл балалар қайталайды, кейін қыз балалар қайталап оқиды)

«Ақиқат – даналықтың бастауы»

Халық даналығы

Сұрақтар:

1. Ақиқат деген не?

2. Адами қасиетке нені жатқызуға болады?

3. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?


Сурет

3. Оқиға айту (Мұғалім сыйы).

Елеместің адамгершілігі


Ертегі

Ертеде бір кедейдің үш баласы болыпты. Үшеуінің мінезі үш түрлі екен. Үлкені қатыгез, қу, тек қана өзін ойлайтын, ал ортаншысы жігерсіз, елдің айтқанымен жүретін адам болып өседі. Ең кішісінің аты Елемес екен. Ол ағаларына қарағанда мейірімді, адал, еңбекқор еді.

Әмиянды жерден көтеріп алып:

- Мынау кімнің әмияны? Кім жоғалтты? – деп жар салады.

Бұл сөзді естіген жәрмеңкеде жүрген қала жұрты аңтарылып Елемеске қарап қалады. Осы кезде Елеместі Қоршап тұрған адамдардың арасынан бір қария шығып:

- Мен жоғалттым. Оның ішінде менің өмір бойы жиып-терген алтын теңгелерім бар. Оларды әйелім тігіп берген гүлді орамалдың ішіне түйіп қойғанмын. Балам, әмиянді ашып көрші, — дейді.

Елемес әмиянды қарап тұрған жұрттың көзінше ашады. Расында да ішінде гүлді орамалға түйілген алтын теңгелер бар екен. Жоғын тапқан қария қуанып Елемеске алғысын айтады.

- Балам, өзің кім боласын?Қайдан келесің? Қайда бара жатырсың? – деп жөн сұрайды

Елемес қарияға барлық мән-жайды айтып береді. Оның әңгімесін естіп болған қарт:

- Сен мейірімді, адал жан екенсің. Егер қаласаң, осы қалада қал. Менің үш ұлым бар еді, төртіншісі бол, — дейді.

Елемес қарияға еріп оның үйіне барады. Қарияның балаларымен бірге жер қазып, егін егеді. Бір күні жер қазып жүрген оның күрегіне бір зат ілінеді. Алып қараса — алтын. Алтынды көрген ол одан әрі қаза түседі. Сол жерден ат басындай алтын тағы шығады. Елемес тапқан алтынды алып, қарияның үйіне келеді де:

- Әке, мен ат басындай алтын таптым. Міне, алыңыз, — деп алтынды шалға ұсынады. Оның көңіліне разы болған қария:

- Балам, бұл алтынның маған қажеті жоқ. Қашанғы бізбен бірге тұра берем дейсің. Өзіңше үй-жай болып, өніп-өс. Бұл – адалдығың мен еңбегіңнің арқасында тапқан байлығың, — деп кеңес береді.

Елемес алғыс айтып, алтынның бір бөлігін қарияға береді. Өзі қалған алтынын сатып, үйленіп, үй болады. Мал-мүлік жинайды. Ешқандай қара жұмыстан қашпай, күні-түні еңбек етеді.

Сұрақтар:

  1. 1. Қарт Елемеске қандай кеңес береді?

  2. 2. Елеместің өмірі қалай жалғасты?

  3. 3. Елемес қандай адам?

  4. 4. Оның адалдығын қандай ісінен көруге болады?

  5. 5. Адал болу не үшін қажет?

Оқулық

4. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

  1. Тапсырма:Оқушыларға тақырыпқа байланысты бояулар тапсырылады.

  2. Оқушылар оларды бояп әңгіме құрастырып айтады.


5. Топпен ән айту.

"Бала тілегі" Сөзі:С.Молдасанұлынікі

Әні:Ф.Лұқпанованікі

1.Бал-балалық,балдырған шақ сан арман,

Барлық бала армандауға жаралған.

Кел,достарым,әндетіңдер,билеңдер,

Гүлденсін деп атамекен қара орман.(2 рет)


2.Болашақтың иесіміз бәріміз,

Туған жердің түрлендірер нәріміз.

Алтын бесік-ұлан байтақ елімде,

Жарқын болсын шырқап айтар әніміз.(2 рет)


3.Қалықтаған көгершіні көгінде,

Мұңаймасын ешбір бала елімде.

Ата берген батаменен көркейсін,

Ұлы Отаным,тілегім сол менің де.(2 рет)

Үнтаспа

6. Үйге тапсырма.

№2 – сабақ. «Түлкі мен ешкі» ертегісін үлкендердің көмегімен оқып келу.

Оқулық

























Тексерілді: _______________

«____»______________________

Пән: Өзін – өзі тану

Мектеп: М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебі

Күні:

№: 2

Мұғалімі: Аликулова Гульфиза

Сыныбы: 1

Оқушылардың саны:

Тақырыбы: Ақиқатты жолға алып, адалдықпен өмір бастаймыз!

Құндылығы: Ақиқат

Қасиеттері: шындықты айту, қарапайымдылық, кішіпейілділік.

Мақсаты: Оқушыларға адалдық адамның маңызды қасиеті екенін түсіндіре отырып, ақиқат құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

1. Білімділік: Оқушыларға адал өмір сүрудің мәнін түсіндіре отырып, тек шындықты айту керектігін үйрету.

2. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы қарапайымдылық қасиеттерін дамыту.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды кішіпейілділікке тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)



Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

5Т – ережесі:

1. Тәртіп.

2. Талап.

3. Тыныштық.

4. Тазалық.

5. Татулық.
Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

СУРЕТ

2. Үй тапсырмасын тексеру.

№1 – сабақ. «Түлкі мен ешкі» ертегісін үлкендердің көмегімен оқып келу.

Сұрақтар:

  1. Түлкінің айтқаны шындыққа жата ма?

  2. Неліктен?

  3. Әрдайым шындықты айтқан дұрыс па? Неліктен?

  4. Өз өмірлеріңде шындықпен жол тапқан мысалдар келтіріңіздерші?

Оқулық

3. Сабақтың дәйексөзі.

(Бірінші ұл балалар қайталайды, кейін қыз балалар қайталап оқиды)

«Ақиқат – даналықтың бастауы»

Халық даналығы

Сұрақтар:

1. Адал деген не?

2. Адамдар неліктен адал өмір сүру керек деп ойлайсыздар?

3. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?

сурет

4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы).

Не үшін?

Қ.Мырзалиев

Екі көзің не үшін керек?

Жақсыларды көру үшін!

Екі қолың не үшін керек?

Елге көмек беру үшін!


Құлақ деген не үшін керек?

Ақыл-кеңес тыңдау үшін!

Жүрек деген не үшін керек

Жауларымнан қыңбау үшін!


Тіл мен жағың не үшін керек!

Ақиқатты айту үшін!

Ал аяғың?..

Шет жүрсем,

Туған жерге қайту үшін!

Сұрақтар:

  1. Көздің, қолдың, жүректің, тілдің, аяқтың шынайы міндеттерін қалай түсінесіңдер?

  2. Қандай қасиеттер арқылы адам ақиқатқа жете алады?

  3. Өзгелердің бойындағы жақсы қасиеттерді қалай танып, біле аласыңдар?Мысал келтіріңдер.

  4. Өз достарыңның бойындағы жақсы қасиеттерді сипаттап бер.

Оқулық

5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

  1. Тапсырма:Балалар ертегі кейіпкерлерінің суретін дәптерге салады.


6. Топпен ән айту.

«Біз осылай өсеміз»

Сөзін жазған М.Әлімбаев

Әнін жазған И. Нүсіпбаев

Суда жүзіп өсеміз,

Қырды сүзіп өсеміз.

Күнге қызып өсеміз,

Құмда шыжып өсеміз.

Қайырмасы:

Талаптанып өсеміз.

Қанаттанып өсеміз.


Таулар көріп өсеміз,

Баулар егіп өсеміз.

Жеміс теріп өсеміз,

Жеңіскер боп өсеміз.

Қайырмасы.

Үнтаспа

7. Үй тапсырмасы.

№3 – сабақ. «Сыпайы қоян» ертегісін үлкендердің көмегімен оқып келу.

Оқулық









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
539
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі