15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ақиқатты жолға алып, адалдықпен өмір бастайық
Мектеп 87 Мерзiм_________________
№2-сабақ Сынып 1 « в, г, б, а »
Тақырып: Ақиқатты жолға алып, адалдықпен өмір бастаймыз!
Құндылық: Ақиқат. Қасиеттер: Қарапайымдылық, адалдық, шыншылдық
Мұғалiм: Досаманова С. Оқушылар саны:
|
Сабақ мақсаты: Оқушыларға адалдықпен өмір сүрудің маңыздылығын ұғындыру арқылы ақиқат құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: Білімділік:оқушыларға адал өмір сүрудің мәнін түсіндіре отырып, қарапайымдылық қасиеті туралы түсінік беру. Дамытушылық: Оқушыларды шынайы қарым-қатынас жасауға үйрету арқылы адалдық қасиетіне баулу. Тәрбиелік: оқушыларды қарапайымдылыққа,адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу. |
Ресурстар: үнтаспа, оқулық, дәптер |
|
Сабақ барысы:
5 «Т» ережесін еске түсіру. Тәртіп Талап Тазалық Тыныштық Татулық
№2 сабақ. «Түлкі мен ешкі» ертегісі
|
Ескертулер |
«Ақиқат- адалдықтың бастауы» нақыл сөз Дәйексөзді әуелі ұл балалар ,сосын қыз балалар қайталап айтады. Сосын барлығы хормен айтады Дәйексөзді қалай түсінесіңдер? |
|
«Адал бала» (корей ертегісін кідіріспен әңгімелеу) Ерте – ерте ертеде таулы ауылда бір бала өмір сүріпті. Оның жалғыз анасы ғана бар екен. Ол ағаш кесіп, базарға сатып, анасына көмектеседі екен. Күндердің күнінде бала ағып жатқан тау суына жуынбақшы болады. Өзен жағасында өсіп тұрған үлкен мәуе бәйтеректі көріп: «Осы ағаш біраз табыс әкеледі, кесіп ала қояйын», -деп, балтасын сермей бергенде, суға түсіріп алады. Бала жылап жібереді, оған балта алтыннан да қымбат қой. Ағашты енді немен кеседі? Бір кезде ғайыптан бір ақсақал шыға келеді.
Бала болған жағдайды айтып береді.
Бір кезде ақсақал судан шығып:
Ақсақал мырс етеді де, суға қайта қойып кетеді. Сәлден соң қолына күміс балта ұстап қайта шығады.
Ақсақал тағы да суға сүңгіп кетеді. Бұл жолы баланың өз балтасын алып шығады. Бала өз балтасын көріп, қуанып кетеді.
Ақсақал жымия күліп, баланың басынан сипайды.
күміс сенің адал жүрегіңе дақ түсірмеді. Сен енді үш балтаның да иесісің. Оларды базарға сатып, ақша қыл. Осындай ұл өсірген анаң біреуге жалшы болмай, ханшадай болып өмір сүрсін, - деді де, ақсақал көзден ғайып болды.
Балалардың жауаптары тыңдалып,түйінделеді. -Жарайсыңдар,балалар!өте дұрыс айтасыңдар!Жақсы бала әдепті,сыпайы,қамқор,қайырымды,жауапкершілікті, адал болады. Сондай жақсы қасиеттердің бірі-шыншыл болу,өтірік айтпау. |
|
Жақсылық жасайық. 1-тапсырма. Ертегі кейіпкерлерінің суретін дәптерге салады. 2-тапсырма. «Түлкі мен ешкі» ертегісінен не үйренгендерін, яғни қандай құндылықтар мен қасиеттерді үйренгенін айтып береді. |
|
Ата ақылы А.Хангельдин Шындық деген -ар-ұят, Айтпа ,жаным, өтірік, Әділдік пен адалдық. Болсам десең үлгілі. Бол ісіңе мұқият, Мәпелеген өсіріп, Қашсын десең жамандық. Сен де еліңнің бір гүлі.... |
|
№3 сабақ. «Сыпайы қоян» ертегісі. |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген