15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ақжайықтың Нарқызы - Қаламқас Орашева
«Теректі колледжі» МКҚК
«Келісілді»
МКҚК «Теректі колледжі»
Дир. ОТЖ орынбасары
Э.К. Бисенғалиева
«Ұстаз – ұлы тұлға» және «Ақылды қария – ағып жатқан дария!» атты
мерекелік концерттің сценарийі
Орындаушы: Теректі колледжінің музыкалық жетекшісі Жубанышева А.М
Кеш тақырыбы: «Ұстаз – ұлы тұлға» және «Ақылды қария – ағып жатқан дария!»
Мақсаты:
1. Оқушыларды ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету;
2. Ардагерлерді құрметтеуге, үлкенді сыйлауға, олардың еңбегін бағалауға оқушыларды тәрбиелеу.
1- жүрг. Армысыздар, бармысыздар! Қош келдіңіздер, құрметті де аяулы ұстаздар және біздің кешіміздің арнайы қонақтары!
2-жүрг. Добрый день, дорогие наши учителя и наши ветераны! Добрый день, дорогие гости! Мы собрались на это торжество для того, чтобы поздравить наших педагогов с их профессиональным праздником — с Днем учителя!
1- жүрг. Қадірлі ұстаздар! Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің шәкірттерді тәрбиелеп, білім беру жолындағы еңбектеріңіз жана берсін. Еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға бақыт, мерейлеріңіз үстем бола берсін демекпіз.
2-жүрг. Мы поздравляем вас от всей души и желаем вам крепкого здоровья!
Желаем, чтоб счастье вам улыбалось,
И жизнь проходила легко,
И только хорошее в жизни встречалось,
Плохое ушло навсегда далеко.
Желаем, чтоб жизнь никогда не кончалась,
Беда и печаль на пути не встречались,
Огромного счастья! Отличных друзей!
Здоровья, успехов! И радостных дней!
1-жүрг. Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген ауыл қарттарының орны ерекше. Олай болса, әр халықтың бойында ықылым заманнан бері қалыптасып, оны өзгелерден даралап тұратын, тек өзіне ғана тән қасиеттері болады. Біздің халқымыздың сондай ерекшеліктерінің бірі – үлкенді сыйлау, оның сөзіне құлақ асу. Қазақ қарты жасына лайық аузы дуалы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты, ойы терең, ақылы телегей теңіз болып келеді. Міне, осындай теңеуге лайық қарияларды жылына бір рет келетін 1 қазан – қарттар күнімен құттықтаймыз!
2-жүргізуші: 1октября отмечается Международный день пожилых людей. Ежегодно, в золотую осеннюю пору мы чествуем тех, кто все свои силы и знания посвятил своему народу, кто отдал здоровье и молодость молодому поколению. Об уважении ко всем членам общества, признании их заслуг и значимости их труда говорит тот факт, что в нашей стране, наряду со многими праздниками введен, безусловно, волнующий и приятный для многих праздник - День пожилых людей.
Олай болса, бүгінгі «Ұстаз – ұлы тұлға» және «Ақылды қария – ағып жатқан дария!» атты мерекелік жиынымызды ашу үшін колледжіміздің директоры Газезов Мураткали Газезұлына сөз кезегін береміз.
1-жүргізуші : Ендеше,
Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан әлі
Ән-шашу әсем әуен, түрлі өнер,
Бүгінгі күн сіздерге арналады.
Ұстаз туралы ән сіздерге арналады, аяулы ұстаздар, қабыл алыңыздар!
1. Муз.номер А.Дүйсенов «Ұстазым» орын. Эльдар Орынбасар,Гаухар Нариманова
2.Муз.номер Халай биі.орындайтын жігіттер тобы
3.Рэп «Сәлем Ұстазым!» орын.Әлібек Айткалиев
1 жүргізуші: «Ұстаз» ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.
2 жүргізуші: Ия, ұрпаққа айтар ақылы, көрсетер өнегесі бар, аналық, әкелік сезімнің, дана ойдың ыстық лебі бар аға ұрпақ өкілдері, колледжіміздің жүрегі ардагер ұстаздарымыз ортамызда отыр. (қонақтарды таныстыру)
2-жүргізуші:
Не смейте забывать учителей,
Не смейте забывать учителей.
Они о нас тревожатся и помнят
И в тишине задумавшихся комнат
Ждут наших возвращений и побед.
Им не хватает этих встреч нечастых,
И сколько им ни минуло бы лет,
Слагается учительское счастье
Из наших ученических побед.
А мы порой так равнодушны к ним,
Под Новый год не шлем им поздравлений,
Иль в суете, иль попросту из лени.
Не пишем, не заходим, не звоним.
Они нас ждут, они следят за нами
И радуются всякий раз за тех,
Кто снова где-то выдержал экзамен
На мужество, на честность, на успех.
Не смейте забывать учителей.
1-жүргізуші: Ұстаз-шәкірт алдында сыйлы адам. Ұстаз жайлы айтылар сыр да, жыр да көп. Ұстаз сенімін ақтау-адамгершіліктің белгісі. Мұғалімнің жүрегі соғып тұруы үшін: жауаптылық, қажырлылық,, білімділік, жүректілік, сүйіспеншілік, сабырлылық керек екен.
4.Муз.номер.Пародия «Алло»
1-жүргізуші: Менің ойымша, кез-келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі ұстаздық - тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез-келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.
2-жүргізуші: Осы сөзің дәлелді бола түсу үшін мына жыр шумақтарын қосайын. Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы – деп ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай, біздің колледжімізде сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етеміз. Әрине, ұстаз жүгі–ауыр жүк. Адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік.
5.Алдарыңызда Ұстаздарға оқитын Еркебай Жанаргүл
6.Ән «Сыған серенадасы» орын.Райымбек Дүйсенгали
1-жүргізуші :
Әр сабағың өтіп жатыр білінбей,
Перне басқан оркестрдің үніндей
Әр баланың жүрегіне жол тауып,
Тұрасың сен, дирижер боп күлімдей.
Әр сабаққа кіресің сен сыйынып,
Жыр оқисың нөсер болып құйылып
Қас-қабағын қалт жібермей шәкірттің,
Қарайсың-ау нұр жүзіне сүйсініп
Жалын атып, от боп, бірге жанасың,
Білім беріп, содан бақыт табасың
Бар өмірің өрнектеліп баламен,
Жасарып бір мәңгі жас боп қаласың.
2-жүргізуші.
Сегодня мы на праздник собрались,
Нет праздника достойнее и краше.
Мы чествуем своих учителей,
Которых знают, любят все студенты наши.
Среди присутствующих в зале много педагогов с солидным стажем. Нам хочется выразить им особую благодарность не только за их профессионализм, но и за огромное терпение и человеческую мудрость.
1-жүргізуші Қазақ қызы күлімдер күн көзіндей,
Дөңгеленіп билейді ай жүзіндей.
Жұлдыздардай өрнекті аспандағы,
Биші қыздар бұрала билейді би.
6.Муз.номер Вальс орын.Жұлдыз бишілер тобы
1-жүргізуші:
Ұстаз мейірі-Ана мейірімі пара-пар,
Тұла бойға қуат болып таралар
Көп жасаңдар бұл өмірде шуақ боп,
Айналайын білім берген ұстаздар.
Ұстаз мектепте ұстаз болса, отбасында ол -аяулы ана. Ана туралы ән сіздерге арналады, аяулы ұстаз-аналар!
7.Ән «Ана туралы» орын.Алмагүл Жубанышева
8.Пародия «Практикант агай» орын.өнерлі өрендер үйірмесінің оқушылары
9.Муз.номер А.Ермолов «Учителя» исполняет Оля Погадаева
1- жүрг.
Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!
Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,
Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.
2 жүргізуші:
Радость и счастье пусть вам встретятся,
Пусть вам не встречается зло,
Пусть вам любится,
Пусть вам верится,
Пусть вам будет на свете тепло!
10.Муз.номер Пародия «Репка» орын. 59 топ оқушылары
11. Ән «Қазақ қызға үйленем» орын. Төлегенов Аманғали, Уразов Әуесхан
2-жүргізуші:
За поддержку и за понимании
Ценим мы своих учителей.
Дарите вы нам не только знания –
Отдаёте часть души своей!
12.Муз.номер «Ұстазым » орын. трио
1-жүргізуші:
Мұғалім, ғазиз мұғалім
Төгілген арай, шуағым
Арманым қонса, қолыма,
Арқаң деп сенің ұғамын
Мұғалім, ғазиз мұғалім
Сарқылса мәңгі бұлағым
Ұланың бүгін тойыңда
Арнайды саған бұл әнін.
Ән «Ұстазыма» . Хор.
2-жүргізуші: Творением рук каждого учителя, вызывающим порой гордость, а порой разочарование, является ученик или в данном случае студент. Добросовестный, любящий свое дело, верящий в добро учитель всегда борется за своего ученика. Студенты старших курсов нашего колледжа с большим чувством ответственности и благодарностью отмечают высокий профессионализм наших педагогов, поэтому нашим новичкам — студентам-первокурсникам волноваться не стоит — они попали в хорошие руки!
1-жүргізуші:
Бүгінгі күн құшақтарын гүлге толсын,
Дендеріңнің саулығы мықты болсын.
Білімімен суарған шәкірттерін,
Төл мерекең ұстаздар құтты болсын!
Құрметті ұстаздар, қонақтар! Бүгінгі ұстаздар мерекесіне арналған мерекелік жиынымызды жабық деп жариялаймыз. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп – көп рахмет!
2-жүргізуші:Уважаемые учителя и гости нашего сегодняшнего концерта! Мы очень надеемся, что вам понравился небольшой концерт, который подготовили для вас наши благодарные студенты. Еще раз от их лица поздравляем вас с вашим профессиональным праздником.
И в заключение праздника мы снова обращаемся к нашим дорогим учителям.
Дорогие наши педагоги,
Вам всем от души спасибо.
Вечно будет земля
Вашим трудом красива!
Наши учителя!
Сердечное вам спасибо!
1. Муз.номер А.Дүйсенов «Ұстазым» орын. Эльдар Орынбасар,Гаухар Нариманова
2.Муз.номер Халай биі.орындайтын
3.Рэп «Ұстазыма» орын.Алібек Айткалиев
4.Муз.номер.Пародия «Алло»
5.Алдарыңызда Ұстаздарға оқитын Еркебай Жанаргүл
6.Ән «Сыған серенадасы» орын.Райымбек Дүйсенгали
7.Ән «Ана туралы» орын.Алмагүл Жубанышева
8.Пародия «Практикант агай» орын.өнерлі өрендер үйірмесінің оқушылары
9.Муз.номер А.Ермолов «Учителя» исполняет Оля Погадаева
10.Муз.номер Пародия «Репка» орын. 59 топ оқушылары
11. Ән «Қазақ қызға үйленем» орын. Төлегенов Аманғали, Уразов Әуесхан
12.Муз.номер «Ұстазым » орын. трио

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген