400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ақкөңілділік туралы

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзiн-өзi тану пәнінен сабақ жоспары


Мектеп: № 78 мектеп-гимназия

Мерзiмі: 24.01.2020 ж

Сабақ: № 19

Тақырып: Ақкөңілділік туралы

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: Мейірімділік, кеңпейілділік, қайырымдылық

Пәнаралық байланыс: Әдебиеттік оқу, қазақ тілі, музыка, бейнелеу өнері

Мұғалiм: М. Байдуйсенова

Сынып: 3в Оқушы саны: 15


Сабақ мақсаты:

Оқушыларға ақкөңілділік қасиеті түсіндіре отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  • Оқушыларға мейірімділік қасиеті туралы түсіндіру ;

  • Оқушылардың мейірімділік, кеңпейілділік, қайырымдылық қасиеттерін дамыту;

  • Оқушыларды мейірімділікке, кеңпейілділікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:(интерактивті тақта,құралдар, мәлiметтер, нақыл сөздер,бейне фильм, плакат,сиқырлы кітапша, слайд)





Сабақ барысы:

5 «Т» ережесін еске түсіріп тәртіпке шақырып, сабаққа қажетті құрал-жабдықтарын түгендеу.

Тыныштық сәті: Баяу әуен қойылады «Нұрға бөлену».

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.

Үй тапсырмасын тексеру

Ақкөңілділік туралы бейне ролик көрсету.

Балалар бейне роликтің не туралы екендігін айтып, бүгінгі сабақтың тақырыбын ашады.

Үйге 91 беттегі Ермек Өтетілеуұлының «Рақым» әңгімесін оқуға берілген.

«Біз көңілді баламыз» ойыны арқылы суреттерді балалар ұяшықтан таңдай отырып, сұрақтарға жауап береді.


Сұрақтар:

  1. Сағаттың апасы қайда жұмыс жасайды?

  2. Жолаушылар пойызы қайда бара жатыр еді?

  3. Сағат пен апасы отырған бөлмеге кім жүгіріп келді?

  4. Ертай пойыздан қалай қалып қойды?

  5. Сағаттың апасы қандай көмек көрсетті?

  6. Сағаттың іс-әрекетінен қандай үлгі алуға болады?

  7. Өзіңнің ақкөңілділік танытқан кезің болды ма?

  8. Сағат қандай іс-әрекет жасап, ақкөңілділік танытты?

5 «Т» ережесі

Тәртіп

Тыныштық

Тазалық

Татулық

Талап


Дәйексөз.

Ақкөңілділік – адам ойының тазалығының көрінісі.

Жүсіпбек Баласағұни

Дәйексөзді әуелі ұл балалар , сосын қыз балалар қайталап айтады. Барлығы хормен айтады

Әңгімелеу. Мұғалім сыйы.

Мейірімділік туралы бейне роликті таспадан көрсету.

Оқушылардың бейне роликтен алған әсерлерімен бөлісу.




Шығармашылық жұмыс.

Жұптық тапсырма:

1- тапсырма

Диалог құрастыру.

-Ақкөңілділік қасиеті не үшін керек?

2- тапсырма

Сахналау.

3- тапсырма

Берілген сурет бөлшектерін құрастырып, бейнеленген сурет бойынша постер қорғау.

4- тапсырма

Төменде берілген сөздерден мақал-мәтел құрастыру.

Тиісті сөздер:

Жақсының,айт,нұры,жақсылығын, тасысын.(Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын).

5- тапсырма

Берілген сурет бөлшектерін құрастырып, бейнеленген сурет бойынша постер қорғау.

6- тапсырма

Берілген сөйлемді аяқта:

Ақкөңіл адам әрқашан...

Ақкөңіл адамның бойында...

Балалар қазір біздің мекенжайымызға сыйлық келген екен.Қарсы алайық.

«Сиқырлы кітап» ойынын ұйымдастыру.

Жалпыадамзаттық құндылықтарды табу.

АҚИҚАТ

СҮЙІСПЕНШІЛІК

ДҰРЫС ӘРЕКЕТ

ІШКІ ТЫНЫШТЫҚ

ҚИЯНАТ ЖАСАМАУ

Балалардың жауаптарына сүйене отырып, қорытындылаймын.

Жауап беріп отырған әрбір балаға ынталандыру сыйлығы соңында беріледі.

Топпен ән айту.

«Болайықшы осындай»

Сөзі мен әнін жазған А.Мыңжанова

Жақсы бала еңбекшіл

Ер азамат болады.

Қиындықты жеңіп кіл,

Құшағы гүлге толады.

Қайырмасы:

Еңбекшіл осындай,

Болайықшы, досым-ай.

Сүйсінеді қараған.

Ұқыпты деп бұл қандай,

Жақсы көрер бар адам.



Үй тапсырмасы

94 беттегі Ермек Өтетілеуұлының «Мейірбан» әңгімесін оқу.


Соңғы тыныштық сәті.

Баяу әуен қойылады.

«Мейірімді жүрек» атты ойын ұйымдастыру. 
Оқушыларға қағаздан әдемі етіп жасалған жүрекшенің үлгісі таратылып беріледі. Әр оқушы қасындағы көршісінің жақсы қасиетін білдіретін сөздерді айтып, сыйға тартады.

Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан алған жақсы ойларды бойларыңызға сіңіріп жүрегімізге түйіп алайық. Жайлап, көзеріңізді ашуға болады. Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рақмет!!!!




















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 ақпан
574
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі