400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ақкөңілділік туралы 11сабақ 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға адам өміріндегі ақкөңілділік қасиетінің маңыздылығын түсіндіре отырып,Сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Өзін-өзі тану бойынша сабақ жоспары


Бөлім:

Адам болам десеңіз... (ІІ бөлім)


Педагогтің аты-жөні

Садвакасова Индира Кайратовна

Күні:



Сынып: 6 «А»

Қатысушылардың саны: 22

Қатыспағандардың саны:0

Сабақтың тақырыбы №

Ақкөңілділік туралы (№11- сабақ)

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту

мақсаттары


Жалпыадамзаттық құндылықтардың маңызын түсінеді және өз өмірінде оларды басшылыққа алуға ұмтылады;


Құндылық:


Сүйіспеншілік

Қасиеттер:

Мейірімділік, Сыйластық, Кешірімділік, Қайырымдылық

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға адам өміріндегі ақкөңілділік қасиетінің маңыздылығын түсіндіре отырып, Сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу


Сабақтың міндеттері:

  1. Білімділік

  2. Дамытушылық

  3. Тәрбиелік

1.Оқушыларға адамның ақкөңілділік қасиеті туралы түсініктерін кеңейту

2. Оқушылардың бойындағы мейірімділік, сыйластық қасиеттерін дамыту

3.Оқушыларды кешірімділікке, қайырымдылыққа, бауырмалдыққа тәрбиелеу.


Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі/ Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар



Ұйымдастыру кезеңі

(1мин)






  1. Жағымды көңіл күй

(1-3 мин)


Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысуын тексереді.

«5Т» ережесін еске түсіреді.

1.Тәртіп

2.Талап

3.Тыныштық

4.Тазалық

5.Татулық



Мұғалім «Нұрға бөлену» жаттығуын өткізеді.

Оқушылар сабаққа дайындығын көрсетеді.




Оқушылар жағымды көңіл-күйге еніп, жақсы ойларды өрбітуге бейімделеді

6-сыныбына арналған оқулық ,ОӘҚ , Нұркеева С., Алиев Б.Ш., Бақаш Е. – Алматы ,2018

«Бөбек» ҰҒПББСО,2018



Ф. Шопеннің "Мечта" аудиожазбасы

https://zvooq.eu/

  1. Үй тапсырмасын тексеру (алдын ала берілген) (әңгімелесу)

(3-4 мин)

Мұғалім оқушыларға «Достар» мәтінін оқып,сұрақтарға жауап беруге тапсырма берді.

Сұрақтар:

  1. Жандос пен оның анасының ізгі әрекетінен қандай әсер алды?

  2. Адамға жақсылық жасау үшін онымен жақын туыс немесе дос болу міндетті ме?

  3. Ақкөңіл адамдар қандай қасиеттерімен ерекшеленеді?

  4. Өзгелерге көмек қолдарыңды соза білгенде қандай сезімде боласыңдар?






Оқушылар мәтін бойынша қысқаша түсінігін айтып шығуға болады.Мәтін бойынша әзірленген сұрақтарға жауап қайтарады

Оқулықтың

50-52 беттері


  1. Жағымды ой-пікір (дәйексөз) (әңгімелесу)

(3-4мин)


Махаббат, достық, бауырмалдық-адамның ең бір асыл қасиеттері.

Ғабит Мүсірепов

Достық, бауырмалдық деген ұғымды қалай түсінесіңдер?

- Жақсы адамның бойында қандай қасиеттер болады?

-Дәйексөзден қандай ой түйдіңдер?








Оқушылар дәйексөзді дауыстап оқиды, содан кейін ұлдар мен қыздар кезектесіп қайталап айтады.

Оқушылар мағынасын өз түсініктерімен жеткізіп айтады.

Оқушылар дәйексөзді дәптерге жазады

Презентация, слайд

жұмыс дәптерлері

4. Оқиға айту (әңгімелесу)

(4-8 мин)


Мұғалім оқушыларға «Ақылды егінші» деген бейнероликті көрсетеді.


Сұрақтар:

  1. Егінші ақшасын қалай жұмсайды?

  2. Егіншінің бойында қандай қасиетті байқадыңдар?

  3. Патша не үшін риза болды?

  4. Егіншінің балалары үмітін ақтады ма?

  5. Ата-аналар алдындағы парыздарыңды орындап жүрсің бе?

Оқушылар бейнеролик бойынша берілген сұрақтарға өз ойларымен бөлісе отырып, адамның байлығы мінезі екеніне тоқталады.












https://youtu.be/_oYEliyDUns

5.Шығармашылық жұмыс

(7-8 мин)



Жұппен жұмыс.

Мұғалім

оқулықтағы 1 тапсырма бойынша оқушыларға төменде берілген қажетті сөздерді пайдаланып, қасындағы сыныптасы екеуі бір-біріне мінездеме беріп, портретін жасау ұсынылады.

Қажетті сөздер: ізгілік, кешірімділік,кішіпейілдік,

адалдық,жанашырлық, кеңпейілдік,бауырмалдық,

ізеттілік,мейірімділік,

көпшілдік,түсіністік,

ынтымақтастық,татулық.



Оқушылар берілген тапсырмаларды орындай отырып, ақкөңіл, бауырмал болу қасиеттері бойынша түсініктерін кеңейтеді.

Оқулықтың

1-тапсырма

52-беті

  1. Үй тапсырмасы

(1-2мин)

Мұғалім оқушыларға Төлеген Қажыбаевтың «Әдеп» мәтінін оқып,сұрақтарға жауап беруге тапсырма береді.





Оқушылар үй тапсырмасын күнделіктеріне жазады.

Оқулықтың

55 беті

  1. Топпен ән айту

(2-3мин)



Мұғалім оқушылармен бірге

Серік Қалиев сөзіне жазылған,

Құрмаш Маханов тың әні

« Мейірімді болайықшы, бауырлар!» әнін орындайды.




Оқушылар мұғаліммен бірге ән шырқайды.

https://youtu.be/IYEF4dPvsmM

  1. Сабақтың қорытынды сәті

(1 мин)


Мұғалім оқушыларға сабақтан алған жақсы қасиеттерді еске түсіріп, оны жүрегінде сақтауды ұсынады. Мұғалім оқушыларға өз мақсаттарына жету үшін өзін-өзі тану өте маңызды екенін айтады.

Оқушылар рефлексия жасайды.













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
04.11.2021
687
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі