400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Ақкөңілділік туралы" 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға адам өміріндегі ақкөңілділік қасиетінің маңыздылығын түсіндіре отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп: № 8 көркем-эстетикалық білім беру.

Мерзім: 23.11.2021

Машықкер: Шакаримова Сабина

Сынып:6«в» Оқушы саны: 20

Тақырыбы: «Ақкөңілділік туралы»

Құндылық: дұрыс әрекет

Қасиеттер: қайырымдылық, ілтипаттылық,бауырмалдық

Сабақ мақсаты:

 оқушыларға адам өміріндегі ақкөңілділік қасиетінің маңыздылығын түсіндіре отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу

Міндеттері:

Білімділік: - оқушыларды қайырымдылық жасауға үйрету;

Дамытушылық: -  әрбір оқушыға жақсылық,ақкөңілділік қасиеттері туралы ұғымдарын кеңейту;

Тәрбиелік: - оқушыларды бауырмалдыққа,сүйіспеншілікке тәрбиелеу



Ресурстар: оқулық, дәптер, таратпа карточкалар, бейнеролик, әуен

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі:

- Сәлеметсіздер ме оқушылар

- Көңіл - күйлеріңіз қалай?

«Гүлмен тілек»

Оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.


5 Т ережесімен таныстыру

Shape1

Оқушылар арнайы дайындалып келген гүлді алақандарына салып тұрып, бір-біріне тілек тілейді және гүлдің астына жазылған сөздер бойынша топқа біріктіріледі

2. Жаңа сабақты ашу;ребус арқылы




3.Дәйексөз.

 «Махаббат, достық, бауырмалдық –адамның ең бір асыл қасиеттері» Ғ. Мүсірепов

1)Мейірімділік дегеніміз не? 2)Қайырымдылық жасау дегенді қалай түсінесің? 3)Дәйексөздің мағынасын қалай түсіндіңдер?


Оқушыларды дәйексөзбен таныстырып,ой-пікірлерін тыңдап,өз сөзіммен қорытындылаймын.

Хормен оқу

Жазып қою

Талдау


4 Мұғалім сыйы Әңгімелесу (аңыз әңгіме)

Өте ертеде бір патшалықта екі ағайынды өмір сүріпті. Екеуінің үйі таудың екі жағында болса да, олар бір - біріне көмектесіп, тату - тәтті өмір сүреді.
Бір күні ағайындылар егінді жинап алып, теңдей бөліп алады. Сол күні түнде үлкен ағасы ойлайды: «Біз егінді бірдей етіп бөліп алдық, бұл дұрыс емес. Інім жаңа ғана шаруашылығын бастап жатыр. Оған маған қарағанда көбірек керек.»
Ағасы тұрып, түнде інісіне бір қап бидайды апарып тастайды.
Ал бұл кезде інісі жатып, ол да ойлап жатады: «Жоқ, біз егінді дұрыс бөліскен жоқпыз. Ағамның отбасы үлкен, жасы да менен үлкен. Оған маған қарағанда көбірек керек.» Таңға жақын інісі де білдіртпей бір қап бидайды ағасына апарып тастайды. Таңертен ағайындылар өз қамбаларына қарап таң қалады. «Бұл қалай? Кеше бір қап бидайды ағама апарып тастап едім ғой, ал бидай азаймапты.» Олар қаптарды қайта қайта санайды да, таң қалады. «Бұл не ғажайып?!»
Түн болысымен ағасы мен інісі бір бидай қапты арқалап үйлерінен шығады.
Толық ай туып даланы жарықтандырып тұрған. Осы жерде қарағайдың түбінде екі ағайынды кездесіп қалады. Ағасы сұрай бастайды:
- Аааа, бұл сенбе? Кештетіп қайда бара жатырсың?
- Інісі айтады:
- Аааа, бұл сенбе едің? Ал сен қайда бара жатырсың?
Екеуіде үндемей қалады, бір - бірін түсіне қояды да, қарқылдап күліп жібереді.
Осыдан кейін екеуі бір - бірін одан да қатты жақсы көріп кетеді

Сұрақтар:

1) Ағайындылардың бір-бірне көрсеткен қамқорлықтарын немен түсіндіруге болады?

2)Ағайындылар бір-біріне неліктен жасырын түрде жақсылық жасады?

3)Жанашыр бауырдың бойында қандай құндылықтар мен қасиеттер болады?







5. Шығармашылық, топтық жұмыс:



Shape2

1 топ «Ақжарқындық»-ақкөңілділік тақырыбы бойынша сурет салу.

Мысалы:бүкіл әлемді,жақсылық жасап жатқан адамзаттарды салуға болады.

2 топ «Сүйіспеншілік»-сөйлемдерді өз ойларыңмен жалғастырып дәптерге жазыңдар

Мысалы:Ақкөңіл адам әрқашан....

Ақкөңіл адамның бойында.......

Ақкөңілділік дегеніміз.....

Ақкөңілділіктің маңызы зор,өйткені....

Ақкөңілділік басқа адамдар үшін.....

3 топ «Кеңпейілділік»-қажетті сөздерді пайдаланып,жұптасып диалог құрастырыңдар.

Мысалы қажетті сөздер:Ақкөңілділік,ақниеттілік,адалдық,ақжарқындық,ақпейілділік



6.Сергіту


7. Тапсырма: 52бет «Дәріденде күшті» мәтінді оқып сұрақтарға жауап беру


https://www.youtube.com/watch?v=wXU9KHKB47w



8 Топпен ән айту. Сөзі Е.Өтетілеуов
Әні И.Нүсіпбаев

«Жас дәуірдің түлегіміз»


Бау,бақша,белдер,
Орман, тау, көлдер

Көрікті шексіз даламыз.

Дәулеті тасқан,

Сәулет,іасқан
Көңілді ауыл, қаламыз.

Қайырмасы

Жадырап күндей,
Жайнаған гүлдей

Бақытты біздер баламыз!


Өзіміз,туған,
Көбелек қуған

Өлкеде өсіп, толамыз.

Жалықпай оқып,

Көңілге тоқып 

Білімді адам боламыз.

Қайырмасы

Жадырап күндей,
Жайнаған гүлдей

Бақытты біздер баламыз!





8.Үй тапсырмасы:

 Оқулықтағы 53 бет «Ғазизаның балалары»оқып келу,әңгімелеу.Сұрақтарға жауап беру



9. Сабақтың қорытынды сәті:

Сабақты бағалауларын стикерлерге -екі жұлдыз, бір тілек рефлексиясын орындату




10.Соңғы тыныштық сәтi.

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп,жүректеріңізге түйіп алыңыздар.

Дұрыс әрекет,дұрыс әрекет,дұрыс әрекет бар жерде

Дұрыс әрекет,дұрыс әрекет,дұрыс әрекет бүкіл әлемде.


https://youtu.be/JZZ3y30leUM





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17.12.2021
581
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі