400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ақкөңілділік туралы ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Оқушыларға ақкөңілділік адамның ең ізгі қасиеттерінің бірі екенін түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тексерілді: _______________

«____»______________________

Пән: Өзін – өзі тану

Мектебі: ____________________

Күні: _______________

№: 19

Мұғалімі:

Сыныбы: 3

Оқушылардың саны:

Тақырыбы: Ақкөңілділік туралы

Құндылығы: Сүйіспеншілік

Қасиеттері: Бәрін жақсы көру, бауырмалдық, татулық.

Мақсаты: Оқушыларға ақкөңілділік адамның ең ізгі қасиеттерінің бірі екенін түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

1. Білімділік: Оқушыларға айналасындағы барлық адамдарды жақсы көрудің маңызын ұғындыру.

2. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы бауырмалдық қасиеттерін дамыту.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды тату болуға тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

1.bilim-all.kz

2.https://infourok.ru

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Т – ережесі:

  1. Тәртіп.

  2. Талап.

  3. Тыныштық.

  4. Тазалық.

  5. Татулық.
    Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Тыныштық сәті. «Орманға серуен». Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз,  қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз.  Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз! Рахмет.


Топқа бөлу: Оқушылар үш түрлі- түсті шарларды таңдай отырып топқа бөліну.

1-топ: Мейірімділік

2-топ:Ақкөңілділік

3-топ:Ақпейілділік

  1. Үйге тапсырманы тексеру.

1. Келесі сабақ. №19, «Рақым» мәтінін оқып келу.

Сұрақтар:

1. Сағаттың кеудешені ұсыну себебі неде?

2. «Шын жақсыда тарлық жоқ» дегенді қалай түсінесіңдер?

3. Сағаттың іс – әрекетінен қандай үлгі алуға болады

3. Ведеоролик көрсету арқылы жаңа сабақты бастау


4.Сабақтың дәйексөзі.

Ақкөңілділік - адам ойының тазалығының көрінсі

Жүсіп Баласағұн 

Сұрақтар:

1. Мейірімділікті қалай көрсетуге болады? 
2. Өздеріңе мейірімділік көрсеткен кезде қандай сезімге бөлендіңдер? 

3. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?

Ана –халық ұғымында жаратушы. Олай дейтініміз табиғатты да, адамды да дүниеге әкелуші ана. Ал барлық нәрсенің дүниеге келуі үлкен мейірім мен шапағаттан пайда болады. Табиғаттың барлық жанға бірдей мейірімді болуы сондықтан. Адамның да ананың кіршіксіз мейірімен берілген мейірімділігін сақтап қалу өз қолында.


5.Оқиға айту (Мұғалім сыйы). Аудио

Ақылды егінші

Егінші ақшасын қалай жұмсайды?

Егіншінің бойында қандай адамгершілік қасиеттер бар?

Патша не үшін риза болды?

Егіншінің балалары үмітін анықтады ма?

Ата-аналар алдындағы парыздарыңызды орындап жүрсіздерма?

Кітаппен жұмыс 1 тапсырманы орындау

Ақкөңілділік қасиетін қандай сөздермен сипаттауға болатынын анықтаңдар. Осы ұғымға сәйкес сөздерді табыңдар.


  1. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

Тапсырма: Әр топқа үш түрлі тапсырма беріледі, сол тапсырманы оқушылар қорғап шығулары қажет

1-топ: Мейірімділік тобына сурет салу тапсырмасы беріледі

2-топ:Ақкөңілділік тобына ретсіз берілген мақал-мәтелдерді құрастыру

3-топ:Ақпейілділік тобына берілген суретке әңгіме құрастыру


  1. Топпен ән айту. Көңілді күн

Теріп едік жемісін сезім бақтың,

Сыйластықтың алауын өзің жақтың.

Сенің думан тойыңның әнін естіп,

Есігіңді шыдамай өзім қақтым.

[Қайырмасы]

Бүгін қандай тамаша 

Көңілді күн 3-рет

Сені қуанышыңмен құттықтаймын 

Бақытты бол, жан досым!

Бір тамаша отырдың өмірге еніп,

Жүзің бал бұл жадырап көңілденіп.

Есігіңнен мен кіріп келгенімде

Қуандың ау балаша мені көріп.

[Қайырмасы]

Бүгін қандай тамаша 

Көңілді күн 3-рет

Сені қуанышыңмен құттықтаймын 

Бақытты бол, жан досым! 


8. Үйге тапсырма

1. №19 – сабақ. 6 – тапсырманы орындау.

2. Келесі сабақ. №20, «Мейірбан» мәтінін оқып келу.

Кері байланыс «Бас бармақ» тәсілі


9. Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Шарды үрлеу арқылы тыныс алу (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3]. Рахмет!

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 ақпан
636
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі