400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ақмаңдайлымды әуелеткен - Роза Бағланова

Материал туралы қысқаша түсінік
КСРО, Қазақстан және Қырғызстанның Халық әртісі, әлемге әйгілі әнші Роза Бағланова жайында баяндалады.
Материалдың қысқаша нұсқасы
Ақмаңдайлымды әуелеткен
Роза Бағланова

• «2022 жылдың 1 қаңтарында қазақтың бұлбұл әншісі

Роза Бағланованың туғанына 100 жыл толады. Ол –
Қазақстанның
және
КСРО-ның
халық
әртісі,
Қазақстанның Халық қаһарманы. Майдан даласында ән
салған Р. Бағланова қазіргі күнге дейін еліміздегі және
шетелдегі ән сүйер қауым арасында кеңінен танымал.
Оның есімін мәңгі сақтау үшін шаралар қабылдауды
тапсырдым»

Әнші
(сопрано)
Халық
Қаһарманы
(1996)
Роза Бағланова

Тарлан
сыйлығының
иегері

Кіші жүздің
Жағалбайлы
руынан

1922 жылдың
бірінші
қаңтарында
Қызылорда
облысы, Қазалы
қаласында
дүниеге келген.

ҚазКСР – інің
(1955) және
КСРО (1967)
халық әртісі

• Роза Бағланованың әкесі Тәжібай бақуатты кісі

болған. Әуелі татар қызы Мәриямға үйленген. Кейін
Күндей деген шешесі ер адамға ізін жалғастыратын
ұрпақ керек деп, екінші рет Ақкүріш деген қазақ
қызын алып береді. Екі әйелі қатар босанып,
Мәриямнан Ыдырыс деген ұл, Ақкүріштен Роза
дүниеге келді. Аумалы-төкпелі кезеңде Тәжібай
отбасы Ташкентке қоныс аударады. Роза Бағланова
тетелес бауыры Ыдырыстың әскерге кеткенін ғана
біледі. Содан ол хабарсыз кеткен.
• Роза Бағланова екі рет тұрмыста болған. Бірінші

күйеуі Кеңес
Одағының Батыры Садық
Әбдіжаппаровпен жеті жыл отасты. Екінші жұбайы
Сатыбалды Жатбаевпен он жылға жуық тұрған.
Роза Бағланова 47 жасында ұлды болып, есімін
Тәжен деп қояды. Келіні – Марал, немерелері –
Ақерке, Тәжібай, Үрбибі.

• Роза Бағланованың өмірінде танымал адамдармен

көптеген кездесулер болды. Ол Вертинский,
Уланова, Плисецкая, Игорь Ильинский, Аркадий
Райкин, ұлы Рихтер және шафранмен бір сахнада
өнер көрсеткенін айтты. Сталин, Хрущев,
Брежнев, Ким Ир Сен және Мао Цзэдун үшін ән
айтты. Джавахарлал Неру мен Индира Гандимен
дос болды.

"Иосиф Сталин қос бұрымыма мақтау айтты"
• Роза

Бағланова 1946 жылы Мәскеуде өткен
Бүкілодақтық эстрада әншілерінің ІІ-конкурсының
дипломанты, 1949 жылы Бухаресте өткен Жастар мен
студенттердің ІІ-Бүкілдүниежүзілік фестивалінің
лауреаты атанды. Осында КСРО елінің атағын
асырып, "Ах, Самара-городок" әнін айтып, Роза
Бағланова бас бәйгені қанжығалайды. Осы сапардан
оралғанда ол өзін Сталин шақыртып жатқанын естиді.
Жалпы, ол кісінің қабылдауында әнші үш рет
болыпты.

Қазақтың ұлттық киіміне тәнті болған Елизавета
патшайым
• Роза Бағланова шетелді көп аралаған КСРО

әншісі. Мұндай мүмкіндік ол кезде көп
әншінің
бағына
бұйыра
бермейтін.
Сондықтан оған қызғана қараған әріптестері
көп болған. Ол АҚШ, бүкіл Еуропаны
аралап, концерт берген. 1957 жылы
гастрольдік сапармен Венгрия, Германия,
Қытай, Польша, Чехословакия, Ауғанстан,
Үндістан, Австрия, Бельгия, Бирма, Швеция,
Канада сынды елдерде болған. Тіпті
Елизавета патшайымның алдында ән
шырқаған. Сталиннің жеке қабылдауында үш
рет концерт берген. Сахнадағы сұлу қыз
ерекше дауысы мен үстіндегі ұлттық
киімімен елдің жүрегін баураған.

Елизавета патшайым гастрольдеп
барған орыс қыздарын көзге ілмепті,
бірден тікесінен Бағлановаға қарай
тартыпты. Қасына келгенде: "Қазақ
әйелдерінің киген киіміне қарап-ақ
олардың қандай халық болғанын
тануға болады. Бұл киім байлық пен
талғамды аңғартады", - депті.

• Қазалы

ауданы, Әйтеке би кенті, аудандық
мәдениет үйінің ауласында орналасқан.
• 2015 жылы 30 мамырда Роза Бағланованың туған
жері Қазалы ауданында әншінің ескерткіш-бюсті
ашылды. «Жеңіс» саябағында салынған Роза
Бағланова атындағы 300 орындық мәдениет
Үйінің алдына Қазақстанда алғаш рет әншінің
ескерткіш-бюсті қойылды. Роза Бағланова
мүсінінің авторы – Қазақстан Республикасының
халық мүсіншісі, өнер қайраткері Бақытжан
Әлімбайұлы Әбішев. Мүсін 2,0 натуралық
өлшемде қола материалынан құйылған. Биіктігі
0,9 метр, салмағы 350 кг. Тұғыры бетоннан
құйылып,
сырты
гранитпен
қапталған.
Өлшемдері h-2 метр, 80х60 см.
Материалды PDF форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
10.01.2023
431
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі