Сабақтың
тақырыбы: «Ақмаңдайлымды»
әуелеткен Роза
Бағланова.
Сабақтың
мақсаты: оқушыларды пәнге деген
қызығушылығын арттыру. Музыка тыңдау, оны талдауға баулу, музыка
характерін, мазмұнын салыстыра отырып, талдауға үйрету.
Сабақтың
міндеттері:
Білімділік: әнші бұлбұлымыз Роза
Бағланова жайлы әңгімелеу.
Дамытушылық: әнді сезіммен
орындауға үйрету, ән айту ережелерін сақтауға үйрету
Тәрбиелік: Табиғатқа, жан
–жануарларға сүйіспеншілігін арттыру, ана тілін құрметтеуге, Өз
елінің мәдениетін қастерлеуге тәрбиелеу
Сабақтың
түрі: Жаңа білімді
меңгеру
Сабақтың
ұйымдастырудың әдіс- тәсілдері: сұрақ – жауап, сергіту сәті, топпен жұмыс,
пікірталас
Сабақтың
көрнекілігі: слайдтар, белсенді
тақта,бейнекөріністер, сазгерлердің портреттері, домбыра ,баян,
фортепиано
Музыкалық материалдар:
Ән
тыңдау: Роза Бағланованың
орындауында Шәмші Қалдаяқовтың «Ақмаңдайлым» әні.
Жаңа ән
үйрену: «Ақмаңдайлым» сөзі
М.Әлімбаев
Сабақ
барысы
Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу (әндете), оқушыларды
түгендеу, сабаққа даярлығын тексеру
Үй
тапсырмасын сұрау
1. Қаршыға Ахмедиаров күйшілік
өнерге қандай үлес қосты?
2. Қаршыға Ахмедиаровтың қандай
«Арнау күйлері» бар?
Жаңа сабақ.Қазақтың эстрада жанрын қалыптастыруда
халықтың ыстық ықыласына бөленіп, биік бағасын алған, әндерін әрбір
халық баласы шырқай кететін әйгілі композитор Шәмші Қалдаяқов
болды. Ал Шәмшінің көптеген әндерін елге танымал еткен Роза
Бағланова еді. Қазақ эстрадасының көшін бастаушы Роза Бағланова деп
аса мақтанышпен айта аламыз. Роза Бағланова көптеген жаңа заман
әндерін алғаш рет ел арасына таратып, жаңа буын әншілердің шығуына
зор ықпалын тигізді. Ол осындай қажырлы енбегі үшін «Халық
қаhарманы» атағына ие болды.
Ал енді Шәмші Қалдаяқовтың
«Ақмаңдайлым» әнінің шығу тарихына үңілейік.
«Күз мезгілінің жайма шуақ,
жадырап тұрған күндерінің бірі болатын. Алтын бақтай қызыл – сары
жапыраққа оранған ағаштарды тамашалап, арман мен қиялға шоған
жастар бір – бірімен сырласып барады. Саябақты аралап жүргендердің
ішінде Шәмші де бар. Ол сезімімен сырласып алабұртқан жастарды
көзінің қиығымен бір шалып, терең ойға батады. Ойы сәл саябырлап
барып қайыңның түбіндегі бір орындыққа жайғаса кетеді. Сол уақытта
әлгі әуен жүрегінің түбінен тұрақтап, асау көңілі орнына түскендей
болады.
Жаңа ғана тұрақтаған әуен жан
дүниесін әлдилей жөнелді. Осы ырғақтың ықпалынан шыға алмай біраз
отырады да, тұрып кетеді. Жұрт жұмыстан қайтатын кез еді. Шәмші сол
бойда өлеңдерін жиә оқитын ақын Мұзафар Әлімбаевты «Балдырған»
журналының редакциясына арнайы іздеп барады. Барған бойда жаңа
туған әніне мәтін жазып беруін өтінеді. Ыңылдап әуенін де айтып
береді. Шәмшінің әуеніне сүйсінген Мұғазаң жас талаптың өтінішін
жерге қалдырмай «Ақмаңдайлым» өлеңін жазады. Ертеңіне екеуі «Бұл
әнді кімге ұсынамыз?», - деп кеңеседі. Сөйтіп бұл әнді Шәмші
ағамызбен Мұзафар Әлімбаев Роза Бағлановаға ұсынады.»
Сөйтіп Шәмші Қалдаяқовтың
«Ақмаңдайлым» әні дүниеге келіп, әлі күнге дейін халықтың ыстық
ықыласына бөленіп келеді.
Ән
тыңдау: Роза Бағланованың
орындауында Шәмші Қалдаяқовтың «Ақмаңдайлым» әні.
Жаңа ән
үйрену:«Ақмаңдайлым» сөзі
М.Әлімбаев
Ақмаңдайлым
Көк майса Алатаудың
бөктерінде,
Гүл тердік жастық шақтың
көктемінде.
Алдымнан арманымдай жерқ етіп
ең,
Қолымды жеткізгендей көкте
күнге.
Қайырмасы:
Айналдым, ақмаңдайлым,
Ақылдым, бал
таңдайлым.
Жалынды жас дәуренде,
Ұялма, «жан сәулем»
де.
Жақсылықтың жоқ, сәулем, ерте –
кеші,
Жадырашы, назданшы,
еркелеші.
«Сен» деген ыстық сөзің артық
еді,
Өзіңе іштей мені тартып
еді.
Өзгеге өзін қимас ер
көңілім,
Лебіңнен қорғасындай балқып
еді.
Қайырмасы.
«Сен» деген ыстық сөзің артық
еді,
Өзіңе іштей мені тартып
еді.
«Сіз» деген салқын сөзден
қорқамын ғой,
«Сен» десең көңіл қайта шалқыр
еді.
Қайырмасы.
Сабақты
қорыту:
1.Қазақ эстрадасының қалыптасуына
ықпал еткен комопзитор мен әншіні білесің бе?
2. «Ақмаңдайлым» әні дүниеге
қалай келеді?
Үйге
тапсырма: «Ақмаңдайлым» әуелеткен
Роза Бағланова» жайлы оқу.
Бағалау:Сабаққа ынтамен қосылып
отырған балаларды бағалау