Сабақ
жоспары
Ұзақ
мерзімді жоспардың тарауы: Ақпарат
және оны өңдеу.
Сынып:
5
Қатысқандар:
Қатыспағандар:
Сабақтың
тақырыбы Ақпарат және оны өңдеу.
Жоба
жұмысы
Осы
сабақта қол
жеткізілетін
оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына
сілтеме)
Әр
түрлі формада ақпаратты атап шығу және
көрсету
Сабақтың
мақсаты
Барлық
оқушылар: әр түрлі формада ақпаратты
біледі, атайды
Көпшілік
оқушылар: ақпарат түрлеріне мысалдар
келтіреді
Кейбір
оқушылар: әр түрлі ақпарат түрлерін
пайдаланып жоба жасайды.
Бағалау
критерийі
ақпаратты
әр түрлі формада ұсынады
мысалдар
келтіреді
ақпараттың
әр түрлі формасын пайдаланып жоба
жасайды
Тілдік
мақсаттар
Графика,
символ, сигнал, бейнелік, таңбалық
Құндылықтарға
баулу
-Шығармалышық және
сын тұрғысынан ойлау
-өзгелердің
мәдениетіне және көзқарастарына
құрметпен қарау.
-жауапкершілік
-өмір
бойы оқуға дайын болу
Пəнаралық
байланыс
Математика,
қазақ тілі, орыс тілі, дүниетану
Алдыңғы
білім
Ақпарат
сөзін қалай түсінеді. Ақпараттың түрлері.
Ақпаратты қайдан қалай аламыз.
Сабақ
барысы
Сабақтағы
жоспарланған жаттығу түрлері
Ресурстар
Сабақтың
басы
5
мин
І.
Ұйымдастыру кезеңі.
-
Оқушылармен сәлемдесу;
-
Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру;
Ынтымақтастық
ахуал туғызу;
Оқушылар
шеңбер құрады. Ортада сиқырлы қобдиша
тұрады. Сыйлықтар – қағазға жазылған
адамгершілік қасиеттер.Мысалы:пысық,
сүйкімді, жарқын жүзді, салмақты, батыр,
әдемі, білімді, мықты, жылдам, өжет, ұяң,
өнерлі.
Жаттығу
шарты: Қобдишадан әр оқушы кезекпен бір
сыйлықты таңдап алып, ішінде жазылған
сөзді лайықты деп санаған адамға
сыйлайды. Сыйлықтар үлестірілгеннен
кейін, шеңбер бойынша өзінің сыйлығын
айтады
Сонымен,
қоршаған орта да осы қасиетке сізді
лайық деп таныса, жеке-жеке қошемет
көрсетейік. Сыйлықтарыңыз құтты болсын!
Орындарымызға отырайық.
ІІ.
Үй тапсырмасын сұрау
«Серпілген
доп» әдісі арқылы оқушылардан үй
тапсырмасын сұрау
Ақпарат
дегеніміз не?
Ақпаратты
қайдан аламыз?
Ақпаратты
өңдеу деген не?
Ақпарат
түрлерін ата.
Растрлық
кескін дегеніміз не?
Растрлық
кескін ақпараттың қай түріне жатады?
Сабақтың
ортасы
15мин
3мин 12мин
1-тапсырма
«Тылсым табиғат» тақырыбында постермен
жеке жұмыс, жоба жасайды
Сергіту
сәті видеоролик
2-тапсырма
«Тілші» әдісі арқылы әр оқушы жасаған
жобасын қорғайды.
Дескриптор:
-Ақпаратты
мәтіндік формада ұсынады;
-ақпаратты
графикалық формада ұсынады;
-ақпаратты
дыбыстық формада ұсынады;
-ақпаратты
сандық формада ұсынады;
-өз
жобасын қорғайды.
Сабақтың
соңы 5 мин
Рефлексия
«ҚҚҚ» әдісі арқылы өз ойларын жазып,
«Блоб» ағашына стикерге атын жазып,
өзінің сабақ барысында қай жерде тұрғанын
айтып іледі.
Үйге
тапсырма Қорғаған жұмысқа байланысты
эссе жазып келу.