400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ақпарат өлшем бірліктері

Материал туралы қысқаша түсінік
Ақпараттың өлшем бірліктері
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқас мерзімді сабақ жоспары

Мектеп: «Қ.Дәрімбаев атындағы №41 ЖОМ» КММ

Күні: 01.03.2019ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Абдихаликова С.С.

Сынып: 7 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Ақпараттың өлшем бірліктері.

Оқыту мақсаты:

7.2.1.2.Ақпараттың бір өлшем бірлігін келесі өлшем бірліктерге ауыстыруды жүзеге асыру.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар: Ақпараттың өлшем бірліктерін білу және өлшем бірліктерін рет-ретімен айту.

Оқушылардың басым бөлігі: Әртүрлі өлшем бірліктердің өзара ортақ қасиеттерін қолдану.

Кейбір оқушылар: Әртүрлі дерек көздердегі (газет, журнал, кітап) ақпараттың өлшемдерін талдау.

Бағалау критерийі:

Оқу дағдысы:

білу, түсіну, қолдану, талдау.


Ақпараттың өлшем бірліктерін біледі және өлшем бірліктерін рет-ретімен айтады.

Әртүрлі өлшем бірліктердің өзара ортақ қасиеттерін қолданады.

Әртүрлі дерек көздердегі (газет, журнал, кітап) ақпараттың өлшемдерін талдайды.

Тілдік мақсаттары:

Пәндік лексика және терминология

Бит, байт, кегабайт, мегабайт, терабайт.

Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер:

Ақпараттың өлшем бірліктерін жаз және олардың маңыздылығын түсіну барысында оқылым, жазылым, тыңдалым компоненттері қолданылады.

Құндылықтарға баулу:

Индустряландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу құндылығына сәйкес еңбек ету және шығармашылық қабілеттерін дамытуға баулу.

Пән аралық байланыс:

Математика - ақпараттың өлшем бірліктерін екінші өлшем бірлікке ауыстыру үшін есептеуде көбейту, бөлу амалдарын қолданады.

Физика - ақпараттың өту жылдамдығын анықтау кезеңінде.

Жоспар

Жоспарлаған

уақыт

Жоспарлаған жаттығулар (төмендегі

жоспарланған жаттығулармен қатар

ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Сабақтың басы:


10 минут

Рисунок 5



Ұйымдастыру кезеңі.

- Оқушылар мен сәлемдесу.

- Оқушыларды түгендеу.


«Молекула» әдісі арқылы үш топқа біріктіремін. Әр топ «Ақпарат», «Мегабайт», «Терабайт»-деп аталады.

Оқушыларды жан-жақты дамыту үшін, алдынғы білімді пысықтау барысында «Ұшақ» тәсілін пайдаланамын.

Рисунок 8


Ұшақтың бір қанатына сұрақ жазып, бір-біріне ұшырады. Тосып алған білім алушы екінші қанатына жауабын жазады.

  • Ақпарат дегенміз не?

  • Ақпарат алу көздерін ата?

  • Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі қандай?

  • Ақпаратты біз қалай аламыз?

«Жүрекше» арқылы бағаланады. Қолдарымен жүрек көрсетеді.

Жүрек тік тұрса – өте жақсы

Жүрек көлденең тұрса – жақсы

Жүрек төмен тұрса- нашар

























Сабақтың ортасы:


15 минут




























































10 минут

Жаңа тақырып:

Бит-бұл ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі. Қазақ алфавиті 42 әріптен тұрады. Күнделікті өмірде ақпараттың өлшем бірлігі ретінде – байт жиі қолданылады.

Байт-бұл 8 биттен тұратын ақпараттың өлшем бірлігі.1байттың көмегімен әртүрлі 256 символды кодтауға болады (28=256).

Ақпараттың өлшеу бірліктерінің ара қатынасын көрсетіп, нақты мысалдармен бір бірліктен басқаларына ауыстыруды көрсету.

1 байт = 8 бит

1 Килобайт (Кбайт) = 1024 байт

1 Мегабайт (Мбайт) = 1024 Кбайт

1 Гигабайт (Гбайт) = 1024 Мбайт

1 Терабайт (Тбайт) = 1024 Гбайт

1 Петабайт (Пбайт) = 1024 Тбайт

1 Эксабайт (Эбайт) = 1024 Пбайт

1 Зеттабайт (Збайт) = 1024 Эбайт

1
Йоттабайт (Йбайт) = 1024 Збайт











Биттен байтқа ауыстыру үшін бөлу

32 бит : 8 бит = 4 байт

64 бит : 8 бит = 8 байт

1200 * 600 = 720000 нүкте = 720 000 байт

Байтты килобайтқа айналдырамыз:

720 000 : 1024 = 703,125 Кбайт.


1 – Тапсырма. «Кластер» әдісі.

Тақырыптардың байланыстары туралы сұрақтар құрастырып, оларға жауап іздейді, идеяларды жинақтайды.

  1. Байт, килобайт, мегабайт және гигабайт дегеніміз не?

  2. Өлшем бірліктер өзара қалай байланысты?

  3. Берілген ақпараттың өлшем бірліктерін өсу ретімен орналастырыңдар: Терабайт; Кбайт; Мбайт; Байт; Бит; Гбайт;

Дескриптор:

Ақпараттың өлшем бірліктерін біледі;

Өлшем бірліктерін ажырата алады;

Өлшем бірліктерін өсу ретімен орналастыра алады.

Қалыптастырушы бағалау: Оқушылар «Серпілген сауал» әдісі арқылы бір-бірін бағалайды.

2 - Тапсырма «Қолдану» деңгейі.

«Буклет» әдісі.

Бұл әдіс топпен жұмыс жасалады және «Автобус аялдамасы» әдісімен түсіндіріледі.
Салыстыру

2,3мбайт 50100 кбайт

0,3тбайт 2,1мбайт

1,1 тбайт 200 мбайт

3020 байт 3,2 кбайт

Дескриптор:

Ақпараттың өлшем бірліктерін салыстыра алады.

Қалыптастырушы бағалау: «Пікір алмасу» әдісі арқылы оқушыларды бағалаймын.

Мен ... екендігін түсіндім.

Мен енді ... жасай аламын



3 - Тапсырма «Талдау» деңгейі.

«Зерттеушілік конференциясы» әдісі.

1-қадам.Тақырып беріледі. 2-қадам.Топтардың тапсырмаларын анықтау. Сен қалай ойлайсың?

Не себепті ақпараттың жеткізілу жылдамдығы бит/сек, байт/сек, мбайт/сек, гбайт/сек-пен өлшенеді?

Әр секунд сайын интернеттен жүктелетін ақпараттың санына байланысты.

Дескриптор:

Ақпараттың жеткізілу жылдамдығының өлшеу жолдарын біледі.

Қалыптастырушы бағалау: Оқушылар «Конверттегі сұрақ» әдісі арқылы бір-бірін бағалаймын.

Мәтін

ақпаратты өлшеу бірліктері


Сабақтың соңы

5 минут



«Т кестесі» әдісі арқылы оқушылар жақсы және кері жақтары, «+,-» білгісі келетінін стикерге жазып, кері байланыс жасайды.

«Т кестесі» әдісі

Жақсы жақтары

«+»

Кері жақтары

«-»










Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Баяу оқушыларға нұсқаулар беріп, түрткі сұрақтар қойылады. Қолдау қажет ететін оқушыларға көп ынталандыру (Жарайсың, бұданда жақсы жұмыс істей аласың) сөздерін айтамын. Қабілетті оқушыларға күрделі тапсырмалар беріледі.

«Шабадан, еттартқыш, қоқыс жәшігі» әдісі арқылы кері байланыс жасаймын. Тақырып бойынша алған керекті ақпараттарды өздеріне жазып алады. Тапсырмаларды дескриптор арқылы бағалау. Оқушылардың білімін жетілдіремін. Қабілеті төмен оқушыларға бағыт-бағдар беріп мадақтаймын. Оқушылар өздерінің бүгінгі сабақта алған білімдерін стикерге жазып «Білім жәшігіне» жабыстырады.




Оқушылардың компьютер алдында дұрыс отыруын қадағалау.

Компьютерде жұмыс 25 минуттан аспау.


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме?

Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?





Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:


Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:


Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
4 наурыз
608
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі