400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ақпарат өлшемі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ақпараттың өлшемі, ықтималдық әдіс
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Мектеп: «Қ.Дәрімбаев атындағы №41 жалпы орта мектебі» КММ

Күні: 01.03.2019 ж

Мұғалімнің аты-жөні: Абдихаликова С.С.

Сынып: 8

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Ақпараттың өлшемі



Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.2.1.1 Ақпарат көлемін анықтауда ықтималдық әдісті қолдану


Сабақтың мақсаты

1. Оқушылардың барлығы ақпарат өлшемі мен көлемін анықтауды білу.

2. Ақпарат көлемін анықтауда ықтималдық әдісті қолдану.

3. Есептерді шешу кезінде мүмкін болатын ықтималды оқиға саны мен ақпарат көлемін табу.

Бағалау критерийі

  • Ақпараттың өлшемі ұғымын анықтайды;

  • Ақпарат көлемін анықтауда ықтималдық әдісті қолданады;

  • Есептерді шешу кезінде мүмкін болатын ықтималды оқиға саны мен ақпарат көлемін есептейді;

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу, түсіну, қолдану

Тілдік мақсаттар


Пәндік лексика және терминология

Бит, байт, ықтималдық әдісітері, ақпарат көлемі.


Тілдесу үшін пайдалы лебіздердің легі/жазылым:

Ақпараттың жалпы көлемі …. .болып саналады

  • біздің есептеуіміз мынаны көрсетті/көрсетеді, яғни …

  • Біз түсіндік, оның…

  • Осылайша біз анықтадық, оның …

Қорытындылай келе, біз түсіндік, оның …

Құндылықтарға баулу




Патриоттық сезімі, ұлттық сана-сезімі, ұлттық рухы, азаматтылығы мен әлеуметтік белсенділігі жоғары деңгейлі зияткер әрі бәсекеге қабілетті тұлғаға тән қасиетке баулу. Оқушылар бір – бірінің ойын тыңдайды, өзара сыйластықты қалыптастырады. Жұпта, топта жұмыс істей білуге, оқушыларды ұйымшылдыққа баулу.

Пәнаралық байланыс

Алгебра және анализ бастамалары (дәрежелік теңдеу шешуде, өлшем бірліктерді есептеуде);

қазақ тілі (өз бетінше мәтінді есеп құрастыру) ,

ағылшын тілі (сөздік)

Алдыңғы білім


7.2.1.1 Ақпараттың өлшем бірліктері

Сабақ барысы



Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар


Сабақтың басы

(1 мин)




5 мин

Ұйымдастыру кезеңінде «Гүлмен тілек» әдісі арқылы арнайы дайындалып келген гүлді алақандарына салып тұрып, бір-біріне тілек тілейді және гүлдің астына жазылған сөздер бойынша

«Ақпарат» тобы және «Алгоритм» тобы болып екі топқа бірігеді.


Алдыңғы білімді пысықтау үшін «Өрмекші торы» әдісін қолданамын.

Надпись 1

Ақпарат

Надпись 5

килобайт (Кбайт)


Прямая со стрелкой 1 Прямая со стрелкой 2 Прямая со стрелкой 4 Прямая со стрелкой 5 Прямая со стрелкой 12 Прямая со стрелкой 13 Прямая со стрелкой 14 Надпись 2

bit

Надпись 3

bayt=8 bit

Надпись 4

ақпараттың көлемі

Надпись 6

мегабайт (Мбайт)

Надпись 7

Ең үлкен өлшем бірлік –

йоттабайт (Йбайт)







Постер



Сабақтың ортасы

(10 мин)



































5 мин

























15 мин





























Жаңа сабақ

Жаңа сабақты BilimLand.kz сайты арқылы түсіндіремін.

А мерикандық инженер Ральф Хартли 1928 ж. ақпарат алу үрдісін алдын ала берілген шектелген N тең ықтималды мәліметтер жиынынан бір мәліметті таңдау деп қарастырған.



N – мүмкіндік болатын ықтималды оқиға саны;
​
х – ақпарат көлемі

Оқушыларға есепті түсіндіремін.

Оқушылар хауызға барды. Хауыздың 8 жолағы бар. Нұсқаушы олардың 3 жолақта ғана жүзуге болатынын хабарлады. Осы хабардан кейін оқушылар қанша жолақта жүзеді? Есептің берілуін төмендегі үлгі бойынша жазамыз:

Берілді:
𝓝= 8

Шешімі:
​
N = 2х
​8 = 2
х =>  х = 3.

Жауабы: 3 бит.

Табу керек: х–?

Яғни, 2-нің қандай дәрежесі 8-ге тең деген сұраққа жауап береміз.


1-тапсырма.

«Сәйкесін тап» әдісі.


Дескриптор:

  • ережені біледі;

  • сәйкесін дұрыс табады.


(ҚБ) «Серпілген сауал» тәсілі арқылы оқушыларды бағалаймын.

Сендер қалай ойлайсыңдар?, Көрші топтың пікіріне қосыласыңдарма? Жарайсыңдар!


2-тапсырма. «Есептеу – білімді еселеу» әдісі.

А деңгей


1... N аралығындағы санды табуда 9 бит ақпарат қабылданған болса, N саны нешеге тең?

х =  N = 
Жауабы: 
N = ?

Дескриптор: - ақпараттың көлемін анықтайды; - мүмкіндік болатын ықтималды оқиға санын табуда Ральф Хартли  формуласын қолданады.

В деңгей


Қорапта 8 ақ және 32 көк шардан тұратын жалпы 40 шар бар. Қораптан ақ шарды және көк шарды алды деген хабарда ақпарат өлшемі қандай?

N1 = 

N2 = 

x1 = 

x2 = 

Дескриптор:

  • қораптағы ақ шарды алды деген ақпарат өлшемін анықтайды;

  • көк шарды алды деген ақпарат өлшемін анықтайды.

С деңгей

Мектеп кітапханасында 16 стеллажда кітаптар орналасқан. Әр стеллажда 8 сөре бар. Кітапханашы Қанатқа іздеген кітабының 7-стеллаждың 5-сөресінде тұрғанын айтты. Оқушы қанша ақпарат көлемін қабылдады?


Дескриптор:

  • есептің шартын дұрыс құрайды;

  • ақпарат көлемін анықтайды.


(ҚБ) «Ойлан, жұптас, бөліс» тәсілі арқылы бағалаймын. Оқушылар жеке-жеке деңгейлік тапсырмаларды орындайды. Жұп болып талқылайды, өз тұжырымдарын топпен бөліседі.



BilimLand.kz























BilimLand.kz















Слайд арқылы дұрыс жауап көрсетіледі.

























Сабақтың соңы

(4 мин)



Сабақты «Бес саусақ» әдісі арқылы бекітемін.

Балалар параққа алақандарын қойып, оны жиегімен қаламмен айналдырып өтеді. Осыдан соң олар сабақ туралы мынандай сұрақтарға жауап беріп, салынған саусақтарына жазады:

1.«Бас бармақ»- басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе не болды?

2. «Балалы үйрек»- бірлесу. Қалай жұмыс жасадым, кімге көмек бердім, кімді риза жасадым?

3. «Ортан терек»- ойлану. Мен бүгін білім мен тәжірибе алдым?

4. «Шылдыр шүмек»-шынайылық. Сабақ маған ұнадыма? Неліктен?

5 «Кішкентай бөбек»-көңіл-күй ахуалы.

Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім? (кері байланыс жасайды).



Слайд

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Оқушылардың қажеттіліктеріне қарай барлық оқушыларды қамту мақсатында топтық және жекелей тапсырмалар беремін.

Топ мүшелерінің тақырыпты түсіну деңгейін арттыруға қол жеткізу үшін «Сәйкесін тап» әдісі арқылы тапсырма беремін. «Серпілген сауал» тәсілі арқылы оқушылардың сабақты түсіну деңгейін арттырамын.

Жеке оқушыларға « Есептеу – білімді еселеу» әдісі арқылы деңгейлік тапсырмаларды орындата отырып, зерттеушілік білімдерін шыңдап, талдауды жүзеге асырымын, «Бес саусақ» әдісі арқылы сабақты бекітемін.

«Ойлан, жұптас, бөліс» тәсілі арқылы

әрбір оқушы жеке жұмыс жасайды, өз ойын қорытып, жұп болып пікірлерімен бөліседі; Оқушылар өзара бағалауды және өзін-өзі бағалауды жүзеге асырады. Сабақ барысында ерекше қабілет көрсеткендерге мадақтауды, мотивациялау мақсатында жеке дара жетістіктерімен ынталарын ескеріп ауызша бағалаймын.

Оқушыларға көз жаттығуларын жасату, партада дұрыс отыруын қадағалау.

Сабақ бойынша рефлексия








Жалпы бағалау


Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
29 ұстаз жүктеп алған
4 наурыз
1247
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі