Ақпарат өлшеу

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ақпарат өлшеу

Материал туралы қысқаша түсінік
Ақпараттың өлшем бірліктеріне қатысты кило, мега, гига және терра префикстерін анықтау және қолдану.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Батыс Қазақстан облысы

Теректі ауданы

Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебі

Информатика пәнінің мұғалімі Айткалиева Баян Сабыргалиевна

Сабақ тақырыбы

Ақпаратты өлшеу

5 сынып

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Ақпараттың өлшем бірліктеріне қатысты кило, мега, гига және терра префикстерін анықтау және қолдану.

Сабақ мақсаттары

- байт пен бит бірліктеріне байланысты есептерді шығара білу

- кило, мега, гига, терабайт бірліктерін айыра білу

Бағалау критерийлері

1. Ақпараттың өлшем бірліктерін біледі

2. «Байт» пен «Бит» мағынасын түсінеді

3. Бір бірліктен екіншіге аудара алады

Тілдік мақсаттар


Тілдік емес пәндер үшін құрастырылады.

Тілдік мақсаттарды, лексика мен тіркес мысалдарын қоса анықтаңыз

Ақпарат, бит, байт, ақпараттың өлшем бірліктері, килобайт, мегабайт, терабайт.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Ақпарат, бит, байт, ақпараттың өлшем бірліктері, килобайт, мегабайт, терабайт.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Құндылықтарды дарыту




Осы сабақта балалардың бойына сіңіруге арналған кіріктірілген оқу бағдарламасындағы құндылықтар мен ұлттық, жалпыадамзаттық құндылықтарды көрсетіңіз.

Құндылықтарды дарыту … арқылы/көмегімен жүзеге асады (іс-әрекетті және/немесе тақырып мазмұнын сипаттау).

Пәнаралық байланыстар

Математика

АКТ қолдану дағдылары

Осы сабақта оқушылар қандай АКТ дағдыларын дамыта алатынын көрсетіңіз

Бастапқы білім


Оқушылар бастапқыдан нені біледі немесе осы сабақ алдында олар нені білуі керек? (негізгі ұғымдар, фактілер, формулалар, терориялар)

Бұрыннан бар білімді қалай белсендендіре аласыз?

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин






10 мин











10 мин

Топты сабаққа дайындау.

Мұғалім сабақты видео-файлды (1.14 – 3.55 мин.) көрсетуден бастайды.

Оқушылармен талқыланатын сұрақтар:

  • Уақытты қандай өлшем бірлікпен өлшейді?

  • Арақашықтықты қандай өлшем бірлікпен өлшейді?

  • Температураны қандай өлшем бірлікпен өлшейді?

  • Сіз ақпаратты қандай өлшем бірлікпен өлшейтінін білесіз бе?

Мұғалім ақпараттың өлшем бірліктерінің арақатынастарын көрсетеді.

1 байт (Б) = 8 бит (б)

1 Килобайт (кБ) = 1 024 Б

1 Мегабайт (мБ) = 1 024 кБ

1 Гигабайт (гБ) = 1 024 мБ

1 Терабайт (тБ) = 1 024 гБ

1 Петабайт (пБ) = 1 024 тБ


Сілтеме ойынша видео – файл қарау:

http://bilimland.kz/kk/content/structure/1947-informatika_kk#lesson=16305

























Мұғалімнің презентациясы

Сабақтың ортасы

2 мин





3 мин






10 мин














2 мин

Топқа бөлінген оқушылар «бит», «байт» «кило», «мега», «гига», «тера» жұрнақтарының арақатынастарын кесте түрінде жазады.

Оқушылар индивидуалды ақпараттың өлшем бірліктерін үлкеннен/кішіге қарай орналастырады.

1 гБ 1 кБ 1025 Б 1 мБ

Оқушылар индивидуалды практикалық тапсырманы орындайды:

  1. 16,75 байтта қанша бит бар?

  2. 173,25 килобайтта қанша бит бар?

  3. 6363 гигабайтта қанша терабайт бар?

  4. 27,5 гигабайтта қанша мегабайт бар?

  5. 568328 байтта қанша мегабайт бар?

  6. 4,25 мегабайтта қанша байт бар?

  7. Көлемі 232 биттен тұратын хабарламада қанша мегабайт ақпарат бар?

  8. Көлемі 256 мегабайттан тұратын хабарламада қанша бит ақпарат бар?


Егер оқушылар тапсырманы ерте орындап қойса, мұғалім келесі жаттығуларды береді.

Оқушылар http://bilimland.kz/kk/content/structure/1947-informatika_kk#lesson=16305 сілтемесі бойынша өтіп, 1 және 3 жаттығуларды орындайды.

Мұғалім тапсырманы тексереді.

Үй жұмысы:

Кестені толтырыңыз



Ақпарат саны

Битте көрінісі

10 кБ


5 мБ


20 тБ


15 гБ




http://learningapps.org/255445



















Презентацияда практикалық жұмысты орындау

Сабақтың соңы

3 мин

Рефлексияны қабылдау

Оқушылар тақырыпқа байланысты сабақ барысында түсінгенін және өзіне жаңа білгеніне 3 сөйлем жазады.

Үш сөйлемнің әр сөйлемінен кілттік сөз таңдайды. Барлығы үш сөз.

Бұл сөздер сабақ пен оқытудың мақсаттарымен сәйкес келу керек.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.12.2020
524
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі