400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Ақпарат саны, ақпарат өлшем бірлігі"

Материал туралы қысқаша түсінік
"Ақпарат саны, ақпарат өлшем бірлігі"
Материалдың қысқаша нұсқасы

"Ақпарат саны, ақпарат өлшем бірлігі"

Күні: 14.12.2017

Пән: Информатика
Сынып: 5

Сабақтың тақырыбы: Ақпарат саны, ақпарат өлшем бірлігі

Сабақтың мақсаты : Ақпараттың өлшем бірлігін, оларды ажыратуды үйрету.

Сабақтың көрнекілігі : интерактивті тақта, көрнекілік құралдар, карточкалар.                                          
Сабақтың түрі: жаңа сабақ түсіндіру 
Сабақтың әдісі: сыни тұрғыдан ойлау, ақпараттық технологияны 
информатика пәнін оқытуда қолдану. 
Сабақ барысы: 
Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды түгендеп, оқушы көңіл күйін бағыттау, сабаққа деген ынтасын ояту.

 І.Қызығушылықты ояту.

1. Ақпараттың қанша пайызын біз көру арқылы қабылдаймыз? 81%

2. Информатика  қандай ғылым? Ақпаратты алу, жинақтау, сақтау, түрлендіру,жөнелту және пайдалану тәсілдері туралы ғылым.

3. Ақпаратты қалай қабылдаймыз? көрінетін, естілетін, дәм сезу, иіскеу және сезу, иіскеу және сезу     

4. Ақпарат қандай түрде бейнелеуі мүмкін?   сандық, мәтіндік, графикалық, дыбыстық және видео              
5. Ақпараттың қасиеттерін ата: объективтілігі, толықтығы, жеткіліктігі, қолжетімділігі, өзектілігі.

6.  Ақпаратты өндеу деген сөзді қалай түсіндіреміз? Сақтау, өндеу, жөнелту

Бұлар өлшеу құралдары:

Таразы –масса  грамм, кг, т  сызғыш – арақашықтық мм, см, м, км

 Ал АҚПАРАТТЫ өлшей аламыз ба?

ІІ. Мағынаны тану.

Ақпаратты қалай өлшейміз?

Компьютер-электрондық машина. Ол тек электр сигналдарын «қабылдайды». Сондықтан компьютердегі ақпаратты электр сигналдары түрінде ғана елестетуге болады. Ақпаратты компьютерге жазу үшін, компьютердегі әрбір белгі (әріп немесе цифр, дыбыс немесе видео) сигналдар тіліне аударылуы керек.

Сигналдың жоқ болуын 0 арқылы, ал бар болуын 1-дің көмегімен белгілеу қабылданған

  Мұнда «нөл» мен «бір» бит деп аталады.

Бит 0 немесе 1 сияқты екі мәннің бірін ғана қабылдай алады.

Бит ақпаратты өлщеудің ең кішкене бірлігі болып табылады.

Ақпаратты өлшеудің келесі бірлігі байт деп аталады.

«Ақпарат» сөзін байтпен есептейді, ал мұндағы 1 байт 8 битке тең.

«Ақпарат» сөзін байтпен есептейді, ал мұндағы 1 байт 8 битке тең. сөзінің 1 әрпі – 1 байт, барлығы

5*8=40 бит

Әдетте 1 байттың көмегімен бір символ кодталады. Символ-ол кез келген белгі: әріп, цифр, тыныс белгісі немесе бос орын.

Сонымен біз ақпараттың өлшем бірлігі байт екенін білдік. Өмірде үлкен көлемді ақпаратпен жұмыс істеуге тура келеді. Сондықтан ақпаратты өлшеудің ірі бірліктері де кездеседі:

 1 Килобайт (Кб) =  1024 байт

1 Мегабайт (Мб) =   1024 Кб

 1 Гегабайт (Гб)   =   1024 Мб

1 Терабайт (Тб) =  1024 Гб

Хабарламаның ақпараттық көлемі-хабарламадағы битпен, байтпен, Кбайтпен, Мбайтпен және т.с.с өлшенген ақпараттың көлемі. Ақпаратты жеткізу жылдамдығы дегеніміз-бір уақыт бірлігінде жөнелтілетін ақпарат саны. Мұндай жылдамдық бит/с, байт/с т.с.с. өлшенеді.

Ш.Ой толғанысы.

Жаңа өтілген тақырыпты оқушылардың қаншалықты меңгергенін білу мақсатында оқушылардың көмегімен мәліметтерді топтастырамыз

Ақпараттың өлшем бірлігі

бит

Байт

Кб

Мб

Гб

Тапсырмалар:

Мәтіндегі ақпарат көлемін санау:

Информатика   Ақпарат  Диск   Машина   Хабарлама  Дыбыс Видео Сан Цифр

Калькулятор арқылы есепте: Жылдамдық ескеріледі.

21 Кб =   б                                   50 Мб =   б                           310 байт =        бит             

300МБ =   Кб                              2 Кб =     Мб                        4 Гб  =    Кб

10 Гб =  Мб                                1000 Кб =   бит                   50 Мб  =  бит

Қорытындылау. Бағалау.
Үйге тапсырма: Тақырыпты қайталау. Ақпарат тасымалдуыштардың өлшемдерін жазып келу.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 маусым
401
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі