400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Ақпараттар әлемі"

Материал туралы қысқаша түсінік
сыныптан тыс іс-шара
Материалдың қысқаша нұсқасы


Бекітемін:

Мектеп директоры:Л.Н.Нургожаева


Тақырыбы: «Ақпараттар әлемінде»

Мақсаты: Оқушылардың информатика пәніне қызығушылығын арттыру, ой - өрісін және танымдық қабілетін дамыту, шығармашылыққа баулу, өз ойын еркін жеткізе білу және өткенді жылдам еске түсіру дағдыларын қалыптастыру

Сабақтың түрі: Сыныптан тыс жүргізілген сайыс сабақ
Жабдықтар: Интерактивті тақта, Activ Inspire тапсырмалары.
Қатысушылар: 4 сынып оқушылары.
Жүргізуші: Абсемедова З.Б
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі М. И. Ф. пәндері апталығына байланысты өткізгелі отырған «Ақпараттар әлемі» білім сайысына қош келдіңіздер!

Ғылымның сырын ұғына,

Шығыңдар білім шыңына.

Ұқыптылық пен зеректік,

Жеткізер сіздердей өренді

Жеңістің мынау шыңына – дей отыра сайысқа төрелік етуші әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.

-Мектеп директоры: Л.Н.Нургожаева

-МДОІЖО: Г.О.Алиева

МДҒІЖЖО: Токтаганова Г.А


Армысыңдар, жас толқын білім қуған
Білім жолы - қашанда ол бір думан
Қош келіпсіңдер информатика кешімізге
Оқушының жаратылған жолы нұрдан
Білімменен бар әлемді көмкеріңіз,
Сендерменен нұрлы болар көктеміміз.
«Ақпараттар әлемінде» деген тақырыбы,
Бүгінгі кешімізге қош келдіңіздер. Жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәттілік тілей отырып, сайысымызды бастаймыз.

Сайысымыз төмендегідей кезеңдерден тұрады:


1.Таныстыру

2.Сан сұраққа саяхат

3.Бәйге

4.Кубик-рубик

5.Кім жылдам?

6.Әмбебаптар аймағы

8.Жөнді білген адаспас

9.Қорытындылау

Нұрлы үмітпен арқалаған арқаға,

Жан сәулесін тарататын баршаға.

Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,

Ақпараттар әлемінде» кеп тұрған

Сайыскерлерді шақырайық ортағa.



Сайысымызға 4-сынып оқушылары қатысқалы отыр.

1.Азаматқызы Саялы

2. Дәуренқызы Бағымай

3. Жунусов Али

4. Бекболат Тимур

5.Жуматай Жанерке

6.Қалибек Мағжан


«Таланттылар терін төгіп, толғансын,

Тұлпарлары топ жарысында, жүлде алсын

Көңілді тапқыштар, білгіштер

Бар өнерін салады,

Кім білімді, көп оқыған болса егер,

Бүгінгі күн жеңімпазы болады


1-кезеңіміз «Сан сұраққа саяхат» деп аталады.Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай

1.Анимация-дегеніміз(нысанның қозғалысы мен өзгеруі)

2.Графикалық редактор жұмыс жасайды?(векторлық,растрлық)

3.Алғашқы компьютерлік ойын қашан ,қайда жасалды?»( Америка ХХ ғ 40 жылы)

4.True / false пікірлері қандай пікірлер? Ақиқат және жалған

5.Ақиқат пен жалған пікірді анықтауға мүмкіндік беретін кімнің алгебрасы? (ДЖОРДЖ Буль)

6.Ең көп ойналатын ойын түрі? (тетрис)

7.Робот? (жандандырылған автомат құрылғы)

8.Датчик неше топқа бөлінеді? 4

9.Ең алып лабиринтты кім құрастырған?Грег Брайт дизайнер

10.Кегель?міндетті атрибуттардың бірі.

11.Видеожазба деген не? (ақпаратты жазу)

12.Вайн дегеніміз не?

13.файлдар мен басқа бумаларды белгілі тәртіппен сақтайтын орын(бума)

14.Файл атауы атауы неше символдан аспауы керек? (255)

15.Ашық терезені қандай пернелер арқылы жабуға болады? (ALT F4)

16.Windows сөзі қандай мағынаны білдіреді? (Терезе)

17.Мәтіндік редактор

18. қандай құжат rtf пен сақталады.

20.Графикалық редактор

21.Қиялдағы суретті салу арқылы адам көңілі кірбіңнен айығатын терапия түрі.арт

22.Неше жастан бастап балалар түстерді ажырата бастайды?1,5-2,5

23.Принтер сөзінің мағынасы

24.Жазудың ең көне түрі?пиктографиялық

25.Ақпараттарды сүзгіден өткізетін пронграмма. (Интернет Цензор)

26.Бүкіләлемдік өрмек ,ғаламтордың негізгі қызметтерінің бірі. WWW world Wide Web)

27.Компьютерді өшіру қадамдарын ата.

28.Ақпаратты қайдан алуға болады?


Компьютер – сенің көмекшің
Қаламың, әрі қағазың!
Керек емес демессің,
Аздаған болса хабарың.
Үйрену керек бәрін де –
Ақпараттық заманың! –

2-кезеңіміз «Бәйге» деп аталады.Бұл кезеңде электорнды тапсырмалар арқылы оқушылар ойынның дұрыс шешімін табуы қажет. Дұрыс жауапқа 5 ұпайдан беріледі.


Информатика болашаққа бастайды,

Келешекке білім қуған жастарды.

Қадам басып 21-ші ғасырға,

Барлық әлем жаңалығын тастайды

3-кезеңіміз: Кубик-рубик деп аталады.Бұл кезеңде мен атаған құрылғыларды 30 секунд ішінде құрап шығуы қажет.Әр дұрыс құраған құрылғыға 1 ұпайдан беріледі.


Мәңгі бақи есте қалар,
Қызықты бір жиын болсын
Білімдірек шәкірт озар,
Сұрақтары қиын болсын

Келесі кезеңіміз:Кім жылдам? деп аталады. Мен оқушыларға дайын мәтінді алдарына таратып беремін.5 мунут ішінде кім көп мәтін тереді.Жазған мәтін санына қарай ұпай беріледі.


Ойын толқын, айналған қатты ағысқа
Табылғандай танымда, жат дауыста.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады асығыста.

Келесі кезеңіміз «Әмбебаптар аймағы»деп аталады.Осы сайыста ВидеоПад арқылы оқушылар видео құрастырады.Оқушылардың жұмыстарына жасаған жұмысына қарай 1-5 ке дейінгі ұпай саны беріледі.


Айналайын алға ұмтылған дарындар!
Айналайын жеңіс құшқан қырандар,
Бізден қиын жағдайларды сұраңдар,
Сұрап қоймай, шешу жолын табыңдар

Соңғы кезеңіміз: «Жөнді білген адаспас» деп аталады.Бұл сайыста мен лабиринт суретті Paint графикалық редакторына салып беремін оқушылар лабиринттен шығатын жолды тауып шығуы қажет.Лабиринттен шыққан оқушыға 10 ұпай беріледі. Уақыт 5 минут.

Қызықты уақыт өткізген.

Бар ғылымды сыйдырып,

Білетіні көп бізден

Жаңалықтың жаршысы

Жұртты елең еткізген

Информатикаға-мың алғыс-деп, әділқазылар алқасына сөз береміз.





























1.Қазақстан Республикасының астанасы? Нұр-Сұлтан

2.Қара алтын деген не? Көмір

3.Киіз үйдің қабырғасын қалай атайды? Кереге

4.Сенің әкеңнің шешесі кім болады? Апа

5.Мектептегі ең жоғарғы баға бес

6.Кекілік құс па,жануар ма? Құс

7.2-ні үш рет қосқанда неше болады? 6

8.Жыл мезгілдерін ата

9.Қазақтың ұлттық ойындары

10.Қыста түрін өзгерпейтін ағаш

11.Көше қиылыстарында жолды не көрсетеді?

12.Кітапханада кім істейді?

13.Қойдың төлі?

14.Жеті күн?

15.ң жазылатын бір сөз ата

16.Оңнан солға қарай,солдан оңға қарай оқысаңда сол сөзді ата?

17.Әдемі сөзіне жуық мәндес сөзді ата?

18.Сұраулы сөйлемнің аяғында не қойылады?

20.Жаман сөзіне қарсы мағыналы сөз

21.Аласа сөзіне қарсы мәндес сөз

22.Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша

23.ф әрпіне жазылатын сөздер

24.Хабарлы сөйлемнің аяғына қойылатын таңба

25.Дауыссыз дыбыстар неше топқа бөлінеді?

26.16 желтоқсан қандай мереке?

27.Қазақ тарихында тұңғыш ғарышқа ұшқан кім?

28.Тудың авторы кім?

29.Қазақтың ұлы ақыны

30.Екі тәулікте неше сағат бар?

31.Түбірге жалғанатын бөлік не деп аталады?

32.2 минут 30 секундта неше секунд бар?

33.Орман дәрігері?

34.Кітабы көп жерде кім болады?

35.Сенің атаң әкеңе кім?

36.Аптаның алтыншы күні?






Алматы облысы

Еңбекшіқазақ ауданы

«Қазатком орталау мектебі»КММ




Сыныптан тыс іс-шара


«Ақпараттар әлемінде»


Өткізген: Абсемедова З.Б









2019-2020 оқу жылы


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 сәуір
719
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі