400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

Ақпаратты электрондық кестеде өңдеу

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге әдістемелік көмек ретінде
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Мектеп: Тимирязев қазақ мектеп- интернаты

Ақпаратты электрондық кестеде өңдеу


Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Батырхан Қ.С


Сынып: 8 Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Кіріктірілген функциялар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сəйкес)

8.2.2.3 Электронды кестені қолдана отырып есептерді шешуде кіріктірілген функцияларды қолдану

Сабақтың мақсаты

Барлығы: қарапайым есептерді орындауда кіріктірілген функцияларды қолдану.

Көпшілігі: есептерді шешуде кіріктірілген функцияларды қолдана отырып талдау.

Кейбіреуі: қолданбалы есептерді шешуде функцияладың тиімділігін салыстыру.

Бағалау критерийі

Қолданбалы есептерді шешуде кіріктірілген функцияларды қолданады.

Берілген мәліметтерді пайдалана отырып кіріктірілген функциялар арқылы қандай есептеулер орындауға болатынын болжайды.

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика және терминология:

Кіріктірілген функция, функция шеңбері, аргумент, статистикалық функциялар.

Диалог құруға/жазылымға қажетті сөздер:

Кіріктірілген ...................... қою үшін қажетті ........... белгілеп пернетақтадан ... белгісін басу керек.

y=f(x) мұндағы у- ............................................., f - …………..,

x - ……………………

Формула енгізу жолағындағы белгісін ..............................

деп атайды.

Құндылықтарға баулу

Индустияландыру мен иновацияларға негізделген экономикалық өсу

Еңбек жіне шығармашылық, өмір бойы білім алу.

Пəнаралық байланыс

Алгебра – есеп шығаруда формулаларға байланысты.

Алдыңғы білім

Электронды кестеде есептерді шешу үшін мәліметтердің әр түрлі типін қолданады. Абсолютті және салыстырмалы сілтеме жасайды.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут































Ширату жаттығулары

«Иә немесе жоқ» әдісі.

Мақсаты: Сабақ тақырыбына байланысты оқушылардың ойын шоғырландыру.

Оқушылар қойылған сұраққа өте жылдам уақытта «иә» немесе «жоқ» деп жауап береді.

  • Үлкен көлемді есептерді Excel программасы арқылы орындайды.

  • Excel қолданбалы программа тор көздермен бағандардан тұрады.

  • Excel де ұяшықтарды қолдануға мүмкіндік аз.

  • Excel программасына сурет салуға болады.

  • Ұяшықтар тор көздермен бағандардан тұрады.

  • Сілтемелерге $ белгісі қойылады.

  • Абсолюттік сілтемеге $ белгісі қойылмайды.

  • Функцияларды есепті жеңілдету үшін қолданамыз.

  • Excel программасында функциялардың көртеген түрлері бар.

  • Демек біз бүгін кіріктірілген функциялармен танысамыз.


Алдыңғы білімді тексеру

Жалпы Excel программасы туралы білімдері 7 сыныптан бастау алады. Олар, ұяшықтармен жұмыс жасауды, қарапайым диаграммалар тұрғызып біледі.

«ДЖИГСО» әдісі.

  1. Берілген сілтемелердің типін табыңыз

А) $В7 1. Абсолютті

Ә) $В$7 2. Салыстырмалы

Б) В7 3. Аралас

А)______ Ә)_______ Б)_______


2. Төмендегі әр түрлі фарматтағы мәліметтерді дұрыс атауларымен сәйкестендіріңіз.

А) 16.06.2018 1. Жалпы

Ә) 0,50% 2. Ақшалай

Б) Теңге 3. Пайыздық

В) Т153 4. Уақыт пішімі

А)____ Ә)____ Б)___ В)____


Қалыптастырушы бағадау: «Ауызша бағалау» әдісі.

Мақсаты: ауызша бағалау арқылы оқушылардың білім деңгейін анықтау.



Сұрақтар жинағы



























Үлестірме парақтар

















Сабақтың ортасы

25 минут

Жаңы білім.

Топқа бөлу:

Санау арқылы топқа бөлу. Оқушылар 1, 2 дер саналып екі топқа бөлінеді


«Спикер» әдісі.

Мақсаты: Спикерлер оқу үдерісін талдау үшін қолданылады. Екі топтан екі спикер тағайындалып топ арасынада аусып тақырыпты басқа құрдастарының түсінуіне септігін тигізеді.


I – топ

II - топ

Excel программасында стандартты функциялар

Электронды кесте функциялары


Excel программалау ортасында үлкен көлемді ақпараттарды есептеуде стандартты функцияларды қолдану есептеуді жеңілдетеді.

Стандартты функцияларды орындау үшін 100 – ден астам кіріктірілген функциялар бар. Функцияны енгізу тең таңбасынан басталады. Электронды кесте функциялары бағдарлама жадында сақталған арнайы формулалар. Әр бір функция аты мен аргументі арқылы өрнектеледі.


Қалыптастырушы бағалау: «Түсініктеме беру» әдісі.

Мақсаты: оқушылардың ойлау дағдысының алға басуына мүмкіндік береді.


Тапсырма.

Жеке жұмыс

«Ойлан тап» әдісі.

Мақсаты: оқушының ойлау қабілетін дамытуға, өз бетінше шешім қабылдай білу дағдысын дамыту.

Саралау тәсілі: тапсырма, қарқын.

Бағалау критерийі:

Электронды кесетеде қарапайым есептерді шешуде кіріктірілген функциялады қолданады.

Ойлау дағдыларының деңгейлері: қолдану

Деңгейі А.

(Ж) Кестедегі бос ұяшықтарға көрсетілген мәліметтерді қолданып оқушылардың орташа бағасын кіріктірілген формулаларды қойып есептеңіз.

Дескриптор:

- Оқушылар оқушылардың орташа бағасын есептеуде H3:H6 ұяшықтарына тиісті кіріктірілген функцияны қолданып есептейді.

Қалыптастырушы бағадау: «Басбармақ»әдісі.

Мақсаты: «Басбармақ» әдісі арқылы оқушылардың тапсырма бойынша деңгейін бағалау.


Деңгейі В.

«Көршіңмен талқыла» әдісі.

Мақсаты: Білім алушы ынталандыру, сын тұрғысынан ойын жеткізе білу, жұппен жұмыс жасау дағдыларын арыттыру.

Саралау тәсілі: Диалог және қолдау көрсету

Бағалау критерийі:

Берілген мәліметтерді қолдана отырып есептің шешілу жолдарын талдайды.

Ойлау дағдыларының деңгейлері: талдау

Тапсырма.

(ЖЖ) Оқушылардың оқу үлгерімін I2:J6 ұяшықтар аралығында “5”-тіктер мен “4” –тіктер санын және C7:G7 ұяшықтар аралығында пән бойынша орташа деңгейін формулаларды қолдана отырып талдаңыздар.

Дескриптор:

- B2:G6 ұяшықтар аралығынан I2:J6 «5» – тіктер санын анықтап талдайды.

- B2:G6 ұяшықтар аралығынан I2:J6 «4» – тіктер санын анықтап талдайды.

- B7:G7 ұяшықтар аралығынан оқушылардың пән бойынша орташа деңгейін % - пен есептеп талдайды.

Қалыптастырушы бағадау: «Температураны өлшеу» әдіс.

Мақсаты: Білім алушы тапсырманы қаншалықты орындағанын анықтау үшін қолданылады.


Сергіту сәті: «Мен таптым» әдісі.

Мақсаты: Білім алушыларға жақсы көңіл күй қалыптастыру, сабаққа белсенділігін арыттыру.

Қатысушылар дөңгелен отырып, кезекпен бірден жетіге дейін санайды. Жеті санын айтатын адам «Жеті» деудің орнына, орнынан тұрып, «Мен таптым» деп айтуы керек. Кім жаңылса сол ойыннан шығады.


Деңгейі С.

«Бірге ойланайық талдайық » әдісі.

Мақсаты: Білім алушылардың белсенділігін арыттыру, сын тұрғысынан ойлауға итермелеу.

Саралау тәсілі: жіктеу, бағалау

Бағалау критерийі:

Берілген мәліметтерді пайдалана отырып кіріктірілген функциялар арқылы қандай есептеулер орындауға болатынын болжайды.

Ойлау дағдыларының деңгейлері: Бағалау

Тапсырма.

(ТЖ) «CРЗНАЧ(), МАХ(), MIN(), ЕСЛИ(), ОСТАТ(), СТЕПЕНЬ()» - функцияларының ішінен қандай формуланы қолданып есептеулер орындауға болатынын салыстырыңыз және жазыңыз.

Әр бір адам бойына сәйкес салмақта жүрудің маңыздылығы қандай?

_____________________________________________________________________________________________________________________________

Дескриптор:

- Берілген функциялар ішінен қажетті формуланы салыстыра отырып талдайды.

- Тапсырмаға сәйкес келетін формулаларды жазады

- Өз өмірлерімен байланыстра отырып бағалайды.

Қалыптастырушы бағадау: «Екі жұлдыз бір тілек» әдіс.

Мақсаты: Білім алушыларға екі жағымды тұсын анықтау әрі оны жұлдызбен белгілеу, бір тұсын тағы толықтыру керектігін нұсқау.















































Үлестірме парақтары, компьютер

















Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия

«Чемодан, еттарытқыш, себет» әдісі

Чемодан– бүгінгі сабақта түсініп алған білімдері.

Еттарытқыш – әліде оқуым керек, тағы ойланамын

Себет – бүгінгі сабақта қажет емес тұстары


Саралау – Сіз қандай тəсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық жəне қауіпсіздік техникасын сақтау

Мен саралаудың қарқын, тапсырма тәсілдерін электронды екстеде оқушылардың орташа бағасын есептеуде қолдануды жоспарлаймын. Себебі менің кейбір оқушыларым көбірек қолдауды қажет етеді. Сонымен қатар оқушылардың оқу үлгерімін I2:J6 ұяшықтар аралығында “5”-тіктер мен “4” –тіктер санын және C7:G7 ұяшықтар аралығында пән бойынша орташа деңгейін формулаларды қолдана отырып талдауда қажеттіліктерді талап ететін оқушыларым бар себепті диалог және қолдау көрсету тәсілін қолданамын.

Осы тәсілдерді қолдану барысында оқушылардың қажеттіліктерін ескеремін.

Жеке, сұрақтарға жауап беру арқылы бағалау. Қалыптастырушы бағалау арқылы.

-«Түсініктеме беру» әдісі

Мақсаты: оқушылардың ойлау дағдысының алға басуына мүмкіндік береді.

-«Бас бармақ» әдісі

Мақсаты: «Басбармақ» әдісі арқылы оқушылардың тапсырма бойынша деңгейін бағалау.

-«Температура өлшеу» әдісі

Мақсаты: Білім алушы тапсырманы қаншалықты орындағанын анықтау үшін қолданылады.


Жалпы көмпьютермен жұмыс басысында оқушылар қауіпсіздік ережесін сақтайды.

Сергіту сәтіне «Мен таптым» ойыны қолданылды.

Мақсаты: оқушылардың денесін ширату мақсатында қолданады.

Сабақ бойынша рефлексия

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма жəне неліктен?


Жалпы бағалау


Сабақта ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1:

2:


Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1:

2:


Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нəрсеге назар аудару қажет?




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 ақпан
748
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі