400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ақпаратты іздеу

Материал туралы қысқаша түсінік
Информатика пәнінен
Материалдың қысқаша нұсқасы


Пәні: АКТ

Ұзақ мерзімді жоспарда қарастырылған бөлім:

3.3B Әлемнің барлығы Ғаламторда

Мектеп: №67


Мұғалімніңаты-жөні: Умирбекова С.А


Күні:

Қатысқан оқушылар саны:


Сынып: 3

Қатыспағандар:


Сабақтың тақырыбы

Ақпаратты іздеу

Осы сабақ арқылы жүзеге асатың оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.3.1.1 нақты сұрақтарға жауап табу үшін Ғаламтор қолдану

3.2.1.3 құжаттағы ерекшеленген мәтінді қиып алу, көшіру, қою

Сабақтың мақсаттары

Оқушылар...

  • Арнайы сұраулар арқылы ақпаратты іздеп табады;

  • Компьютерлік программалардың міндетін тұжырымдайды.

Бағалау критерийлері

графикалық редактор арқылы суреттерді ашып, сақтау;

түрлі тапсырмаларды орындау үшін программа таңдау;

ақпаратты табу үшін іздеу жүйесін пайдалану;

мәтінді басқару: көшіру, қою, кесу.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар

  • ақпаратты іздеуге сұрақ тұжырымдайды;

  • іздестіру жүйесінде керек ақпаратты іздеп табатын алгоритм тұжырымдайды;

  • іздестіру жүйесіне мысал келтіреді.

Пәндік лексика және терминалогия:

  • Ғаламтор, браузер, веб-парақша, сілтеме, іздестіру жүйесі.

Диалог/жазуға арналған пайдалы сөз тіркестер:

  • Браузер программасы ... үшін қажет

  • Сұрақ жауабын табатын ақпарат іздеу үшін

Құндылықтарды дарыту

Тәжірибелік жұмыс барысында академиялық адалдық, тұтастықты сақтау, өзара бағалау. Топта жұмыс істей білу, сыныптастардың жауаптарын тыңдау, объективті бағалау, этика нормаларын сақтау қабілеті арқылы бір-біріне құрметпен қарау.

Пәнаралық байланыс

Әдебиеттік оқу.

6 Бөлім: Атақты тұлғалар.

Орыс тілі – мультфильм қараған кезде

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта қолдану

Ғаламтор қолдану.

Осыған дейін меңгерілген білім

Оқушылар әр түрлі программалардың міндеттері туралы жалпы түсінігі бар, программалармен жұмыс жасайтын тәжірибесі бар. Және де файлдармен және бумалар мен жұмыс жасайды.

Жоспар

Сабақ кезеңдері мен жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы


4 мин






6 мин





  1. Ұйымдастыру кезені

Сыныптағы оқушылардың қатысымын тексеру. «Шаттық щеңбер» әдісі бойынша бір-біріне тілек айту. Әрбір оқушы бір-біріне жылылық сыйлау арқылы амандасып психологиялық ахуал тудырады.

Сынып оқушыларымен әдісін қолданып, сурет қиындыларын біріктіру арқылы топқа бөлінеді.

(Қосымша 1).

  • Қалай ойлайсыздар, құрастырған суреттеріңіз нені білдіреді?

(Оқушылар жауаптар ұсынады, және де кілт сөздерді анықтайды: ақпарат, іздеу, интернет).


Жаңа тақырыпқа уәждеме: Неміс философ-идеалисті және социолог Георг Зиммель: «Білімді адам – өзі білмейтінді қайдан табу керектігін білетін адам» деген екен.

Осы сөздің мәнін қалай түсінеміз? 

2 Мақсатты тұжырымдау

Сұрақтар арқылы оқушыларды тақырыпқа биімдеу. Оқушылармен бірлесе отырып сабақтын тақырыбы мен сабақ мақсатын тұжырымдау. Талқылау кезеңізде оқушыларды сабақта қарастыратын терминдерді атап өту.









Сабақтың ортасы


3 мин



3 мин























  1. Тақырып бойынша танымдық қызығушылықты қолдау және дамыту.

Миға шабуыл.

Экран бетіне атақты тұлғалардың суретін шығару.

  • Атақты тұлғаларды атаңыз?

  • Осы тұлғалар туралы не білесіз?

Жұптық жұмыс.

Оқушылар жұптасып атақты тұлғалар туралы білгендерімен бөліседі.

Орыс тілінде ұсынылған «Фиксики- Ғаламтор» мультфилімін оқушыларға ұсыныңыз. Бірлесе отырып он-лайн режимде бейне қарау (үзінді 0:36-4:28)

«Сұрақ-жауап»

- Ғаламтор қашан пайда болды?

- Ғаламторға қосылу үшін бізге қаңдай құрылғы қажет?

- Браузерлердің түрлерін ата

- Аралас құжат дегеніміз не?

- Қаңдай іздеу жүйелері бар?

- Неге ғаламтордағы ақпараттарға гиперсілтемелер қойылған?


  1. Жаңа тақырып

  • Компьютер арқылы ақпаратты қалай алуға болады?


Оқушыларға Интернет арқылы ақпарат іздестіру кітаптардан ақпарат іздеуден немен ерекшеленетіндігін түсіндіру.



Оқушылармен бірлесе отырып терминалогия кестесін құру:



Интернеттен ақпаратты іздеу тәсілдері бейнеролик көрсету

4. Сергіту сәті «Видео ролик»

5. Оқулықпен жұмыс

Ғаламтордан «Қарлығаш» бейнесін сайттар арқылы іздеп табу.

Топпен жұмыс:

І топ: Google

ІІ топ: Yndex

ІІІ топ: Internet Explorer

Оқушылар берілген тапсырманың шартын талқылауға кіріседі:

1 тапсырма

Тақтада бейнеленген атақты тұлғалар туралы мәлімет қарастыру.

  • Қай жылы туылған?

  • Қай елді мекенде туылған?

2* Тапсырма:

Ұлы тұлғалар: Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, А.Құнанбаев туралы мәліметтер іздестірді.

Дескрипторлар үлгісі:

  1. Іздеу жүйесін қолданады

  2. Атақты тұлғалар туралы ақпаратты іздейді;

  3. Ақпаратты файылға көшіріп алады

  4. Файылды сақтайды

  5. Суреттерді қиып алу, сақтау командаларын қолданады.

  6. Әр түрлі браузерлерге мысал келтіреді.


Дескрипторлар арқылы бірін бірі бағалау.

Алдын ала дайындалған дескрипторлар арқылы оқушылар жұптасып бір-бірін бағалайды.



https://www.youtube.com/watch?v=kt6Hnr61Gm0

















































https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/6-synyp/lesson/internetten-aqparatty-izdeu-tasilderi






Сабақтың соңы

38-40 минут

Рефлексия

  1. Керекті ақпаратты чемоданға салу

  2. Артық заттарды қоқысқа лақтыру

  3. Керекті ақпараттарды толықтыру


Бағалау

Топ бойынша өзін өзі бағалау


Үйге тапсырма

бет

Тұлғалар туралы қосымша мәліметтер іздестіру


Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Практикалық тапсырма орындау кезіңде саралау шығармашылықтың кезеңі бойынша іске асады: тапсырмалар өсу ретінде берілген. Тапсырманы орындаған жағдайда мұғалім сұрақтар арқылы немесе нұсқау картасында қадам бойынша алгоритм қолданып қолдау көрсетеді.

Оқушылардың барлығы:

  • Ғаламтордан мәліметтер іздеді.

Оқушылардың көбісі:

  • Өз беттерімен берілген тапсырмаларды толық орындады.

Кейбір оқушылар

  • өлеңге иллюстрация жасайды суретті бояйды.

Бағалау сабақтың әр кезеңіңде жүзеге асырылады:

- қиындықтарды анықтап қолдау мақсатында оқушылардың жауаптарын қадағалау (топпен жұмыс).

- теориалық материалды түсіну кезеңінде интерактивті тапсырмаларды бағалау үшін қолдану;

- практикалық жұмысты орындау кезіңде бағалау дескрипторлар арқылы топтасып орындалады.

- өз-өзінің жұмысын бағалау мақсатында, кері байланыс түрінде сабақтың соңында, оқушылар өз жұмыстарын бағалайды, жетістіктері мен қиындықтарын талдайды.

Оқушылардың белсенділігін арттыру үшін сабақ барысында топтық жұмыс, сергіту сәті қарастырылған.

Компьютермен жұмыс жасап отырған кезде оқушылар дене мүсіні дұрыс болуына, көзбен монитор экранының ара қашықтығына көңіл аударып, жағымсыз ситуациялар пайда болған жағдайда мұғалімге хабарлайды.

Практикалық жұмыс орындаған кезде «Дүниетану» пәнімен байланысады.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
04.04.2019
477
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі