Ақпаратты іздеу әдістері

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ақпаратты іздеу әдістері

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспары

Бөлім

Компьютерлік графика

Педагогтың аты-жөні

Мүсіреп Лашын Жанболатқызы

Күні

18.09.2024ж

Сынып: 9 «А»

Қатысушылар саны


Қатыспағандар саны


Сабақтың тақырыбы:

Ақпаратты іздеу әдістері

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

9.2.2.2 -электронды кестеде деректер базасын құру.

Сабақтың мақсаты:

Excel-де ақпарат іздеу мүмкіндігімен танысу.

Ехсel-де ақпарат іздеудің бірнеше әдістерін анықтау.

Ехсel-де ақпарат іздеуді қолданудың маңыздылығын тұжырымдау.


Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Ой сергіту: «Кім екенін тап» ойыны

Әрбір адам өзінің аты-жөнін көрсетпей, өз-өзіне психологиялық мінездеме жазады. Өзінің ұнамды- ұнамсыз қасиеттерін жазу. Бұл мінездеме жазылған беттерді жетекші жинап араластырады да, арасынан біреуін алып дауыстап оқиды. Топ мүшелері мінездеменің иесін табуы керек.

Алдыңғы білімді еске түсіру, пысықтау

«100 кітап жобасы» аясында 100 кітап тізіміне сұрыпталған қазақ көркем әдебиеті мен әлем классикалық әдебиетіне құрған деректер базасын тақтада түсіндіреді.


Оқушылардың жұмыстарын ауызша мадақтау

1.Мұғаліммен амандасады.

2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.

3.Сабақтың мақсаттарымен танысады.




Сабақтың ортасы

Ой қозғау сұрақтары: (жеке, ұжымда)

  • Күнделікті өмірде керекті ақпаратты қалай іздеп табасыңдар?

  • Компьютерде ақпаратты іздеудің қандай жолдары бар? Есіңе түсір.

  • Ехсel-де қажетті мәліметті қалай іздеп табуға болады?


Оқулықпен жұмыс

  • Жаңа ақпаратпен танысу. Әдістемелік берілген сұрақтарға жеке, топта, ұжымда жауап береді. Мұғалім жаңа материалды түсіндіреді.


Компьютермен жұмыс.

    1. Ехсel -дің 1-парағының А, B, C бағандарына 1–20

қатар аралығын 1 мен 999 аралығындағы кездейсоқ сандармен толтырыңдар. Төмендегі іздеулерді орындаңдар:

    1. Барлық 7-ден басталатын сандарды іздеп тап.

    2. Барлық 5-тен басталатын және 9-бен аяқталатын 3 таңбалы сандарды тап.

    3. Барлық 2-мен басталатын сандарды 0- ге ауыстыр.

2. Мекеме жұмысшыларының 6 айлық жалақысы кесте түрінде берілген ( ). Кестедегі жұмысшылар мен ай атауларының тізімін жаса. Осы кестедегі

5 жұмысшының сәуір айындағы жалақысын іздеуді ұйымдастыр.

Дескриптор

Электронды кестеде деректер қорын жасайды.

Топтық жұмыс:

Кестеде деректерді іздеу әдісін талдаңдар. Кестеде деректерді іздеуге арналған күнделікті өмірімізге қатысты тапсырманың жобасын ұсыныңдар.

Тапсырманы компьютерге теріңдер. ПОИСКПОЗ және

ИНДЕКС функцияларының қызметін қолданыңдар.

Дескриптор

Кестеде деректерді іздеу әдісін анықтайды.

Кестеде деректерді іздеуге тапсырмалар қарастырады.

Оқушылардың жұмыстарын бағалау парағына балл қою арқылы бағалайды.

Мұғалімді тыңдайды



1-тапсырманы орындайды








2-тапсырманы орындайды











Жетон

5 балл













Жетон

5балл

Карточка












Оқулық

Сабақтың соңы

  1. Ехсel кестелік процессорында ақпаратты іздеудің қандай әдістерімен таныстың?

  2. Найти и выделить командасының қызметі қандай?

  3. Ауыстырмалы таңба дегеніміз не? Қандай қызметі бар?

  4. Ехсel-де кестелік деректерді іздеудің қандай жолдары бар?

  5. ПОИСКПОЗ функциясының қызметі не?

  6. ПОИСКПОЗ функциясының қандай аргументтері бар?

  7. ИНДЕКС функциясы қандай жағдайда қолданылады?

  8. ИНДЕКС функциясының аргументтерін ата. Бүгінгі сабақтан не үйрендім? Келешекте қалай қолданамын?

Өзін-өзі бағалау.


Оқушының жұмыс дәптері

Үй тапсырмасы

Өзің оқитын мектептің деректер базасын құрыңдар.












Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.03.2025
135
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі