Ақпаратты іздеу,жазу және оқу.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ақпаратты іздеу,жазу және оқу.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ақпарат іздеу туралы мәлімет беру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сынып: 5

Күні: 15.10.2018жыл

Сабақтың тақырыбы: Ақапартты іздеу, жазу және оқу.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ақпаратты іздеуге, жазуға үйрету.

Міндеттері

  • Алған білімдерін басқа пәндерде қолдана білуге үйрету.

  • Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.

  • Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, проектор.

Өтілетін орны: Информатика сыныбы.

Сабақтың өту барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды ұйымдастырып, сыныпта оқушыларды түгендеу.

ІІ Үйге берілген тапсырманы тексеру кезеңі

Үйге берілген тапсырманың орындалуын тексеру

ІІІ Білімді өзектендіру

«Сәйкесін тап» ойынын ойнату.

IV Жаңа тақырыпты түсіндіру


Нысанды бумадан жылдам іздеу

Ізделетін нысан орналасқан буманы ашып, нысанның атауындағы бірінші әріп бар пернені басу керек. Атауы осы символмен басталатын ең жақын нысан ерекшеленеді. Сол пернені қайта басқанда келесі үұсас нысан ерекшеленеді. Сонымен, буманың атаулары осы символдан басталатын барлық нысандар тексеріледі. Сендер жылдам іздеуді тек ізделетін нысанның қандай бумада орналасқанын білетін жағдайда ғана пайдалана аласыңдар.Ал егер олай болмаса, онда кеңейтілген іздеуді қолдану керек.

Кеңейтілген іздеу

Файлдың немесе буманың атауын Бас мәзірдің іздеу терезесіне енгізу керек. Программа сендер көрсеткен атауы бар барлық нысандарды табады. Сендердің сұраныстарың бойынша табылған файлдар терезенің жоғарғы бөлігінде көрсетіледі. Таңдалған файлды тышқанмен шертсеңдер іске қосылады. Windows – тің барлық қосымшаларында ақпаратты сақтау мен оқудың қабылданған жалпы ережелері бар. Құрылған суретті немесе құжатты файлға бірінші рет сақтау үшін мына әрекеттерді орындауларың керек:

  • Сақтау немес Қалай сақтау бұйрығын таңдау

  • Терезеде сендердің файлдарың сақталатын бума көрсетіледі. Қажет болған жағдайда басқа сақтайтын орынды таңдауға болады.

  • Файлдың атын теру;

  • Сақтау батырмасын басу.

Программамен жұмыс істегенде файлдарды жиі-жиі сақтап отыруларың керек. Егер файл бұған дейін сақталған болса және атау берілген болса, онда сақтау жұмысы жеңілдейді. Бұл жағдайда программа сақтау терезесін шығармайды және сендерден файлдың атын сұрамайды. Сендер Сақтау бұйрығын таңдайсыңдар, экранда ештеңе болмайды, бірақ файлдағы өзгертулер сақталады. Кейін бұрын сақталған файлды басқа жаңа атаумен сақтау қажеттілігі туындайды. Мәселен,сендер Ағаш файлынан ағаштың бейнесі салынған суретті аштыңдар делік. Оған жануарлар мен басқа ағаштардың бейнесін қосып, жаңа суретті Орман деген атаумен сақтағыларың келді делік. Онда сендерге Қалай сақтау бұйрығы керек болады. Бұл бұйрық файлдың бұрын сақталғанына немесе сақталмағанына қарамастан сақтау терезесін шығарады. Мұндай сақтаудан кейін сендердің дискілеріңде 2 файл: Ағаш және Орман сақталады.

Ақпаратты оқу. Дискіде жазылған ақпаратты қажетті файлды іске қосу арқылы оқиды. Файл атауының кеңейтілуі нәтижесінде Windows операциялық жүйесі файлды қандай программаның көмегімен ашу керек екенін өзі анықтайды. Файлды қосымшаның өз терезесінде де ашуға болады. Ол үшін Ашу (Открыть) бұйрығын (немесе Ctrl+O пернелері) орындау керек.

IV Бекіту

Компьютерден тәжірибелік тапсырмаларды орындау арқылы сабақты бекіту.

V Қортындылау

Тапсырманы орындау нәтижесін бағалау


VI Үйге тапсырма: §13 мазмұндау, 115 бет тест сұрақтарына жауап жазу.















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.11.2018
613
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі