400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ақпаратты жазу және санау,ақпаратты тасмалдаушылар

Материал туралы қысқаша түсінік
Ақпараттарды жазып,өлшем бірліктер арқылы санауды ақпарат тасмалдаушыларды қолданылуы тәртібін меңгеру. Ойлау қабілетімен танымдық қызығушылығын дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ақпаратты жазу және санау. Ақпаратты тасымалдаушылар







Сабақтың тақырыбы:

Ақпаратты жазу және санау. Ақпаратты тасымалдаушылар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:

Оқушыларға бізді қоршаған ақпараттардың түрлерін, ақпаратты жазу және санау, ақпаратты тасымалдаушылар туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, өз бетімен жұмыс жасауға, ойын ашық айта білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Практикалық жұмыс
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютер, оқулық, мозайка, флешка, смайлик

Сабақтың жүру барысы:
І. Оқушылардың сабаққа қатысын түгендеу.
ІІ. Оқушылардың құрал – жабдықтарын тексеру.
ІІІ. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
IV. Үй тапсырмасын тексеру. (Объектілерді іздеу. Объектілерді көшірмелеу, орнын ауыстыру және жою. Алмасу буфері. )
V. Жаңа сабақты меңгерту, оқу материалдарымен таныстыру.
VI. Тапсырмалар орындау.
VII. Сабақты бекіту.
VIII. Үйге тапсырма.
IX. Оқушыларды бағалау.
Оқушылардың сабаққа назарын аударып, мозайка кескіндемелерін құрастыру арқылы топқа бөлу

Үй тапсырмасын тексеру.
Объектілерді іздеу. Объектілерді көшірмелеу, орнын ауыстыру және жою. Алмасу буфері.
Оқушыларға өткен тақырып бойынша пысықтау сұрақтары беріледі:
1. Объектілерде қолданылатын қандай амалдарды білесіз?
2. Объектілерді көшіру мен жылжытудың айырмашылығы неде?
3. Алмасу буфері деген не?
4. Барлық жойылған объектілер орналасатын арнайы бума қалай аталады?
5. Қоржындағы жойылған объектілерді қайта қалпына келтіруге бола ма?

Жаңа сабақта
Ақпаратты жазу және санау. Ақпаратты тасымалдаушылар.
Жаңа сабаққа кіріспес бұрын оқушыларға ақпарат деген сөзді мысалға ала отырып, анықтама беру! «Ақпарат» сөзі латынның informatio яғни «түсіндіру, баяндау, білу» деген ұғымынан шыққан. Ақпарат – қоршаған орта мен онда болып жатқан әр түрлі құбылыстар туралы мәліметтердің жиынтығы.
Оқушыларға тақырыпты меңгеру үшін алдын – ала жаңа сабаққа қатысты сұрақтар қойылып, жаңа ғылыми терминдер беріледі.

Ақпаратты тасымалдаушы құрылғылармен таныстырып, оларға жазылған ақпараттардың ақпарат тасымалдаушы құрылғыларға жазу тәсілдерін практикалық іс – тәжірибеде көрсету.
Адам қабылдайтын ақпаратты таңбалы және бейнелі деп қарастырамыз. Бейнелі ақпарат – табиғат көріністері және кескіндерді қабылдауды, дәм, иіс сезу арқылы алынатын ақпараттарды айтады. Таңбалы ақпаратқа адамның сөйлеу, жазу түрінде алатын ақпараттар жатады. Ендігі, осы бүгінгі тақырыбымыз жазу және санау бұл таңбалы ақпараттарға жатады. Таңбалы ақпарат түрлерін газет – журнал, кітап секілді құралдардан аламыз.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 ақпан
1006
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі