400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«АҚПАРАТТЫ КОДТАУ» ТАРАУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ САБАҒЫНА АРНАЛҒАН ТРЕНИНГ

Материал туралы қысқаша түсінік
Тренинг – бұл, тұлғаның қарым-қатынасының келісімділігіне, оны түрлендіруге және өзгелермен қарым-қатынастағы қарама-қайшылықтары мен тұлғаның ішкі қарама-қайшылығын шешуге негізделген эмоционалдық тұрғыдан қанық, ашық жүргізілетін сабақ.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«АҚПАРАТТЫ КОДТАУ»

ТАРАУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ САБАҒЫНА АРНАЛҒАН ТРЕНИНГ


Миндетбаева А.А.



Тренингтің жалпы сипаттамасы:

Мақсат: Ақпаратты кодтаудың маңызы мен қоғамдағы рөлін анықтау.

Бұл төмендегі міндеттерді айқындайды:

  • ақпараттың құндылығын оны қорғау қажеттілігін түсіну.

  • ақпаратты кодтаудың алғашқы және қазіргі таңдағы ерекшеліктері мен сенімдідігі т.б.

Кіріспе бөлімі:

Мұғалім тақырыпты айтып, оның қоғам өміріндегі маңыздылығын, орнын немесе ерекшеліктерімен таныстырады. Тыңдаушыларға сөз береді, олардың пікірімен танысады. Кейін бұл тренингтің жүргізу ережесін айтады.

Ереже. Белсенділік, өз ойын, көзқарасын білдіруі, «кімнің қолында микрофон болса, сол сөйлейді» қағидасы.

Топты сабаққа әзірлеу:

Оқушылардың назарын сабаққа аударту.

«Доп» жаттығуы: Қатысушылар дөңгеленіп тұрады. Барлығы қолдарын алға созып, алақандарын жайып тұрады. Жүргізуші атын айтып, қатысушының біріне допты лақтырады. Допты алған бала өзі білетін ASCII кодын және соған сәйкес символды айтып допты басқа балаға лақтырады. Допты алған бала қолын артына ұстап тұрады. Бұл допты қайталап алмау үшін қажет. Соңғы допты алған бала, оны жүргізушіге қайта лақтырады.

Тренингте жұмыс жасау формалары:

Шағын топтарда тақырыпқа қатысты талдау жасалады, бейнелеу жұмыстары жүреді, кейін (жобаларды, кейстерді, сызбаларды презентациялау және т.б.) ролді ойындар элементтері, имитациялық ойындар, мәтіндерді сараптау және т.б. іс-шаралар атқарала береді.

Мұнда мынадай танымдық іс әректтер орындалады:

№1. 2 + Х = 2Х кодымен кодталған сөзді табыңыз:

1) сервер 2) курсор 3) модем 4) ресурс

Шешімі:

Әр символды ұяшықтарға бөліп қарастырамыз

2

+

Х

=

2

Х

с

е

р

в

е

р

к

у

р

с

о

р

м

о

д

е

м


р

е

с

у

р

с


№2. Сол жақтағы кестені толтырыңыз, табылған сандарды арифметикалық амал орындалатындай етіп оң жақтағы кестеге орналастырыңыз.


№3. Төменде келтірілген сөйлемдердің кілтін тап. Барлық сөздер бір ереже бойынша кодталған.

Кодталған ақпарат

Кілт

Қайта қалпына кетірілген ақпарат

Ақал



Өкткме



Қаапарт



Едамылс



өнеср оққрнышыыт месе




Кодталған ақпарат

Кілт

Қайта қалпына кетірілген ақпарат

Тқіакшұ



паетрқнает



Даормыб



Оққыул



маактиетма



Бұл танымдық жаттығу тренингі әр оқушының тарауды қандай деңгейде менгергенін және логикалық ойлау қасиетін арттырады. Әр тапсырмаға 3 мин уақыт беріледі. Бағалау барысында бірінші орындаған оқушыға тізім бойынша таяқша қойылады. Келесі оқушы тапсырманы орындаса одан бұрын орындаған оқушыларға да таяқша түседі. Қорытындылауда көп таяқша жинаған оқушылар бағаланады[18].

№4. Әр оқушы қарапайым сандық, мәтіндік немесе графиктік ақпараттарды кодтау тәсілін құрастырып мұғалім үстеліне қояды және сол жердегі басқа оқушы құрастырған кодты алып шешеді.

Тапсырма түгел орындалған соң әркім өзі құрастырған кодтау алгоритмін неге негіздеп алғаны және шешімі дұрыс не бұрыстығын айтады. Топ бұл алгоритмнің кемшіліктерімен артықшылықтарын айтады.

Сабақты кері байланыс жаттығуымен аяқтаймыз

Орындалу тәртібі: Жүргізуші: «Ыңғайлы етіп отырыңыз. Көздеріңізді жұмып, бүгінгі тренингте болғандарды кері ретпен есіңізге түсіріңіз. Әрқайсысын мүмкіндігінше толығырақ еске түсіруге тырысыңыз. Ешқайсысына түсініктеме бермеңіз, талдамаңыз». Соңында әр топ не болғаны туралы өз пікірлерін мына бағытта білдіреді:

1) тренингтен алған әсеріңіз;

2) топ арқасында өзіңіз үшін ашқаныңыз;

3) жүргізушіге өз ұсынысыңыз білдіріңіз.

Тренинг қорытындыланады.


4


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
464
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі