жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ақпаратты өлшеу. Компьютер жадысы
№5
Күні:
Сынып: 7А,Б
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: |
Ақпаратты өлшеу және компьютер жадысы |
|
Мұғалімнің есімі: Калкеева Б |
||
Сабақтың тақырыбы: |
Файлдардың көлемі |
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
7.1.2.2- әртүрлі пішімдегі мұрағаттарды құру және мұрағаттан шығару. 7.1.2.3 – бірдей ақпарат сақталған әртүрлі пішімдегі файлдардың көлемін салыстыру
|
|
Сабақ мақсаттары |
Win RAR-да әртүрлі пішімдегі мұрағатқа файлдарды енгізеді және одан шығарады. Мұрағаттардың түрлерін салыстырады WinRAR мұрағаттаушысы көмегімен өздігінен шешілетін мұрағат әзірлеу |
|
Бағалау критерийлері |
Барлық оқушылар: мұрағат, файлдарды мұрағаттау ұғымдарын түсінеді, мұрағаттау бағдарламасымен жұмыс істейді; Оқушылардың басым бөлігі: мұрағаттау бағдарламасымен әр түрлі әдістерін қолданып файлдарды сығады және мұрағаттан шығарады. Кейбір оқушылар: WinZip және WinRar бағдарламаларының айырмашылығын анықтап талдайды, WinRAR бағдарламасы көмегімен өздігінен шешілетін мұрағат әзірлейді. |
|
Негізгі сөздер мен тіркестер: |
||
Мұрағаттар-архиватор, мұрағаттау, сығу, шығару, Win RAR, Win ZIP, 7 ZIP |
||
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: |
||
Мұрағат деген – …, Мұрағаттау деген – …, мұрағаттау бағдарламасы дегеніміз – ..., Ақпаратты сығу – …, Ақпаратты мұрағаттан шығару – …. |
||
Талқылауға арналған тармақтар: |
||
Жай фалдар мен мұрағтталған файлдардың айырмашылықтарын салыстырады, кей форматтағы файлдардың сығылу пайыздардын аз екенін бағамдайды. |
||
Жазылым бойынша ұсыныстар: |
||
Бос ұяшықтарға сәйкес командаларды жазады. Кестені толтырады. |
||
Құндылықтарға баулу: |
Жауапкершілік, қарым –қатынас құндылықтарына баулу |
|
Пәнаралық байланыс |
Орыс тілі (архив, архиватор, сжатие, добавить және т.б.), математика (файлдардың көлемін есептейді). |
|
Алдыңғы оқу |
Мұрағат сөзімен таныс Мұрағатта нелер сақталады? |
|
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған жаттығулар |
Ресурстар |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы
5 мин
5 мин
5 мин |
Мұғалім сәлемдесіп жоқ оқушыларды белгілейді. Оқушылар мұғаліммен сәлемдеседі. Мұғалім сыныпта психологиялық қарым-қатынас жасау мақсатында тренинг өткізуді ұсынады. Техника қауіпсіздігін қайталау: Мұғалім Информатика кабинетіндегі жалпы ережелеріне қатысты сұрақтар қояды. Оқушылар ережелерді айтып береді. Мұғалім: өткен сабақты қайталау мақсатында тест сұрақтарына жауап беруді ұсынады. ЖЖ Оқушылар тест сұрақтарына жауап береді. Мұғалім: Бағалау мақсатында «Өз ара бағалау» стратегиясын ұсынады. Оқушылар сол жағындағы қасында отырғанның тексеріп нәтижесін смайлик арқылы бағалайды.
Топқа бөлу. Карточкаларда үш түрлі ақпарат өлшемдері берілген: 150 кб, 250 кб, 300кб. Миға шабуыл. Топқа сүрақ қойылады. Осы өлшем бірліктерінің айырмашылығы неде?
ТЖ. Проблемалық сұрақтардың жауабын анықтай отырып сабақ мақсатын анықтау 1топ. Сізге досыңыз ішінде 20 музыкалық файлы бар 10 CD-диск беріп осы файлдарды көшіріп беруіңізді өтінді. Сізде тек бір CD-диск бар. Осы өлеңдерді сол дискіге көшіре аласыз ба?
2топ. Сіздің сканеріңіз суреттерді BMP пішімінде сақтайды. Сіз бір неше суреттерді сканерден өткізіп, интернет арқылы досыңызға жіберейін десеңіз, әр суреттің көлемі «ауыр» болғандықтан жүктелу көп уақыт алады екен. Осы суреттерді «жеңілдетуге» болады ма? 3топ. Сізге бір неше электронды құжаттар дайындап электронды почта арқылы мұғалімге тексеруге жіберу керек. Осы құжаттарды шағын түрде жасасауға болады ма? Егер болса оның тиімді жолын айтып беріңіз? ҚБ.
«Мұрағаттар» видеоролигін көрсету.
Тақтада Win RAR бағдарламасының терезесі көрсетілген. Мұғалім слайд арқылы осы бағдарламаның терезесінің құрылымымен таныстырады. |
Тест сұрақтары
Карточкалар
150Кб
250Кб
300Кб
Видеороликтер
Презентация 2 Слайд |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 10 мин
|
1-тапсырма: Топтық жұмыс. Берілген суретте көрсетілген бос ұяшықтарға сәйкес командалардың атын жазыңдар. Керек сөздер: Мұрағатқа жаңа файл қосу, файлды мұрағаттан шығару, тінтуірді екі рет шерту архивке кіру, дискті ауыстыру, парольді ауыстыру, мұрағаттың мазмұнын көру, файлды мұрағаттан өшіру, мұрағатталған файлды компьютерден іздеу, зақымдалған мұрағатты қалпына келтіру.
Дескриптор: -мұрағатқа жаңа файл қосу батырмасын анықт; -файлды мұрағаттан шығару батырмасын анықтады; -тінтуірді екі рет шерту архивке кіру ретін анықтады; - -парольді ауыстыру батырмасын білді; -мұрағаттың мазмұнын көру батырмасын білді; -файлды мұрағаттан өшіру батырмасын анықтады; - мұрағатталған файлды компьютерден іздеу батырмасын анықтады; - зақымдалған мұрағатты қалпына келтіру батырмаларын білді.
Бағалау: Сызбасы дұрыс шыққан топты қол шапалақтау арқылы бағалау. |
Тақтадан ұяшықтардың толтырылған дұрыс нұсқасы көрсетіледі.
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
15 мин |
ЖЖ 2-тапсырма Тәжірибелік жұмыс
Дескриптор: -Қандай бағдарламаның өнімі екенін білді; -файлдың бастапқы өлшемін жазды; -мұрағаттан кейінгі өлшемін жазды; -үнемделген орын өлшемін анықтады; -үнемдеу пайызын анықтады. -кесте бойынша қандай қорытынды жасайды. Бағалау: Топтар бірін-бірі бағалайды. Тапсырманы дұрыс орындаған топқа өз жұлдызшаларын береді.
Кестені толтырыңдар.
Біріншіден, оқушылар кестені толтыру керек. Кейін жұбымен кесте бойынша қортынды жасап, жұптар басқа жұптармен бірігіп, үдерісті қайталайды. Осылайша төрт жауап бір жауап болып біріктіріледі. Топтан бір оқушы ортақ тұжырымды сыныпқа жариялайды. |
|
дискті
ауыстыру батырмасын білді;

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген