Материалдар / Ақпаратты қорғау.Вирусқа қарсы программалар
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ақпаратты қорғау.Вирусқа қарсы программалар

Материал туралы қысқаша түсінік
Жамбыл облысы,Сарысу ауданы,Жаңатас қаласы Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебі Ақпаратты қорғау.Вирусқа қарсы программалар ашық сабақ 7сынып
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қараша 2021
397
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ САРЫСУ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ СӘКЕН

СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ



Сынып: 7

Сабақтың тақырыбы: Ақпаратты қорғау.Вирусқа қарсы программалар

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Компьютерлік ақпартты қорғау, ДК-ді қорғау ерекшеліктері. Компьютерлік вирус, Антивирустық құралдар туралы білімдерін қалыптастыру.

Тәрбиелігі: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Антивирусты пайдалана отырып көрсетілген нысанды тексеруді

Сабақтың түрі: практикум элементтерінің көмегімен десонстрациялау, баяндау арқылы түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, сызба,тест тапсырмасы.

Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымадстыру кезеңі

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

Ақпарат дегеніміз не?

Ақпарат қасиеттерін атаңыздар.

Адам ақпаратты қалай қабылдайды

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Компьютерлік вирустардан қорғау

1988 жылы американдық компьютерлік құралдар Ассоциациясы 30қарашаны « ақпаратты сақтаудың халықаралық» күні деп жариялаған. Бұл күннің мақсаты пайдаланушыларға олардың компьютерлерін және онда сақталған барлық ақпараттарды қорғау туралы естеріне салу болып табылады.




Ақпаратты қорғау дегеніміз:



Антивирустық программалар орнатау



Желіаралық экрандар орнату.



Қиын анықталатын парольдер қолдану




Қазіргі уақытта компьютерге кез келген операциялық жүйеден жұғатын және желілер арқылы таралатын көптеген вирустар белгілі. Компьютерлік программаларға қатысты «вирус» атауы өздігінен көбею қабілетіне ие белгілері бойынша биология пәнінен белгілі.




Компьютерлік вирус - өздігінен көбеюге қабілетті арнайы программалар, ол компьютер жадысында сақталатын программалар мен файлдарды құртуы, жоюы және компьютерді істен шығаруы мүмкін. Мекендеу ортасына қарай вирустарды былай бөлуге болады:







Файлдық




Жүктейтін (загрузочный)




Макровирустар




Бұл қолданбалы программалардың ішіне енгізіліген программалық кодалық блоктар. Вирустық кода программа жүктелгенде жіберіледі




Негізгі жүктейтін жазбаға немесе жүктейтін секторға вирус жұқтырады. Операциялық жүйе жүктелгенде жұқпалы тасушыдан вирус жұғады.




Word құжаттары және Excel электрондық кестесі құжаттарына вирус жұқтырады. Жұғу құжат файлын ашқанда орындалады.










Компьютерді және файлды сақтау үшін пайдаланушы компьютерлік вирустардан қорғанудың негізгі әдістерін білу қажет.




Вирустардан қорғану үшін компьютерге орнатып және оны оқтын-оқтын жаңалауды қажет ететін вирусқа қарсы арнайы программалар










IV.Сабақты қорыту




Өзіңді өзің тексер:




Вирус ол............




А( дискілерді тексеру құралы




В) файлдарды көшіруге арналған программа




С) Операциялық жүйедегі қателердің салдары




Д) көбеюге қабілетті зақымдаушы программа




2. Вирустың компьютерге өтуінің көзі бола алмайтын құрылғы?




А) модем




В) электрондық плшта




С) қатты диск.




Д) ажырап алынатын тасығыштар




3. Антивирус –ол......




А) файлдарды сығуға арналған программа




В) файлдарды көшіруге арналған программа




С) комьютерлік вирустарды жоюға арналған программа




Д) вирустарды құруға арналған программа




4. Антивирус не істей алмайды?




А) файлдарды сканерлей алмайды




В) мұрағаттарды қарай алмайды




С) файлдарды қайта қалрына келтіре алмайды




Д) файлдарды сығыстыра алмайды.




5. Компьютердің вируспен зақымдануының алдын алудағы бұрыс кеңесті табыңдар:




А) бейтаныс адамдар жіберген хаттарды және хаттардың тіркемелерін




ешқашан ашпау.




В) компьютерде «әкімшілік» мәртебесінде емес, шектелген есепке алу




жазбасында жұмыс істеу.




С) компьютердегі барлық бумаларға толық қол жеткізу құқын әрқашан




ашып қою




Д) вирусқа қарсы қорларды жүйелі түрде жаңартып отыру.




Кілті:




1




2




3




4




5




Д




А




С




Д




С




Сабақты бекіту:

1. Антивирустық программа дегеніміз не? Ол неге қарсы арналған? (не үшін керек?)

2. Антивирустық программалардың негізгі типтерін атаңдар.

3. Ақпаратты компьютерлік вирустардың қорғау шараларын атап шығыңдар.

4.Ақпаратты сығу дегеніміз не?

V. Үйге тапсырма беру: Компьютерлік вирустардан қорғау

VI. Оқушыларды бағалау.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!