Тақырып бойынша 21 материал табылды

Ақпаратты құқықтық қорғау

Материал туралы қысқаша түсінік
Ақпараттық құқықтық қорғау тақырыбы
Материалдың қысқаша нұсқасы


Бөлім:

Цифрлық сауаттылық

Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Саркенова Маржангуль

Күні:

 21.04. 2026 ж

Сынып: 11

Қатысушылар саны:18

Қатыспағандар саны:0

Сабақтың тақырыбы

Ақпаратты құқықтық қорғау (3 сабақ)

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

11.6.2.1 ақпараттарды және зияткерлік меншікті (1996 жылғы 10 маусымдағы "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы", 2015 жылғы 16 қарашадағы "Ақпаратқа қол жеткізу туралы", 2003 жылғы 7 қаңтарғы "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының Заңдары) қорғаудың қажеттілігін негіздеу

Сабақтың мақсаты

ақпараттарды және зияткерлік меншікті қорғаудың қажеттілігін негіздеу

Құндылықтарды дарыту

"Еңбекқорлық пен кәсіби біліктілік" құндылығы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақпаратты қорғауға, авторлық құқықтарды сақтауға және цифрлық ресурстарды саналы түрде пайдалануға жауапкершілікпен қарау арқылы қалыптастырылады. Адалдық және әділеттілік құндылықтарын қалыптастыру

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, жиналғандарды тексеру. Жұмысқа психологиялық көзқарас. Оқушылардың зейінін шоғырландыру

Сыныпты топқа бөлу: 18 сан беріледі сандардың астында «Заң», «Құқық», «Автор» сөздері бар сол сөздер арқылы сынып топтасады

Балалар жұмыс орындарын тексереді.

Сынып «Заң», «Құқық», «Автор» сөздері арқылы 3 топқа бөлінеді

ЖИ-мен жас алған «Бағалау парағымен» таныстыру



Сандар жазылған жетондар

Сабақтың ортасы

10 минут




























3 минут

























24 минут

Өткен тақырыпқа шолу жасау

https://wordwall.net/ru/resource/72019979


Топтық жұмыс

Интернет желісінің ресурстарын пайдаланып "Ақпаратты құқықтық қорғау" тақырыбына ақпарат тауып кестені толтыр


Сергіту сәті

Заңды ма, заңсыз ба?” ойыны
Оқушыларға түрлі жағдайларды оқисыз, олар тез жауап беруі керек:

  • Бір бұрыш — “ЗАҢДЫ”

  • Екінші бұрыш — “ЗАҢСЫЗ”

1. “Интернеттен музыка жүктеп, оны сату”
заңсыз

2. “Авторын көрсетіп, мәтінді қолдану”
заңды

3. “Досыңның паролін сұрап алып кіру”
заңсыз

4. “Өз фотоңды әлеуметтік желіге жүктеу”
заңды

5. “Басқа біреудің видеосын рұқсатсыз жариялау”
заңсыз

6. “Ашық дереккөзден ақпарат алып, сілтеме беру”
заңды

7. « Фильмді пираттық сайттан жүктеу

заңсыз

8. Біреудің жұмысын көшіріп, өзіңнің атыңнан тапсыру

заңсыз



Жеке жұмыс (1-6 тапсырма әр тапсырма 1 минуттан, 7- тапсырма 2 миут, 8 тапсырмаға 16 минут)

А-деңгейі

1 . Неліктен бағдарламаның авторы әрқашан оның құқық иесі бола бермейді? Жауабы: ________________________________________ ________________________________________________ ________________________________________________

2 Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі мақсаты Жауабы: ___________________________

3. ҚР-да авторлық құқықтарды кім қорғайды? Жауабы: ________________________________________ ________________________________________________

В- Деңгейі

4. . http://adilet.zan.kz/rus/docs/Z960000006 сайтына кір (ҚР «Авторлық құқық туралы» Заңы). Декомпиляцияны реттейтін бапты тап. Сол баптан заңды декомпиляцияның 2 шартын жаз. Жауабы: ________________________________________ ________________________________________________ ________________________________________________


5. Функционалдық сауаттылық Азамат Петров электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік органға сұрау жіберді. Жауап келмеді. «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» заңға (2015) сүйене отырып, Петровтың қандай құқықтары бұзылғанын және не істей алатынын түсіндіріңіз. Жауабы: ________________________________________________________________________________________ ________________________________________________

6. Плагиат пен пираттықтың айырмашылығы неде? Жауабы: ________________________________________ ________________________________________________ ________________________________________________


7. Мәтін фрагментін көшіріп, нейрожеліге (мысалы, Gemini немесе ChatGPT) енгізіңіз. ИИ-ден мәтінде аталған барлық авторлық құқық объектілерін анықтауды сұра. Оларды дәптерге жазып, қорытынды жаса. ЖИ-ға жүктеуге арналған мәтін: «Авторлық құқық объектілеріне мыналар жатады: әдеби және сценарийлік шығармалар; хореография және пантомима туындылары; мәтіні бар немесе мәтінсіз музыкалық шығармалар; аудиовизуалдық шығармалар; бейнелеу өнерінің (кескіндеме, мүсін, графика және т.б.) туындылары; қолданбалы өнер туындылары; сәулет, қала құрылысы, дизайн және ландшафттық өнер туындылары; фотошығармалар және фотографияға ұқсас тәсілдермен алынған туындылар; география, топография және басқа ғылымдарға қатысты карталар, жоспарлар, эскиздер, иллюстрациялар және үш өлшемді туындылар; ЭЕМ-ге арналған бағдарламалар».


С- деңгей


8. «Қазіргі Қазақстандағы авторлық құқықты қорғау мәселелері» тақырыбы бойынша шағын зерттеу жүргізіңіз. Зерттеу нәтижесін презентация түрінде рәсімдеңіз. (тапсырманы орындауда жасанды интеллектіні пайдалану)

8 -тапсырманы мұғалім жеке тексеріп шығады

ЖИ-ді пайдаланған кезде оның жауабында қателік бар ма? Ол Қазақстанның заңнамасына толық сәйкес келе ме?" деген сұрақты қою

Интерактивті тапсырманы орындайды



Интернет желісінің ресурстарын пайдаланып "Ақпаратты құқықтық қорғау" тақырыбына кестені толтырады немесе слайд жасайды








Мұғалімнің оқыған сұрағына қарай тез қимылдау арқылы «Заңды ма, заңсыз ба» ойынын ойнау

















- заңды декомпиляция шарттарын жазады;


- автор мен авторлық құқық иесінің арасындағы айырмашылықты түсіндіреді;

- ақпараттық қауіпсіздіктің мақсатын анықтайды;

- құқықтық жағдайды талдайды және құқықтарды қорғаудың заңды әдісін ұсынады;

- плагиат, қарақшылық, лицензия және авторлық құқықты ажыратады;

- авторлық құқық объектілерін бөлектеу үшін ЖИ қолданады және қорытынды жасайды;




- шағын зерттеу нәтижелерін ұсынады. Презентация жасайды.








Оқушылар берілген сұраққа өз ойларын айту








Топтық жұмыстың бағалау критерийі



















































1-тапсырма(автор және құқық иесі)

2 балл:
– Автор мен құқық иесінің айырмашылығын нақты түсіндіреді
– Мысал немесе себеп (мысалы, еңбек шарты, құқықты беру) келтіреді

1 балл:
– Түсінік бар, бірақ толық емес немесе нақты емес

0 балл:
– Қате немесе жауап жоқ


2-тапсырма (ақпараттық қауіпсіздік мақсаты)

2 балл:
– Негізгі мақсатты толық атайды (құпиялылық, тұтастық, қолжетімділік)

1 балл:
– Тек бір немесе екі компонентін атайды

0 балл:
– Қате немесе жауап жоқ



3-тапсырма (ҚР-да авторлық құқықты қорғау)

2 балл:
– Дұрыс органды (мысалы, Әділет министрлігі) нақты атайды

1 балл:
– Жалпы түрде жауап береді (мысалы, “мемлекет қорғайды”)

0 балл:
– Қате немесе жауап жоқ




4-тапсырма (декомпиляция шарттары)

2 балл:
– Заңдағы нақты бапты дұрыс табады
– Заңды декомпиляцияның
2 нақты шартын толық және дұрыс жазады

1 балл:
– Бапты табуда немесе шарттарды жазуда қателік бар
– Тек 1 шарт дұрыс көрсетілген

0 балл:
– Жауап жоқ немесе мүлде қате


5-тапсырма (функционалдық сауаттылық, құқықтар)

2 балл:
– Заңға сүйене отырып, бұзылған құқықты нақты анықтайды
– Қандай әрекет жасауға болатынын дұрыс түсіндіреді

1 балл:
– Тек құқықты немесе тек әрекетті ғана көрсетеді

0 балл:
– Жауап жоқ немесе қате



6-тапсырма (плагиат пен пираттық айырмашылығы)

2 балл:
– Екі ұғымды анықтап, айырмашылығын нақты түсіндіреді

1 балл:
– Тек біреуін түсіндіреді немесе айырмашылығы толық емес

0 балл:
– Қате немесе жауап жоқ


7-тапсырма (ЖИ арқылы талдау)

2 балл:
– Барлық авторлық құқық объектілерін дұрыс анықтайды
– Қорытынды жасайды

1 балл:
– Объектілердің бір бөлігі ғана көрсетілген немесе қорытынды әлсіз

0 балл:
– Жауап жоқ немесе қате


8- тапсырма

«Қазіргі Қазақстандағы авторлық құқықты қорғау мәселелері» (презентация)

4 балл (өте жоғары деңгей):
– Тақырып толық ашылған, қазіргі мәселелер нақты талданған
– ҚР заңнамасына (мысалы, «Авторлық құқық туралы» заң) дұрыс сілтеме жасалған
– Нақты мысалдар, статистика немесе жағдайлар келтірілген
– Презентация құрылымы логикалық (кіріспе–негізгі бөлім–қорытынды)
– Слайдтар көрнекі, мәтін қысқа әрі түсінікті
– Қорытынды мен ұсыныстар бар


3 балл (жақсы деңгей):
– Тақырып ашылған, бірақ талдау терең емес
– Заңға жалпы сілтеме бар, бірақ нақты емес
– Мысалдар аз немесе үстірт
– Презентация құрылымы дұрыс, бірақ ұсақ кемшіліктер бар
– Қорытынды бар, бірақ толық емес


2 балл (орташа деңгей):
– Тақырып жартылай ашылған
– Мәселелер нақты талданбаған
– Заңға сілтеме жоқ немесе қате
– Презентацияда құрылым әлсіз
– Мысалдар жоқ немесе жеткіліксіз


1 балл (төмен деңгей):
– Тақырып ашылмаған
– Ақпарат өте аз немесе дұрыс емес
– Презентация талапқа сай емес (құрылым жоқ, түсініксіз)
– Қорытынды жоқ


https://wordwall.net/ru/resource/72019979



оқулық, дәптер, ДК
















«Заңды», «Заңсыз» деп жазылған парақша




















Жұмыс парағы,


оқулық ,дәптер,

ДК


http://adilet.zan.kz/rus/docs/Z960000006



жасанды интеллектпен жасалған бағалау парағы




https://gemini.google.com/share/3a54b17576d1















Сабақтың соңы

5 минут

Ү/т: "Ақпаратқа қол жеткізу құқығын жүзеге асыру" тақырыбына баяндама дайындау

Сабақтың қорытындысы. Рефлексия.

"3-2-1" әдісі арқылы сабақты бағалау . оқушылардың пікірін тыңдау

  • 3 – Сабақ барысында үйренген 3 маңызды жаңалық (мысалы: заң баптары, авторлық құқық түсінігі, ЖИ-дің көмегі).

  • 2 – Зерттеу барысында қиындық туғызған 2 сәт (мысалы: заңды декомпиляция шарттарын табу, плагиат пен пираттықты ажырату).

  • 1 – Сабақтан кейін де ойында қалған 1 сұрақ немесе әлі де тереңірек білгісі келетін тақырып.


Ү/т-сын жазады


Оқушылар өз ойларын айтады, өз жұмыстарын ЖИ-мен жасалған бағалау парақшасымен бағалайды

ЖИ мен жасалған бағалау парағы арқылы өзін-өзі бағалау




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.05.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12