жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ақпаратты тасымалдау 6 сынып
Сабақ барысы:
|
Сабақтың жоспарларған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
||
|
Сабақтың басы 5 мин |
Оқушылар амандасқаннан кейін сыныпта психологиялық ахуалды жақсарту үшін оқушылар дөңгеленіп тұрып бір-біріне доп лақтырып,тілектерін айтады. Оқушыларды топтастыру үшін алғашқы радио, телефон, телеграф суреттерінен мозайка жасалып,оқушыларға үйлестіріледі,бір суретті құрастырған оқушылар бір топқа топтасады. |
|
||
|
Сабақтың ортасы 30 мин |
Сабақтың басында youtube сайтынан алғашқы теледидарлардың пайда болу тарихы мен дамуы жөнінде бейнеролик көрсетіледі және балалар көрген бейнероликты талқылап, түсінгендерін айтады. 1-тапсырма. Топтық жұмыс. Стоп кадр әдісі.Балаларға аудио,видео және сурет көрсетіліп, ақпарат беріледі,көзбен көріп,құлақпен есту арқылы балалар әрі қарай өз ойларын айтып жалғастырады. 1 топ радио тобы ақпаратты видеоролик көріп тоқтағаннан кейін видеоға байланысты өз ойын жалғастырып кетеді; 2 топ телеграф тобы ақпаратты радиодан естіп,әрі қарай өз ойларын жалғастырып кетеді; 3 топ телефон тобына ақпарат ретінде фотосурет көрсетіледі,және сол суретке кішігірім әңгіме құрап шығады. 3 топқа дайындыққа 2 мин уақыт беріледі. Дескриптор: -Оқушылар ақпарат алу арқылы сабақтың мазмұнын түсінеді. -Өз пікірлерін тұжырымдап айтады. - Қ.Б: Өзара бағалау. «Екі жұлдыз бір ұсыныс» әдісі Саралау: Жіктеу тәсілі.Оқытудың болжалды міндетіне қарай топ құруда пайдалы көптеген тәсілдер бар: Соның ішінде аралас гендерлік топқа бөлдім. Дереккөз тәсілі. Бұл материалды пайдаланудың анағұрлым ауқымды көлемін көрсетеді.
2-тапсырма. Сыныптағы барлық оқушы қатысады. Т диаграммасын құру.
Дескриптор: Барлық оқушылар Т диаграммасы арқылы ақпарат арналарының екі түрінің айырмашылықтары мен ұқсастықтарын айтады. Қ.Б: Мұғалім оқушыларды смайлик арқылы бағалайды. Саралау:Бұл саралау әдісі диалог және қолдау көрсету. Мұғалім оқушыларды ойланту үшін және бірқатар жауаптар алу үшін алдын ала дайындалған сұрақтарды қоюына болады. Бұл әдісті қолдану барысында сөзбен қолдау көрсету және ынталандыру да маңызды рөл атқарады. Сергіту сәті. Оқушылар интербелсенді тақтадағы бейнероликтегідей жаттығу жасайды. 3-тапсырма.Жеке жұмыс.Мына әрекеттерді дұрыс орналастырып,дәптерлеріңе орындаңыздар:Түсіндіреді,қарайды,дәмін алады,көрсетеді,сипап сезеді,тыңдайды,қабылдайды,тасымалдайды.
Дескриптор: оқушылар ақпаратты беруші және қабылдаушы арналарды ажырата алады. Арналардың айырмашылықтарын айта алады. Қ.Б. « Бас бармақ» әдісі арқылы балалар бір-бірін бағалайды. Саралау: Бағалау - Оқушылар үнемі бағаланып отырады, осылайша педагогикалық қызмет пен саралаудың басқа да түрлері оқушылардың қажеттіліктеріне қарай үнемі түзетіліп отырылуы мүмкін. 4-тапсырма.3 тапсырманы сыныптастарынан бұрын орындап болған оқушыларға қосымша тапсырма ретінде практикалық жумыс беріледі.Бұл тапсырмада оқушылар радионың пайда болу тарихы туралы ғаламтордан мәлімет іздеп тауып қысқаша түсінік алу керек. Дескриптор: -оқушы ғаламтормен жұмыс жасай алады.
Қ.Б: оқушылар өз-өздерін бағалайды. Саралау: Қарқын тәсілі арқылы саралау - Кейбір оқушылар басқаларына қарағанда жылдам жұмыс істейді, соларға қарқынына байланысты қосымша тапсырма беруге тырысамын. Дереккөздер
|
https://www.youtube.com/watch?v=zlsYwZ2rTVA
Слайд
Интербелсенді тақта
https://www.youtube.com/watch?v=P5DDCesQpLg
Оқулық Астана «Арман-ПВ» 2018 |
||
|
Сабақтың соңы 5 мин |
5-тапсырма.Сабақты қорытындылау. Оқушылар жеке жұмыс ретінде сызбасы кітапта көрсетілген ақпарат тасымалдаушы,ақпарат беруші,тасымал сипаттарын дәптерлеріне жазады.
Дескриптор: оқушылар сызба көмегімен ақпарат тасымалдаушы,ақпарат беруші,тасымал сипаттарын дәптеріне жазып,неліктен жазғанын түсіндіреді.
Қ.Б. Әр топ оқушылары радио тобы телеграф тобын,телеграф тобы телефон тобын, телефон тобы радио тобын бір-бірінің дәптерлерін ауыстырып алып, тексеріп бірін-бірі слайлик арқылы бағалайды. Саралаудың тағы бір тәсілі қорытынды:
Үйге тапсырма: тақырыпты оқып келу,өздеріңіз күнделікті қолданып жұрген ұялы телефонның шығу тарихы жөнінде ақпарат жинап келу. |
Оқулық |
||
|
|
Бағалау әдістері: - Окушылар бір-бірін екі жұлдыз бір ұсыныс арқылы бағалайды - Оқушылар «Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады. - Оқушылары бірін-бірі бағалайды. Бағалау критерийлері бойынша әр оқушының қосқан үлесін әділ бағалауларына назар аударамын |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау Компьютерде жұмыс жасау кезиндегі қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып,сергіту сәтінде жаттығу орындайды. |
||
|
|
Рефлексия: Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен? Осы сұрақтар аясында сабақ соңында рефлексия жүргізілді. Сабақ өз мақсатына жетті деп ойлаймын, себебі сабақ барысында ақпарат тасымалдаушылар жөнінде толық мәлімет берілді,жан-жақты тапсырмалар орындалып, балалар қабілеттеріне қарай бағаланды.Осы сабақта пайдаланылған белсенді әдіс-тәсілдер сабақты ашып көрсетуге тиімді болды деп ойлаймын.
|
|







Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген