жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ақпараттың өлшем бірліктері 5-сынып
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Мектеп: №221 негізгі орта мектеп «Ақпаратты өлшеу және Мұғалімнің аты-жөні: Садыбаева Назкен компьютерлік жад» Күні: Қатысқандар: Қатыспағандар: Сынып: 7 |
||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы |
Ақпараттың өлшем бірліктері |
|||||||||||||||||||
Оқу мақсаты |
7.2.1.1.Ақпараттың өлшем бірліктерін атап өту 7.2.1.2. Ақпаратты бір өлшем бірлігінен басқа өлшем бірліктеріне ауыстыру |
|||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты |
Барлық оқушылар:Ақпараттың өлшем бірліктерін біледі. Ақпаратты бір өлшем бірлігінен басқа өлшем бірлікке ауыстыра алады. Оқушылардың басым бөлігі: Ақпараттың орналасқан орынын анықтай біледі. Кейбір оқушылар:Берілген ақпараттың көлемін есептей алады. |
|||||||||||||||||||
Бағалау критерийі |
Ақпараттың өлшем бірліктерін атап шығады. Ақпаратты бір өлшем бірлігінен басқа өлшем бірлігіне ауыстырады. |
|||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар тықырыптағы термин сөздерді қолдана отырып, сауатты түрде баулу. Негізгі сөздер мен тіркестер: Байт, Бит, Кбайт, Кбит, Мбай, Мбит, Гбайт, Гбит, Тбайт, Тбит Диалог құруға/жазылымға қажетті сөздер топтамасы:
|
|||||||||||||||||||
Құндылыққа баулу |
Топта сын тұрғысынан ойлау, бірлескен жұмыс орнату, бір-бірлерінің пікірін тыңдау, құрметтеу, өмір бойы білім алуға дайын болу. |
|||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс |
Математика: 3-сынып Ұзындықтың өлшем бірліктері |
|||||||||||||||||||
Алдыңғы білім |
Ақпараттың өлшем бірліктері туралы біледі |
|||||||||||||||||||
Сабақтың барысы |
||||||||||||||||||||
Кезеңдері |
Жоспарланған жаттығулар |
Ресурстар |
||||||||||||||||||
Сабақтың басы: |
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды үш топқа бөлу. Оқушыларға үлестірмелі қағаз таңдатылады: Ұзындық: см, м, дм, км Салмақ: гр, кг, т, ц Ақпарат: зеттабайт, йоттабайт, зксабайт, петтабайт
Әр оқушы өзінің бағытына байланысты үш топқа бөлінеді. «Миға шабуыл» әдісі арқылы оқушыларға өздерінің қандай мақсатпен топтасқандарын сұраймын.
Информатика пәніне қай топтың өлшем бірліктері жақын. Олай болса бүгінгі сабағымызда сол өлшем бірліктер туралы үйренетін боламыз деп бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаттары ашылады.
Сабақты бастамас бұрын «Зымыран сұрақтар» әдісі арқылы оқушылар өткен тақырып бойынша үш сұрақ жазып, қағаздан ұшақ жасайды. Басқа топқа ұшырады. Ол топ сұрақтарға жауап береді.
«Шапалақ» әдісі арқылы топтар бірін-бірі бағалайды.
(Ж) 5 сыныпта өткен өлшем бірліктер бойынша «Өзім жайлы» әдісі арқылы оқушылар өздерінің есімдерін есептеп биттік өлшемге айналдырады. Сағат тіліне қарама-қарсы бағыт бойынша топтағы оқушылар жұмыстарымен алмасып тексереді.
Фигуралар арқылы бағалайды (шеңбер-жақсы, төртбұрыш-орташа, үшбұрыш-төмен).
Кейбір оқушыларға қажеттіліктеріне қарай «диалог» түрінде қолдау көрсетемін |
Оқушылар үлестірілген қағаз арқылы үш топқа бөлінеді:
Сантиметр
Метр
Детциметр
Километр
Грамм
Килограмм
Тонна
Центнер
Зеттабайт
Йоттабайт
Эксабайт
Петтабайт |
||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы: |
Тақырыпты түсіндіру мақсатымен оқушыларға bilimland.kz сайты арқылы онлайн түрінде бейнеролик арқылы түсінік беріледі.
Түртіп алу стратегиясы бойынша бейнероликте көрсетілген өлшем бірліктерін дәптерлеріне жазады.
Топтық жұмыс Үш топқа тапсырма беріледі Ұзындық тобы: Ақпараттың өлшемін талдай отырып, сұрақ белгісінің орнына сандарды қою. а) 1 байт =? бит =23 бит; ә) 213 бит =? Кбайт; б) 1 Мбайт = ? Кбайт=?байт=?бит; в)?Кбайт =?байт=12288 бит;
Салмақ тобы: Егер 256 беттен, әр беті 95 жолдан, әр жолы 80 символдан тұратын кітапты сыйымдылығы 2 Гбайт флешкаға жазса, флешкада қанша орын қалады.
Ақпарат тобы: Фотосуреттің өлшемі 4000×1500 нүктеден тұрады. Әрбір нүкте сонша түстен тұрады. Оны кодтау үшін 2 байт қажет. Берілген фотосурет қанша орын алады?
Дұрыс жауапты слайд арқылы көрсетемін.
Үш топ тапсырманы орындап дұрыс-бұрыстығына көздері жеткен кезде топтар «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бірін-бірі бағалайды.
Жұптық жұмыс Жұптық жұмысты интернет желісінен алынған қосымша тапсырма. 1)Бос ұяшықтардың орнына дұрыс жауапты жазу.
2)Өлшем бірлікті өсу ретімен жазу: 23 мбайт, 45 гбайт, 7000 бит, 34 эксабайт, 5 зеттабайт, 4 йоттабайт
Жұптар бірін-бірі түстер арқылы бағалайды.
Қарқынды, ойлау қабілеті жоғары оқушыларға арналған тапсырмалар Ақпараттың өлшемін талдай отырып, сұрақ белгісінің орнына сандарды қою. а) 1 Мбайт =?Кбайт =?байт; ә) 1 Гбайт =?Мбайт =?Кбайт; б) 2 Тбайт = ? Гбайт=?Мбайт; в)?Гбайт =1536 Мбайт=?Кбайт;
Смайлик арқылы бағалаймын.
Жеке жұмыс Бағалау критерийі Білім алушы
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану Берілген өлшем бірліктерін салыстыруды орындаңыз. Белгілерді қойыңыз (<, > , =)
Дескриптор Білім алушы - бит пен байтты салыстырады; - килобайт пен мегабайтты салыстырады; - гигабайт пен мегабайтты салыстырады; - терабайт пен гигабайтты салыстырады.
Тапсырманың орындалғанына қарай ауызша кері байланыс беремін.
|
http://bilimland.kz/kk/content/structure/1947-informatika_kk#lesson=16305
А4, маркер
|
||||||||||||||||||
Сабақтың соңы: |
Кері байланыс
«Қорытынды» әдісі. Оқушының білімін жақсартуды, түзетуді қажет ететін салаларды анықтаймын
|
Кері байланыс парақшалары таратылады.
|
||||||||||||||||||
Саралау – сіз қандай тәсілмен көбірек қолдану көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? |
Бағалау – сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау |
||||||||||||||||||
Оқушыларға үлестірмелі қағаз тарату арқылы «Ұзындық», «Салмақ», «Ақпарат» деген үш топқа бөлемін.Топтық жұмыс кезінде оқушыларға қосымша ақпараттық ресурс таратамын. Топтық, жұптық, жеке тапсырмалар арқылы оқушыларға қажеттіліктеріне қарай қолдау, кейбір оқушыларға көмек көрсетемін. Әрбір оқушының жұмысын бақылап, сұрақ қою арқылы немесе бағыт бағдар беру арқылы диалог жүргіземін. Қарқыны, ойлау қабілеті жоғары оқушыларға қосымша тапсырма беремін. Сабақ соңыңда әр оқушының тапсырмаларды орындауына қарай кері байланыс жүргіземін. Әрбір әрекет оқушылардың бүкіл тапсырманы орындауына қарай бағаланады. |
Әрбір тапсырмадан кейін бағалау жүргізіліп отырады. Үй тапсырмасын сұрау кезінде оқушылар топ арқылы шапалақ арқылы бірін-бірі бағалайды. "Екі жұлдыз, бір тілек" бағалау түрімен бір топ екінші, екінші топ үшінші топты бағалайды. Жұптық жұмыс барысында оқушылар жұптар түстер арқылы бағалайды. Қарқынды оқушыларды смайлик арқылы бағалаймын. Қалыптастырушы бағалау тапсырмасын орындаған уақытта дескриптор арқылы тексере отырып тапсырманың орындалуына қарай әр оқушыға ауызша тиімді кері байланыс беремін. Бұл менің келесі сабағымды жоспарлауыма мүмкіндік береді.
|
Сабақтың басында информатика кабинетінде қауіпсіздік ережесін сақтау ескере отырып,сыныптағы ауаның тазартылуы, жарық көздері мен парталардың дұрыс орналасуы қадағаланады |
||||||||||||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген