400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 21 материал табылды

"Ақпараттың өлшем бірліктері" атты қысқа мерзімді жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал информатика пәні бойынша қысқа мерзімді жоспар, 5-сыныптарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ: §10. Ақпараттың өлшем бірліктері


Мектеп: «Құрық ауылы №6 орта мектебі» КММ

Күні: 15.11.2018

Мұғалімнің есімі: Сактаганова А.Д.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Оқу мақсаттары:

  1. Ақпарат өлшем бірліктері, жеткізу жылдамдығымен танысу.

  2. Білім жетістіктерін әділ бағалауды қамтамасыз ету.

Жетістіктер критерийлері

Барлық оқушылар

  1. Ақпараттың өлшем бірліктерімен, олардың көлемімен танысады.

  2. Біліп үйренгендерін қолданып, практикалық және теориялық түрде берілген тапсырмаларды орындайды.

Оқушылардың басым бөлігі

Түсінеді, талдайды, білімін қолданады: ақпаратты сақтау құралдарының өлшемдерін анықтауды біледі. Ақпаратты жеткізу жылдамдығын түсінеді.

Кейбір оқушылар

Білімін жинақтайды, рефлексия жасайды: ақпараттың өлшем бірліктеріне берілген түрлі тапсырмаларды орындайды.

Өткен тақырып

«Өрмекшінің торы» стратегиясы арқылы өткен тақырыпты қайталау.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

СТО, «Өрмекшінің торы», «Саған сенемін!».

Қолданылатын ресурстар

Флипчарт, слайд, бейнеролик, оқулық.

Пәнаралық байланыс

Математика, бейнелеу өнері.


Жұмыс түрлері

Тапсырмалар, қосымшалар

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті (нәтижесі)

І кезең

Ұйымдастыру кезеңі

Тренинг «Саған сенемін!»:

«Саған сенемін, себебі...» жалғастыру арқылы тізбек бойымен жанындағы оқушыға сабаққа деген сенімділік қалыптастыру.

Сынып оқушыларының зейінін сабаққа аудару. Психологиялқ ахуал қалыптастыру, топтастыру.

Сыныптың оқушылары «км, кг, байт» деген сөздерді таңдау арқылы 3 топқа бөлінеді. Жаңа тақырыпты оқушылар өздері таңдап алған сөздері арқылы анықтайды.

Үй тапсырмасын тексеру

«Өрмекшінің торы» ойыны арқылы сұрау.

Біздің айналамыздағы ақпарат тақырыбы бойынша сұрақтар қою. Ақпарат түрлерін жатқа айту.

Оқушылардың айтқан жауаптарын тыңдау.

Қосымша сұрақтар қою арқылы толықтырылады.

Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді. Топ оқушылары жіпті бір-біріне лақтыру арқылы өрмекшінің торын құрады. Сұрақтарға сыни тұрғыдан жауап береді.

Қызығушылығын ояту, мәселе қою

Көпір тапсырмасы.

Қандай өлшем бірліктерді білесіңдер?

Бір өлшем бірлікті екінші өлшем бірлікке ауыстыру қалай жүзеге асады?

Оқушы жауаптары тыңдалады.

Қосымша сұрақтар қою арқылы толықтырылады.

Көпір тапсырмаларында берілген сұрақтарға сыни тұрғыдан ойлау арқылы жауап береді.

ІІ кезең

Теория бойынша «Білу», «Түсіну», «Талдау», «Жинақтау» тапсырмалары (топтық жұмыс, презентация, мұғаліммен бірге талдау)

Мазмұнды сызбамен жұмыс.

Әр топқа берілген тақырып бойынша: мазмұнды сызба дайындау және қорғау тапсырмасы беріледі.

1-топ. Ақпараттың өлшем бірліктері.

2-топ. Ақпарат тасығыштардың өлшемдері.

3-топ. Ақпараттың өлшем бірліктері туралы қызықты ақпараттар.

Оқулықтағы тапсырмалар:

«Білу» тапсырмасындағы сұрақтарға жауап беру.

«Түсіну» тапсырмасындағы Неліктен? Не себепті? сұрақтарына нақты дәлелдермен жауап беру.

«Талдау» тапсырмасы бойынша ақпарат құралдарының өлшемдерін және мүмкіндіктерін салыстырады.

«Жинақтау» тапсырмасы бойынша кестедегі мәліметтерді дәптерлеріне толтырып, сәйкестендіру жасайды.

Жаңа сабақты меңгерту мақсатында жаңа ұғымдармен, материалдармен таныстыру, слайдтар көрсету арқылы мәліметтер беру.



Топ бойынша жасалған жұмыстарды тексеру.







Әр қадам тапсырмаларына нұсқау беру, тексеру.







Мұғалім тексереді, қателіктер кеткен жағдайда түзейді.

Оқушылардың мұндағы мақсаты – берілген тапсырмаларды қатесіз, топпен бірлесе отырып орындау.







Кітаппен жұмыс жасау. Қадам тапсырмаларын қатесіз орындау, тексеру.





Оқушылар өз ойларын жүйелі түрде айтады.

Сергіту сәті

«Бірлік» бейнеролигін тамашалау.

Оқушылармен бірге бейнеролик тамашалау.

Интербелсенді тақтадағы бейнероликті көріп, ой түйеді.

ІІІ кезең

«Қолдану» және «Бағалау» тапсырмалары

«Қолдану» тапсырмасы бойынша оқушылар компьютермен практикалық жұмыс орындайды. Тапсырмада берілген суретке қарап, мәтін құрастырады. Мәтінді компьютерге теріп, сақтайды.

«Баға беру» тапсырмасында күнделікті ақпаратты қолдану туралы айтып, ойларымен бөліседі.

Оқушылардың орындаған тапсырмаларын тексеру, білмеген жағдайда бірлесе отырып орындату.





Оқушылардың айтылған ойларын тыңдау, ой-қосу.

Тақырып бойынша алған білімдерін қолдана отырып, берілген тапсырмаларды орындайды. Теориялық білімін бекіту арқылы біліктілігі қалыптасады.



Оқушылардың барлығы бірдей тапсырмаларды орындайды.

Бағалау, кері байланыс (бағалау парағы бойынша)

«Бас бармақ» әдісі арқылы топтар бірін-бірі бағалайды.

Мұғалім тексеріп шығады. Бағалау парағына бағаларын қояды.

Қорытынды бағаларын қояды.

Топ оқушылары өздерінің бағаларын бағалау парағына қояды.

Үй тапсырмасы: §10-ды оқу.

Оқушыларға бағдар беру, түсіндіру, үй тапсырмасының қалай орындалу керектігіне шолу жасау.

Оқушылар үй тапсырмасын орындайды.

Қорытынды: Сабақтың соңына дейін әр оқушы қадам тапсырмаларын үлгергенінше орындайды, қалғанын үйге алады. Сабақтың соңғы үш минутында сыныпта жинаған балл санын әр оқушы өздерінің жеке бағалау парағына белгілейді. Оған келесі сабақтың басында үйде жинағана балы қосылып, барлық балл саны мониторингке тіркеледі, сәйкес бағасы сынып журналына қойылады.


Қосымша ақпарат

Саралау: Оқушыларға алдыңғы тақырып бойынша білімдерін еске түсіруге бағыт беремін. Тапсырмалар топтық болғандықтан қабілеті жоғары оқушылар бар топтың тапсырмасын күрделі етіп беруге тырысамын.

Бағалау критерийлері бойынша әр оқушының қосқан үлесін әділ бағалауларына назар аударамын.

Оқушыларға қауіпсіздік ережелерін сақтау ескертіліп, АКТ-мен байланыс жасау. Бір-бірін топта тыңдау, сыйластық таныту. Бірлескен жұмыс нәтижесіне қол жеткізу.

Рефлексия:

1. Сабақ (оқу мақсаттары) шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

2. Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

3. Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

4. Сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 қараша
293
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі