400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ақпараттың өлшеу бірліктері 7ә сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
7 сыныптарға арналған. Дайын ҚМЖ сабақ. Түрлі әдіс тәсілдер қолданылып жасалған сабақ.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспарлау үлгісі


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Мектеп: «Ұзын-Ата» жалпы орта мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Темирбекова Ж.

Сынып: 7

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Ақпаратты өлшеу бірліктері




Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.2.1.1 Ақпараттың бір өлшем бірлігін келесі өлшем бірліктерге ауыстыруды жүзеге асыру

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушы: Ақпараттың өлшем бірліктерін білу

Оқушылардың басым бөлігі: Ақпарттың өлшем бірліктерінің атын,мөлшерін,санын атап беру және тәжірибеде қолдану

Кейбір оқушылар: Ақпараттың өлшемін ауыстыра білу, компьютерде файлдардың көлемін өлшеу.


Бағалау критерийі

-Ақпарттың өлшем бірліктерін біледі;

-Тәжірибе жүзінде өлшем бірліктерді аударады;

-Ақпараттың ауыстыра біледі, компьютерде файлдардың көлемін өлшей алады;

Тілдік мақсаттар


Ақпаратты өлшем бірліктерін түгендей алады: байт, килобайт,мегабайт,

Гигабайт,терабайт

Лексика және терминалогия:

Ақпарат саны, ақпараттың өлшем бірлігі, бит, байт, килобайт, мегабайт, гигабайт.

Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер:

Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі........

Файл өлшемін байттан килобайтқа ауыстыру үшін........қажет


Құндылықтарға баулу




Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген эканомикалық өсуіне баули отырып, білімді шығармашылық тұрғыда қолдана білу қабілеті АКТ саласындағы дағдыларды қалыптастыру

Пәнаралық байланыс

Математика (үлкен өлшем бірліктен, кіші өлшем бірлікке ауыстыру үшін, кіші өлшем бірліктің үлкен өлшем бірлікке ауыстыру үшін математикалық есептеулер арқылы жүзеге асырылады)

Алдыңғы білім


5.2.1.1 әртүрлі ақпаратты атап шығу және көрсету



Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Сәлемдесу, түгелдеу

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

«Гүл мен тілек» әдісі.

Оқушыларға түрлі - түсті гүлдер таратылып беріледі. Әр оқушы алған гүлдері арқылы бір-біріне тілек айтып, гүлді ұсынады.

Топқа біріктіремін

Алған гүлдерінің арт жағындағы сөздер арқылы топқа бөліну.

  1. Бит

  2. Байт топтары

«Бес сұрақ» әдісін пайдалану арқылы алдыңғы білімді пысықтаймын.

  1. Ақпараттың қандай өлшем бірліктері бар?

  2. Бит деген не?

  3. Байт дегеніміз не?

  4. Ақпараттың ең үлкен өлшем бірлігі қалай аталады?

  5. Не себепті ақпараттардың көлемдері әртүрлі болады


Сабақтың ортасы


9 мин




























6 мин















6 мин













8 мин



Миға шабуыл.«4 сурет, 1 мағына» немесе Гарпун әдісі арқылы жаңа сабақтың тақырыбы ашылады.









Бұлар қандай құралдар? Оларды не үшін қолданамыз? Оқушыларға ой тастаймын.

Ал ақпаратты өлшей аламыз ба?

Оқушылар өз ойын ортаға салады.

«Түртіп алу» әдісі арқылы

Ақпаратты сақтау және тасымалдау үшін оны есепке алу керек. Ақпаратты сақтау мен тасымалдауда оның өлшемін білу өте маңызды. Бит 0 немесе 1 сияқты екі мәннің бірін ғана қабылдайды. Бит ақпаратты өлшеудің ең кіші бірлігі.Ақпаратты өлшеудің келесі өлшем бірлігі байт деп аталады. Мұндағы 1 байт 8 битке тең.

Хабардың ақпараттық көлемі деп хабардың ұзындығын, яғни хабарды жазу үшін пайдаланылатын символдар санын айтады.

Хабардың ақпараттық көлемі- бит немесе байт ұзындығымен өлшенеді.



«Бірге ойлаймыз» әдісі. Топтық жұмыс

Тапсырма №1.

Компьютерде  дискідегі толған және бос орындардың көлемін қарап шығыңдар. Дәптерге дискідегі бос орынның байтпен, Кбайтпен, Мбайтпен және Гбайтпен өлшенген көлемін жазып алыңдар.

Дескриптор:

  • Дискідегі толған және бос орынды анықтайды біледі

  • Оны байтпен, Кбайтпен, Мбайтпен және Гбайтпен жаза алады

  • Қ.Б «Жылы лебіз» тәсілі арқылы екі топ бірін –бірі бағалайды. (Жарайсың, жақсы, тамаша)


«Бірлескен жұмыс» әдісі. Жұптық жұмыс

Тапсырма №2.

  1. Документы бумасын ашып, одан 1 Гбайт көлемді флешкаға қандай файлдардың сиятынын анықтаңдар. Дәптерге сол ақпаратты төмендегі кесте түрінде жаз:

Дескриптор:

  • Ақпарттың өлшем бірліктерінің атын, мөлшерін, санын атап бере алады және тәжірибеде қолдана біледі

  • Қ.Б «Қарама-қарсы бағалау» тәсілі арқылы жұптар бірін-бірі бағалайды.


«Кім зерек» әдісі. Жеке жұмыс

Тапсырма №3.

  • Компьютерде «Мои документы» бумасынан 2

мәтіндік, 2 музыкалық және 2 сурет файлын таңдап алыңдар.

  • Сол файлдардың ақпараттың өлшемдерін анықтап,

салыстырыңдар. Қай файлдың көлемі үлкен, анықтаңдар, нәтижесін дәптерге жазыңдар.

  • Таңдап алынған файлдардың жалпы көлемін анықтап, төмендегі ақпарат тасымалдаушылардың қайсысына сиятынын анықтандар






Дескриптор:

  • Компьютерде кез келген файлдың көлемін анықтай алады

  • Оны байтпен, Кбайтпен, Мбайтпен және Гбайтпен жаза алады

  • Ақпарат тасымалдаушылардың қайсысына қанша ақпарат және қалай сақтау керектігін біледі.

Қ.Б «Өзін-өзі бағалау» тәсілі арқылы оқушылар өздерінің жасаған жұмысын бағалайды


Сабақтың соңы

6 мин












«Бір аяқ жол» әдісі арқылы сабақты қорытындылаймын. Оқушылар екі топ болып қарама-қарсы тұрады да жаңа сабақтан алған білімдерін жүріп отырып түсінігін айтып шығады.

  1. Бір байтта неше бит бар?

  2. Ақпараттың ең үлкен өлшем бірлігін қалай айтады?

  3. Бүгінгі сабақта не білдің?

  4. Бүгінгі сабақ несімен ерекше болды?

  5. Өмірде ақпараттың өлшем бірліктері кездеседі ме?

Кері байланыс «Тазалық» әдісі арқылы



Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау




Сыныптағы оқушылардың ерекшеліктерін ескере отырып, сыныптың қажеттілігіне қарай сабақ мақсатына жету үшін төменде көрсетілген әдістер, тапсырмаларды таңдап алдым. Үй тапсырмасын тексеруде «Бес сұрақ» әдісі арқылы алдыңғы білімнен сұрақтар алдым. Жаңа сабақты ашу мақсатында оқушыларға миға шабуыл ретінде «4 сурет, 1 мағына» немесе Гарпун әдісі арқылы жаңа сабақтың тақырыбы ашылады.

«Бірге ойлаймыз» әдісін арқылы оқушыларға топтық байланысты нығайту мақсатында топтық тапсырмалар ұсынылады. Бұл тапсырма арқылы сыныптағы кейбір оқушылар мен оқушылардың басым бөлігі ойлаудың білу, түсіну, қолдану, талдау деңгейлерінде болып, сын тұрғысынан танымдық қабілеттерін арттырады. «Бірлескен жұмыс» әдісі арқылы жұптық жұмыс жасатамын.Сыныптағы кейбір оқушыларға «Кім зерек» әдісі арқылы күрделі тапсырмалар беремін.

Сабақтың соңғы кезеңінде тақырып бойынша білімдерін қорытындылау үшін «Бір аяқ жол» әдісі арқылы екі топтың оқушыларын қарама-қарсы тұрғызып жеке-жеке жаңа сабақ бойынша не үйренгенін ортаға шығып айтып жүріп өтеді.

«Жылы лебіз» тәсілі

«Қарама-қарсы бағалау» тәсілі

«Өзін-өзі бағалау» тәсілі

«Соңғы сөзді мен айтайын» тәсілі арқылы бағалаймын.

Көзге арналған жаттығулар

Информатика кабинетінде компьютермен жұмыс жасау кезінде техника қауіпсіздік ережесін сақтауды қадағалау.

Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?



Жалпы бағалау




Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:




2:





Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:





2:



Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
31 қаңтар
478
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі