АҚПАРАТТЫҚ - КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ САБАҚТЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ
Камбарова Жибек Биляловна
арнайы пәндер оқытушысы
Астана қаласы әкімдігінің
"ASTANA POLYTECHNIC "
жоғары колледжі" ШЖҚ МКК
Аннотация: доклад посвящен в роли информационных технологий в образовании. В данном докладе рассмотрены основные понятия соответствующей области знания, приведены примеры использование на уроках ИКТ.
Ключевые слова: информационные технологии, профессиональная деятельность, программное обеспечение, компьютерные ресурсы.
ХХІ ғасыр – ғылым мен техниканың дамыған кезеңі. Заман талабына сай қазіргі білім жүйесіндегі игі өзгерістер мен жаңалықтар соның нәтижесі. Бүгінгі білім беру үрдісінде жаңа ақпараттық технологияны пайдалану және оны мақсатты түрде жүзеге асыру – ақпараттық қоғам дәуірінің негізгі көзі.
Білім берудің негізгі мақсаты – білім мазмұнын жаңартумен қатар, окытудың әдіс-тәсілдері мен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Осы мақсатты жүзеге асыруда ақпараттық технологияны пайдалану әдісі зор рөл атқарады. Ақпараттық технологияларды сабақта пайдаланудың негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасында біртұтас білімдік ақпараттық ортаны құру, жаңа ақпараттық технологияны пайдалану Қазақстан Республикасындағы ақпараттық кеңістікті әлемдік білім беру кеңістігімен сабақтастыру болып табылады.
Егеменді еліміздің ең басты мақсаты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса,ол өркениетке жетуде жан – жақты дамыған, рухани бай тұлғаның алатын орны ерекше. Сондықтан заман талабына сай оқыту үрдісін жетілдіре отырып, қоғам сұранысына сай жеке тұлға қалыптастыру мәселесі бойынша білімгерлерге ақпараттық-коммуникациялық технологияларды сабақта көптеп қолдану тиімділігі артып отыр.
Қазіргі заманғы технологиялардың арқасында педагогтар тәжірибемен, идеялармен немесе болашақ көрінісімен алмасу үшін студенттерден, мамандардан, түрлі тәртіптік салаларда және ұйым өкілдерінен тұратын оқу қауымдастықтарын құра алады. Мұндай ынтымақтастық оқу үшін қажетті Оқу материалдары мен ресурстарға қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Мұндай білім беру тармақтарын дамыту үшін оқу орындары педагогтарды қазіргі заманғы технологияларды пайдалануда және неғұрлым тиімді оқытуды іске асыруда қолдау көрсетіп, насихаттауы тиіс.
Ақпараттық–коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді.
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деген елбасымыздың үндеуінде айтылып кеткендей, білім ақпараттық қоғамда, жаһандану заманында құнның негізгі көзіне айналуда. Ғылым мен жаңа технологияларды, білім беруді дамытудың жаһандық үрдістері:
1.Ақпараттық коммуникациялық технологиялар.
2.Ақпараттық мәдениет орталығы.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 11 – бабының 9 тармағында оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтан оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану міндеті қойылған.Ақпараттық технологиялардың бірі - интерактивтік тақта, мультимедиялық және онлайн сабақтары.
Білім алушылардың пәнді жақсы игеруінің басты шарты оқытушының осы сабаққа деген қызығушылықты тудыра білуінен басталады. Ақпараттық коммуникациялық технологиялар қолдану мақсаты – сабақты компьютермен сүйемелдеу ісін жүргізуге асыру, яғни:
-Компьютер арқылы оқу сапасының артуына ықпал жасау;
-Оқыту аймағының кеңеюіне байланысты білім алушының білім деңгейінің қоғамның әлеуметтік талабына сай болуы,
Мен өз сабағымда келесі ақпараттық технологияларды ұтымды қолдануды қарастырамын: flippity.net; learningapps.org; padlet.com; kahoot.it; classtime.com; forms.google, prezi.com. Бұл сабақта жеке тобпен жұмыс жасаған кезде білім алушылардың белсендлілігін арттырады. Сонымен қатар үй тапсырмасын тексеруде «Бәйге» атты интерактифті модульді қолданамын. Білім алушылардың білімін бекіту кезінде Google Forms тестілеу нысанында сауалнама жүргіземін.
Жаңа ақпараттық технологияларды сабақта қолдану келесі нәтижелерге жеткізеді:
1. Білім алушыларға еркін ойлауға мүмкіндік береді;
2. Тіл байлығын дамытады;
3. Өз ойын жеткізуге, жан-жақты ізденуге үйретеді;
4. Шығармашылық белсенділігін арттырып, ұжымда бірігіп жұмыс істеуге тәрбиелейді.
5. Өз бетімен білім алатын, ақпараттық технологияларды жақсы меңгерген, білімді жеке тұлғаны қалыптастыруға өз үлесімді қосамын.
Сөзімнің соңында оқытушы үшін нәтижеге жету білім алушысының білімді болуы ғана емес, білімді өздігінен алуы және алған білімдерін қажетіне қолдану болып табылады. Бүгінгі бала - ертеңгі жаңа әлем. Бүгінгі күні ақпараттар ағымы өте көп. Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез келген педагог өз ойын жүйелі түрде жеткізе алатындай, коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған, интерактивтік тақтаны пайдалана алатын, онлайн режимінде жұмыс жасау әдістерін меңгерген педагог болуы тиіс. Заман талабына сай жаңа технология әдістерін үйрету, бағыт-бағдар беруші – оқытушылармыз. Білім алушылардың жаңа тұрмысқа, жаңа оқуға, жаңа қатынастарға бейімделуі тиіс. Осы үрдіспен бәсекеге сай дамыған елдердің қатарына ену ұстаздар қауымына зор міндеттер жүктелетінін ұмытпауымыз керек.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы
2. Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы 159
3. Аюбаева Т. Ақпараттық технологиялар оқыту үрдісінде. //Қазақстан мектебі 2008,№ 11,50 б.
4. Доллинер Л. Ақпараттық коммуникациялық оқыту технологияларының мәселелері және болашағы. «Информатика негіздері» ғылыми-әдістемелік журналы, 2008,№1,2-4 б.
5. Интернет ресурстары
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз