400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

АҚПАРАТТЫҚ – КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ФИЗИКА ПӘНІНДЕ ТИІМДІ ҚОЛДАНУ

Материал туралы қысқаша түсінік
саяси-экономикалық білімді және ақпараттық-коммуникациялық білімді және ақпараттық-коммуникациялық технологияны жан-жақты меңгерген ақпараттық құзырлы маман болу керек.
Материалдың қысқаша нұсқасы

АҚПАРАТТЫҚ – КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ

ФИЗИКА ПӘНІНДЕ ТИІМДІ ҚОЛДАНУ


Әл-Фараби атындағы орта мектебінің

физика пәні мұғалімі

Қабиден.А


«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында».Н. Ә. Назарбаев айтқандай,білім бәсекесіне бейім шәкірт тәрбиелеу – біздің мақсатымыз. Елбасымыздың білім сапасына қойып отырған талабы- оқуышлардың ғылым мен техниканы кез-келген саласын меңгере отырып, бәсекелестікке қабілетті, құзырлы болуы.  Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу - тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым - қатынас пайда болуда. Болашақ ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс - әрекетінің ғылыми - педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі.

Ақпараттық құзыреттілік. Мысалы: келесі сөйлемде бірнеше сөз айрықша белгіленген: «Астрономдар болжауынша, келесі жүз жылда  Нептун  планетасынан  Күн дискісі арқылы Сатурн планетасы өтетінін бақылауға болады». Осы үш айрықша белгіленген сөздер ішінен қайсы сөз арқылы кітапханадан және интернет желісінен іздеуге қолайлы?

Сонымен қатар, оқушыда интернеттен материал іздеп қана қоймайды, әлемдік байланыс торабына кіруді де үйренеді. Мен әр сабағымда жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, оқушылар бойынан төмендегі қабілеттерді дамытуды мақсат етіп қойдым:
1. Білім, білік дағдыларын дамытуға қызығушылығын арттыру;
2. Жауапкершілік пен міндеттерін қалыптастыру;
3. Есеп пен талдау жасау дағдыларын үйрету;
4. Логикалық және ақпараттық ойлау қабілеттерін дамыту;
5. Өз бетінше ізденуге үйрету және компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу;
6. Алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу;

Компьютерлік телекоммуникациялар бүгінгі қоғамда үлкен қолданысқа ие. Мәселен бизнесте, ақпараттық құралдарда, ғылым мен білімде. Қазіргі заман мұғалімі тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, педагогикалық-психологиялық сауатты, саяси-экономикалық білімді және ақпараттық-коммуникациялық білімді және ақпараттық-коммуникациялық технологияны жан-жақты меңгерген ақпараттық құзырлы маман болу керек.

Физика пәнін оқытуда төмендегідей ақпараттық технологияларды қолдану маңызды деп есептеймін. Олар:

1)Жаңа материалдар берген кезде компьютерде оларды динамикалық иллюстрациялармен, ақпараттық модельдермен, мәтінді түсінікті етуге болады.

2)Ақпараттық модельдер материалдарды қозғалыстармен толықтырып,табиғи экспериментте көрсетуге болмайтын элементтерге көңіл бөлуді жүзеге асырады, кей жағдайда, оларды суреттеу арқылы түсіндіру өте қиын.

3)Есептер шығару кезінде компьютер олардың мәтіндермен көрсетіп,жауаптарын тексеріп жалпы есеп шығару жолын автоматтандыратын құрал ретінде қолдануға болады.

Физика сабағында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыру,қазіргі заман талабына сай ақпараттық технологияларды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде физиканы оқыту, оның пән ретінде ерекшеліктеріне сай, қазіргі заманғы ақпараттық технологияны қолдануы жайлы сала болып келеді. Физика сабақтарында ақпараттық –технологияны жаңа тақырыпты өткенде, қорытынды – қайталау сабақтарында және сабақ түрлерінде қолдану өте тиімді. Сабақ барысында слайд-фильмдерді пайдалану, дәстүрлі әдістермен салыстырғанда, сабақтың динамикасын, көрнекілігін, ақпараттың өте жоғары деңгейін және көлемін қамтамасыз етеді, сонымен қатар, тақырыпқа және жалпы физика пәніне қызығушылықты арттырады.

Жаңа технологияны қолдану дегеніміз – келешек ұрпақтың еркін дамуына жағдай жасау, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуға мүмкіндіктер береді. Физика ғылым ретінде адамзат мәдениетінде маңызды орын алатыны бәрімізге мәлім. Мен жас маман ретінде өз пәнім бойынша алып айтар болсам,оқушыларды сабақта алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеп келемін. Саналы да сапалы білім алған оқушы ұлт келешегі.Мен өзімнің сабақтарымда АКТ-ны тиімді пайдаланамын деп айта аламын.

Өз сабағымда жаңа технологилы білім беру мазмұнына сәйкес мына үш 3кезеңге негізделіп құрастырамын.

1-кезең: Дайындық. Топқа бөліп, сол сабақтағы проблемалармен алдын ала танысытырып, қажетті материалдарды беремін. Үй тапсырмасын тексеруде мына әдіс-тәсілдерді жиы қолданамын. «Стикердегі диалог», «Ыстық орындық»,«Джокер».

« Стикердегі диалог»- Түрлі әдістері көп –қант қағазын алып және онда сұрақтар немесе мақұлдауларды жазып қоюға болады, ал оқушылар оқып түсіндірулерін жазады; 3/4/5 адамнан құралған топтар стикердегі сұрақтарға жауап беріп немесе түсіндіріп,кейін бөлісіп, талқылап және таныстырулары керек.

« Ыстық орындық» - Бір оқушы алға шығып өз пікірін айтып және тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.

«Джокер» - мұғалімнің қолында джокер карта болады , мұғалім сол джокер картаны қай оқушыға берсе сол оқушы үй тапсырмасын бастайды.

2-кезең: Ой қозғау кезеңі. Физика сабағы көбіне тәжрибеге сүйенетіндіктен, Сабақта оқушыларды таң қалдырып, себебін білгілері келетін әртүрлі қызықты тәжірибелер мен физикалық фокустарды ұдайы қолданамын. Қолданатын әдіс-тәсілдерім: «Сөзжұмбақ»,«Бейнежазба», «Топтастыру», «Ой қозғау». Сонымен қатар, пән аралық байланысты мақал-мателдер, қанатты сөздерді қолданамын.

Мысалы:

1. Жұпарды жасырғанмен исі білінеді. /диффузия құбылысы/.

2.«Күн шыққан соң суарған суды күн жұтады. Күн батқан соң суарған суды жер жұтады» мақалының тәрбиелік мәнін ашамыз: егістіктің таңертең күн шықпай, не күн бата суару керектігі айтылады. Ал физикалық тұрғыдан күн шығып тұрғанда егістікті суарса температураның жоғарылағанынан кебу үрдісі жақсы жүреді. Жер тез кеуіп қалады, ал кеш бата суарғанда температура төмендегендіктен кебу үрдісі баяу жүреді де су толығымен жерге сіңіп үлгереді.

Көбінесе, Сабағымда BILIMLAND, INFOUROK.сайтынан қажетті виеоларды көрсетіп, тапсырмаларын орындату арқылы пікір талас жасатып,талқыланған шешімді қабылдауға жағдайаттар жасаймын.

3-кезең: Қортындылау: сабақты оқу мақсатына сәйкес тұйіндей отырып, үй тапсырманы тексеру және сабақты бекіту мақсатында Quizlet, Kahoot, Quizziz—ті қолданамын. Соның нәтижесінде оқушылар сабақта білімге деген қызығушылығы оянумен қатар, сабақта көрсетілген презентация мен бейне көріністер қандай бағдарламалармен жасалғанына қызығушылығын танытады.  Нәтижесінде бәсекеге қабілетті, өз ойын еркін қорытып, теориялық білімін практикада ұштастырып, өмірде қолдана білетін, интелектуалдық күші жетік маман тәрбиеленеді. . Осы нәтижеге жету мақсатында білімімді әрі қарай жетілдіріп, ізденуді жалғастырудамын. Жаңартылған бағдарлама курсынан өту барысында өзіме көпдеген сабақта қолданатын әдіс-тәсілдерді. ҚМЖ-ны smart өлшемінде нақты, шынайы, қол жетімді етіп жасау жолдарын үйрендім.


Қазіргі заманда ғылым мен техниканың жедел түрде дамуы қоғамда жас жеткішіктердің, оқушылардың ақпараттық – коммуникативтік технологияларды тез меңгеруі мектепте көрсетілетін кейбір қарапайым презентациялар олардың ішін пыстыратыны анық, оларға жаңа түрдегі бейне және растрлық сюжеттегі материалдармен қанықтыруға тура келеді. Сондықтан әрбір сабақта пайдаланатын материалдардың өзгешілігі болуы өзекті. Ол үшін АКТ-ны пайдаланғанда мұғалімнің өзі мына бағдарламаларды жақсы меңгергені дұрыс: бірінші кезекте «Microsoft Office» топтамасынан мәтіндік редактор «Microsoft Word», слайд-презентация жасауға арналған редактор «Microsoft PowerPoint», түрлі есептеу жүйесін жүргізетін редактор «Microsoft Excel».

Жаңа технологияны меңгеруде мұғалімнің жан – жақты, білімі қажет деп ойлаймын. Қазіргі заман талабына сай мұғалімнің

  • Педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын;

  • Педагогикалық өзгерістерге тез төселетін;

  • Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын;

  • Оқушылармен ортақ тіл табыса алатын;

  • Білімді, іскер, шебер болу керек;

Қорыта айтқанда, бүгінгі сабақ кешегі сабақтан өзгеше, ал ертеңгі сабақ бүгінгі сабақтан жақсы болуы тиіс демекшімін. Әрбір тақырыпты түсіндіргенде оқушылардың мүмкіндіктеріне қарай тірек белгілері мен тірек конспектілерін пайдаланған жөн. Негізгі заңдылықтарды тірек белгілері арқылы оқушыларды жинақылыққа, көркемдікке баулып, есте сақтау, ойлау қабілеттерін арттыруға, оларды шығармашылыққа баулуға мүмкіндік береді. Оқыту үрдісінде ақпараттық технологияны қолдану білім сапасын жақсартуға көмектеседі. Өйткені, физика – оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және дамытатын негізгі буын. Ол студенттердің интеллектін, логикалық ойлауын және шығармашылық қабілеттерін дамытуға, табиғат заңдылықтарын толығымен түсінуге ықпал жасайды. Елбасы «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай жаңа білім беру өте қажет» деп атап көрсеткендей, инновациялық оқыту технологиясын қолдану - жаңа білім берудің бірден – бір шарты деп есептеймін.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1.Қазақстан мектебі. 2008 ж. №6 «Ақпараттық технологиялардың тиімділігі»
2.Қазақстан мектебі. 2006 ж. №4 «Инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану тетіктері»
3. «Физика және астрономия» журналы, 2013 жыл

4. Ғаламтор желісі



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 мамыр
503
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі