400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

“Ақпараттық әлемінде” сайыс сабақ.

Материал туралы қысқаша түсінік
информатика пәнінің мұғалімдерге және жас мамандарға көмегімді тигізгім келеді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақрыбы: “Ақпараттық әлемінде” сайыс сабақ.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың информатика пәніне болған қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілетін жетілдіру, тапқырлыққа, ізденімпаздыққа баулу.

Білімділік: оқушылардың информатика пәнінен алған

білімдерін жинақтау, бақылап, бағалау, өз беттерінше білім деңгейлерін көтеруге жағдай жасау.

Дамытушылық: оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін,танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік: оқушыларды шапшаңдыққа, өз ойларын анық жеткізе білуге, жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге, жұмыс нәтижесіне жетуге, ұйымшылдыққа, жан-жақты болуға, ізденімпаздылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютерлер, үлестірмелі қағаздар.

Ақпараттану күнбе-күн
Өрге басып келеді.
Таппай іздеп жүргенің
Компьютерге енді.
Интернетке қосылу
Бір – ақ жұмыс керегі!
Барлық пәндер жазылып,
Дискілерді тұрады
Кезекпенен ағылып,
Экранға шығады,
Тілін білген мамандар
Қырын, сырын біледі!
Компьютер – сенің көмекшің
Қаламың, әрі қағазың!
Керек емес демессің,
Аздаған болса хабарың – деп отырып, сайысымызды бастаймыз!
Армысыздар, бүгінгі сайысқа жиналған информатиканы сүюші қауым, ұстаздар мен оқушылар! Сіздерді " Ақпараттар әлемі " не шақырамыз.
Олай болса сайысымызды бастаймыз.

Ал, оқушы, ұстаздар
Ортаға назар салайық
Сайыскерлер шықпақ сайысқа
Қол соғып қарсы алайық

І. « Интернет» тобын ортаға шақырайық
ІІ. « Компьютер» тобын шақырамыз

Нақты білім, терең ой саналады.
Баға берер әділқазы ортамызда,
Сіздерге құрметпен қол соғылады.
Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары әділ шықты.
Білім мен тапқырлардың сайысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты – дей отырып, әділ қазы мүшесімен таныс болайық.
Әділ қазы алқасы мен таныс болдық, енді сайыс кезеңдерімен танысайық.

Сайысымыз 5 кезеңнен тұрады

1-кезең. “Таныстыру”

2-кезең. “Сиқырлы ұяшықтар”

3-кезең. “Сергіту сәті”

4-кезең. “Ойлан, тап!”

5-кезең. “Сиқырлы сандар ”

Әр кезең біткен соң әділ қазы алқасы топтарға ұпай санын береді, жоғарғы ұпай 10, төменгі ұпай 5.

Озат жан екеніңді тағы таныт,
Информатика әлеміне аяқ басып,
Компьютер тілінде біз жарысалық – дей отырып, сайыскерлерге сәттілік тілейміз, бірінші кезең таныстыруды бастаймыз.

Онда сайысымызды бастайық

1-кезең “Таныстыру”

1-ші “ИНТЕРНЕТ” ТОБЫ
2-ші “КОМПЬЮТЕР” ТОБЫ

Бұл кезеңнің шарты бойынша әр топ өзін таныстырады.



2-кезең «Сиқырлы ұяшықтар»

Білімнің ұшқырлығын танып келген
Асып тасып, асықпа, қалыспа сен
Уақыт деген зымырап, зулап жатыр
Тапқырлық пен шапшаңдық қажет екен – деп, келесі «Сиқырлы ұяшықтар» атты кезеңімізді бастаймыз. Топтарға информатика және Саттар Ерубаевқа байланысты жұмбақтар жасырылады. Ал қанеки олай болса екінші кезеңімізді бастаймыз.

1.Екі батырмалы,
Бір бұрандалы.
Жалғыз өзі - ақ,
Сансыз іс тындырады.
(Тышқан )


2.Саттар Ерубаев қай жылы, қай жерде өмірге келген?

Жауыбы: С.Ерубаев 1914ж Түркістан қаласы «Ұзынқұдық» маңында өмірге келген.


3.Тетігін бассаң алаңсыз,
Жазады қағаз - қаламсыз.
(Пернетақта )


4.Саттардың ата-анасы қандай кісілер болған?

Жауабы: С.Ерубаевтың ата-анасы- Асқар мен Бапа ақынжанды кісілер болған.


5.Әдетте үнсіз тұрамын
Белгі берсең ұғамын
Жазуы бар қағаздың
Құралы боп шығамын
(принтер)


6.Саттардың балалық шақтағы жан жолдасы кім?

Жауабы: С.Ерубаевтың балалық Шақтағы жолдасы – Сейділда.


7.Компьютердің айнасы
Бағдарыңды таңдашы
Сурет пен сөзін көрсетіп
Тиер саған пайдасы
(монитор)


8.Саттар Ерубаев қай жылы Ленинград қаласына оқуға түсті?

Жауабы: С.Ерубаев 1930 жылы Ленинград қаласына оқуға түсті.


9.Барлық сурет, мәтінді
Компьютерге енгізген
Керек емес жерін де
Компьютерден өшірген
(сканер)


10.Саттар Ерубаевқа 1966 жылы қандай сыйлық берілді?

Жауабы: Ақынға 1966 жылы «Менің құрдастарым» романы

үшін Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығы берілді.


3-кезең. “Сергіту сәті”

Би


4-кезең. “Ойлан, тап!”



5-кезең “Сиқырлы сандар”

1

2

3

4

5

6

т

а

а

р

с

т



1

2

3

4

5

6

7

б

у

а

р

в

е

е



1

2

3

4

5

6

е

а

с

р

н

к



1

2

3

4

5

6

ш

а

т

қ

н

ы


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
596
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі