Материалдар / АҚПАРАТТЫҚ ЖӘНЕ ПРОГРАММАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ДИАЛЕКТИКАСЫ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

АҚПАРАТТЫҚ ЖӘНЕ ПРОГРАММАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ДИАЛЕКТИКАСЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәжірибе алмасу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Шілде 2024
355
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


АҚПАРАТТЫҚ ЖӘНЕ ПРОГРАММАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ДИАЛЕКТИКАСЫ

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:ақпараттық және программалық қамтамасыз етудің диалектикасы туралы  мағлұмат  беру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту

Дамытушылығы: техникалық  ойдауын дамыту.

Тәрбиелігі:пәнге деген қызығушылықтарын арттыру,  ақпараттық мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: мәтіналғы (сканер), принтер, web-камера, модем, тұсаукесер.

Сабақтың типі: тәжірибелік әлементі бар жаңа тақырыпты түсіндіру сабағы.

Оқушылар меңгеруі тиіс: аппараттық жэне программалық қамтамасыз етуді, программалақ жүйелерді.

Сабақтың барысы

  1. ¥йымдастыру кезеңі

Оқушыларды ұйымдастырып, сыныпта оқушыларды түгендеу.

 

  1. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

1.Білім  беру  ақпараттық  ресурстары деген не

  1. 2. Білім берудің электрондық ресурстарының  қандай ерекшеліктері бар Оның түрлерін  атаңдар?

3.Білім беру  ресурстарын қалай  пайдалануға болады?

  1. Жаңа тақырыпқа кіріспе кезеңі

Теория

Компьютердің дамуы мен модернизациясы бірін-бірі толыктыратын екі бағытта жүзеге асырылады. Ол — аппараттық жэне программалык камтамасыз ету.

Аппараттық қамтамасыз етудің дамуы

Аппараттық камтамасыз ету перифериялык кұралдарға қажетті компьютердің электрондық толтырылымын күрайды. Процессор, электрондық платалар, монитор, пернетақта — бұлардың барлыгы аппараттық камтамасыз етуге жатады. Компьютердің заманауи аппараттық камтамасыз етілуі көлемінің барынша кішіреюіне жэне өнімділігінің үлкеюіне әкеледі. Мысалы, казіргі үялы телефондарда компьютердің процессорлары орнатылған.

 

Программалық қамтамасыз етудің дамуы

Компьютердің ұзак мерзімді жадында сақталған барлық программалар жиынтығы оның программалық камтамасыз етуін құрайды. Программалық камтамасыз ету жан- жақты даму үстінде 

Сонымен катар бекітілген белгілер бойынша жіктеуге қиындық тудыратын дәстүрлі емес программалар пайда болды. Жүйелі программалық қамтамасыз ету дегеніміз — компьютер желілері мен компьютер жұмысын қамтамасыз ететін программалар жиынтығы. Базалық программалық қамтамасыз етуге операциялық жүйе мен операциялық қабықша. Базалық программалық қамтамасыз етудің кеңейтілуіне қосымша орнатылатын программалар жатады, оларды функционалдық белгілері бойынша төмендегідей топтауға болады:

  1. Компьютердің жұмыс істеу қабілеттілігін анықтайтын программалар.

  2. Компьютерді вирустардан қорғайтын вирусқа қарсы программалар.

  •       Бағдарлы-мәселелік;

  •       жалпыға арналған;

  •       кеңселік;

  •       АЖЖ (Автоматтандырылған жоспарлау жүйесі);

  •       Баспа үстелдік жүйелер;

  •       Жасанды интеллект жүйесі.

Операциялык жүйелер; Желілік программалық жабдықтар;

Операциялык қабықшалар; Қызмет көрсету программасы.


Дискілерге арналған программалар.

  1. Мұрағаттарды қамтамасыз ететін программалар.

  2. Желілердің қызметіне арналған программалар.

  3. Қолданбалы программалар.

Программалық жүйелер

Программалық жүйелер дегеніміз — программалық өнімдерді дайындау жэне енгізу технологиясын қамтамасыз ететін программалар жиынтыгы. Программалық жүйелерге трансляторлар, программа дайындайтын орта, анықтамалық программалар кітапханасы, байланыс редакторлары жэне т.б. жатады. Дербес компьютерлердің қазіргі өмірдің барлық саласында қолданылатындыгы сонша, біз олардың бар екенін дербес компьютердің ақпараттық жэне программалық қамтамасыз етілуінің арқасында сезе бермейміз.

Қазіргі замандағы электронды есептеуіш машина (ЭЕМ) жэне олардың жүйелерінің жүмысыиа икемді компонент программалық жасақтама болып табылады.

Программалық жасақтама дегеніміз — белгілі бір типтегі есептеуіш машиналарға арналған, оның аппараттық құралдарының жан-жақты қызметін, сонымен қатар қолданушының есептеу ресурстарына мұқтаж кез келген есептерін шығаруын жүзеге асыратын программалар жиынтыгы.

ЭЕМ-де программалық жасақтама қүрамын программалық конфигурация деп атайды. Программалар арасында физикалық буындар мен блоктар арасындагы сияқты байланыс бар — көптеген программалар өзінен төмен деңгейдегі баска программаларга сүйеніп, жүмыс істейді, ягни, біз аралық программалық интерфейс туралы айта аламыз. Мұндай интерфейстің болу мүмкіндігі де техникалық шарттар жэне өзара әрекеттесудің хаттамаларының болуына негізделген, ал ол іс жүзінде программалық жасақтаманың өзара әрекеттесетін бірнеше деңгейге бөлінуімен қамтамасыз етіледі.

Программалық жасақтама аппараттық жасақтаманың эртүрлі режімдердегі қызметін қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар есептерді дайындап, жөндеуден өткізу, шыгару үдерістеріне ыңгайлы, жетілдірілген пайдаланушы интерфейсін береді.

Программалық жасақтама келесі деңгейлерден тұрады: базалық немесе негізгі, жүйелік, қызметтік жэне қолданбалы.

Программалық жасақтаманың деңгейлері өз кезегінде пирамидалық жүйе болып та- былады. Әрбір келесі деңгей программалық жасақтаманың өзінен бұрынғы деңгейлеріне сүйеніп жұмыс істейді.

Базалық деңгей. Программалық жасақтаманың ең төменгі деңгейі — базалық. Базалық деңгей базалық ақпараттық құрылғылармен байланысуга жауап береді. Ереже бойынша, базалық программатор базалық саймандар құрамына кіреді жэне тұрақты жадыда сақталады. Программалар жэне мэліметтер жасау кезеңінде жедел жадыга жазылады жэне пайдалану үдерісінде  өзгертіле алмайды. Базалық программалық құралдарды пайдалану барысында программаланатын тұрақты есте сақтайтын құрылғылары пайдаланылады. Бұл жағдайда жедел жадының мазмұнын озгерту есептеу жүйесінің құрамында тікелей орындауга да болады, одан тыс та программалаушы деп аталатын арнайы құрылымдарда да болуы.

Енгізу-шығарудың базалық жүйесі (BIOS) ЭЕМ-нің тұрақты жадында орналасқан, бұл негізі MS DOS-тың болігі емес, бірақ бұнымен тор байланысты. Bios құрамына дербес компьютердің құрылгыларын тексеруге, операңиялық жүйені инициализациялауға арналган және монитор, пернетақта, дискілер, принтермен енгізу шыгару амалдарын орындауга арналган программалар кіреді.

Жүйелік деңгей (ЖД) — өтпелі. Бұл деңгейде жұмыс істейтін программалар базалык деңгейдің программалары мен дербес компьютерлік жүйенің өзге де программалары және тікелей аппараттық жасақтамамен өзара әрекеттесуін қамтамасыз етеді, ягни «делдалдық» функцияны атқарады. Программалық жасақтаманың бұл деңгейіне кобінде барлық есептеу жүйесінің пайдалану көрсеткіштері тәуелді. Мысалы, жүйелік деңгейде есептеу жүйесіне жаңа жабдық қосқанда басқа программалар үшін осы жабдықпен байланысты қамтамасыз ететін программа орнатылуы тиіс. Накты кұрылгылармен өзара эрекеттесуді қамтамасыз ететін нақты программаны драйвер кұрылғысы дейміз. Ол программалық жасақтаманың жүйелік деңгейінің кұрамына кіреді.

Жүйелік деңгей программаларынын баскасы колданушымен өзара әрекеттесуге жауап береді. Солардың аркасында ол есептеу жүйесіне мәліметтерді енгізуге, онын жұмысын басқаруға жэне нәтнжесін өзіне ынғайлы формада алуға мүмкіндік алды. Бұл программалық кұралдар интерфейстің пайдаланушылық қамтамасыз ету құралдары деп аталады. Дербес компьютермен жұмыстың ыңгайлылығы мен жұмыс орнындағы еңбек өнімділігі оларға тікелей тәуелді.

Жүйелік деңгейдің программалық қамсыздануының жиынтыгы дербес компьютердің амалдық жүйе ядросын құрастырады. Амалдық жүйе ядросының бар болуы — адамның есептеу жүйесі мен тэжірибелік жұмысының мүмкіндігі үшін міндетті шарт.

Қызметтік деңгей. Программалық жасақтаманың бұл деңгейі базалық деңгейдегі программалармен де, жүйелік деңгейдегі программалармен де тыгыз байланыста болады. Қызметтік программалар дербес компьютерлік жүйені тексеру, баптау және жөндеу жұмыстарын автоматтандырады. Сонымен қатар олар жүйелік программалардың қыз- метін жақсарту және кеңейту үшін қолданылады.

Өндеуде және қызметтік программаларды пайдалануда екі таңдаулы баыт бар: амалдық жүйемен біріктіру жэне автономды жұмыс жасау. Бірінші жағдайда қызметтік программалар жүйелік программаның тұтынушылық құрамын тэжірибелік жұмысқа өте ыңғайлы етіп өзгерте алады. Екінші жағдайда олар жүйелік программалық қамсыздануымен әлсіз байланысқан, бірақ қолданушыға аппараттық және программалық қамсыздануы мен олардың өзара әрекеттесуін дербес күйге келтіру үшін көп мүмкіндік береді.

Қолданбалы деңгей. Қолданбалы программалардың көмегімен өндірістік, шығармашылық, оқыту және т.б. мақсатта нақты жүмыстар атқарылады. Қолданбалы программалық құралдарға мәтіндік редакторлар, мәтіндік процессорлар, графиктік редакторлар, электрондық кестелер, мәліметтер базасын басқару жүйелері, автоматтандырылған жо балау жүйелері, баспахана жүйелері, web-редакторлар, браузерлер және т.б. жатады.

Дербес компьютерге арналған программалық жасақтамаларды функционалдык қызметтеріне байланысты төмендегідей түрлерге бөледі:

  •       жүйелік программалық жасақтама;

  •       аспаптық программалық жасақтама;

  •       қолданбалы программалық жасақтама;

Жүйелік программалық жасақтама — дербес компьютерді пайдалану мен техникалық қызмет етуге, есептеу жұмыстарын ұйымдастыру мен қолданбалы программалар әзірлеуді автоматтандыруға арналған программалық жасақтама. Амалдық жүйе және программалау жүйесі жүйелік программалық жасақтаманың негізгі бөліктері болып табылады. Аймақтық, мемлекеттік жэне ғарыштық жүйелердің алуан түрлерімен бірге олардың сәулеттік формасын, жұмыс істеу тәсілдерін, қоршаған ортаға әсерін және адамдық фактордың қатысуын қамтиды.

Амалдық жүйе (АЖ) — құжаттар мен амалдар орындауға арналған, сыртқы құрылғыларды және программаларды басқаруды жүзеге асыратын программалар жиынтыгы. АЖ программалар жүйесінің компьютердің мәліметтерді өңдеу жөніндегі бүкіл жұмысын, пайдаланушымен сұхбатты ұйымдастырады, компьютердің құрылғыларын және қор көздерін басқарады, мәліметтерді қорғауды қамтамасыз етеді, пайдаланушы мен программалар сұратуы бойынша түрлі қызметтерді атқарады және т.б.

Амалдық жүйе болмаса, қазіргі заманғы компьютердің жабдықтары мен программа- ларына қатынасу мүлде мүмкін емес. Барлық аппараттық, сонымен қатар программалық жабдықтар пайдаланушыға тек амалдық жүйе арқылы ганаұсынылады. Дербес компьютерлерде тілдесудің екі түрін (әмірлік және терезелік) көруге болады. Әмірлік тілдесуі бар амалдық жүйелерге MS DOS жатады. Компьютермен дұрыс жұмыс істей алу үшін қолданушы MS DOS амалдық жүйесі бойынша том-том нүсқаулықтарды оқып шығуы қажет болатын.

Терезелік тілдесу Windows сияқты, компьютермен тек бір құрылгы (тінтуір) арқылы ғана қатынас жасауға болатын амалдық жүйеде жүзеге асырылған. Бұнда компьютермен қатынас жасау үшін тек бейне беттен сызбалық кескін түрінде ұсынылған қажетті әрекеттерді таңдаған жөн.

Windows амалдық жүйесінің пайдаланушы тілдесуінің негізгі элементтеріне мына нысандар жатады: жұмыс үстелі, терезелер, лақаптар, батырмалар, үстелдер, мәзірлер, қалталар, қосымшалар және құжаттар.

Терезелік тілдесуді меңзерді нысан үстіне апарған кезде қалқып шығатын түсініктемелер, сондай-ақ тінтуірдің оң жақ пернесін Windows амалдық жүйесі нысанының үстінде шерткен кезде пайда болатын контекстік мәзірлер өте үғынықты етеді.

Қызметші (сервистік) программалар — әрбір адамның амалдық жүйемен жұмыс істеуін жеңілдететін программалар тобы. Қолданбалы программалар арқылы біз өз есептерімізді шығарамыз. Мұндай программалар «қосымшалар» (приложения) деп те аталады. Қолданбалы программалар сан алуан, оларға қарапайым программадан бастап күрделі есептерді шығара алатын қуатты мамандандырылған жүйелерді (мәтіндік процессор, графикалық редактор, баспаханалық жүйелер, т.б.), ғылыми мәселелерге және жалпы көпшілікке арналған қызмет ету кешендерін де жатқызуға болады.

Белгілі бір қосымша қызмет атқаруға керекті программалар тобы утилиттер болып табылады. Оларға мысал ретінде антивирустік (вирустерге қарсы) программаларды, мәліметтерді мұрағаттау (қысу) программаларын, компьютердің жұмыс істеу қабілетін тексеретін (диагностика) программаларды (тест программалары) айтуға болады.

Аспаптық программалық жасақтама (АПЖ) — бұл дербес компьютерге қажетті программаларды құруға немесе өзгертуге арналған программа пакеттері. Оларға мысалы, Турбо Паскаль программалау тілін алуға болады.

Қазіргі заманның программалау жүйелері жаңа программаларды құруға программалаушыға мүмкіндігі жоғары және ыңғайлы құралдарды ұсынады. Программа- ны түрлі тәсілдер бойынша құруға болады. Оған қойылатын негізгі талап — оның сапалы және қолданушыға түсінікті болуы.

Қолданбалы программалық жасақтама (ҚПЖ) — әртүрлі мәселелік аумақтардағы қолданбалы есептерді шешуді жасақтайтын жеке қолданбалы программалар мен қолданбалы программалар дестелерінен (ҚПД) тұратын программалық жасақтама бөлігі. Оның құрамына төмендегідей ҚПЖ кіреді:

  •       жалпы мақсаттағы ҚПЖ;

  •       мәселелік бағытталған ҚПЖ;

  •       интегралданған ҚПЖ.

Жалпы мақсаттағы қолданбалы программалық жабдықтар құрамына әртүрлі қолданбалы есептерді шешуге жиі қолданылатын программалық құралдар енеді, олар: мәтіндік редакторлар мен процессорлар; графикалық редакторлар; электрондық кестелер (ЭК) процессорлары;

  •       мәліметтер қорын басқару жүйелері;

  •       электрондық тұсаукесерлер және т.с.с.

Мәселелік бағытталған қолданбалы программалық жабдықтар — белгілі бір саладағы есептерді жүзеге асыруға мамандандырылған программалық құралдардың жиынтығы. Мұндай программалық кұралдарға:

  •       жобалауды автоматтандыру жүйелері (ЖАЖ);

  •       таңбаларды айыру жүйелері;

  •       статистикалық, қаржылық-аналитикалық жүйелер; ғылыми-зерттеу жүйелері.

Интегралданған ҚПЖ — қазіргі уақыттағы ҚПЖ-ның қарқынды және қуатты дамып жатқан бөлігі. Олар — көпфункционалды, бірнеше қолданбалы программалық жабдықтарды бір ресурстық қор негізінде жинақтап, нысандар деңгейінде әсерлесулерін жүзеге асыратын дестелер (Lotus Works, Microsoft Office жэне т.б.) тобы. Мыссиіы:Microsoft Office ортасын алатын болса, онда Microsoft Office Word — мәтіндік процессор, Microsoft Office Excel — электрондық кесте процессоры, Microsoft OfficePowerPoint — тұсаукесер жасау редакторы, Microsoft Office Access — мәліметтер базасын құру процессоры сияқты бірнеше қолданбалы программаларды қамтиды.

Сонымен, қорыта келгенде программалық жасақтама аппараттық жасақтаманың мүмкіндіктерін жетілдіретін және онымен қолданушының белгілі бір программалық құралдардың негізінде тікелей жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін сыртқы қоршам болып табылады.

Компьютер — ол күрделі құрылғылардың (микросызбалар) жиыны. Ол жұмыс жасау үшін программалык жабдықтама керек. Компьютердің жұмыс істеуі үшін ең қажетті программа — оның жұмыс қабілеті мен басқаруды қамтамасыз ететін операциялық жүйе. Операциялық жүйенің бір мысалы ретінде Windows операциялык жүйесін атасақ болады.

Компьютер кез келген есепті шығару үшін қолданылады. Ол деректерді талдау, ақпаратты сандық форматта сақтау, видео және фотоматериалдарды өңдеу, мәтіндік ақпаратты құру және түзету т.б. болуы мүмкін. Әрине қойылган барлық есептер арнайы жазылған қосымша программалардың комегімен шешіледі. Компьютер тек сол программалардың жұмысын, жұмыс жылдамдығын қамтамасыз ету міндетін атқарады.

Орындалған жұмыстың нәтижесі тұтынушыға әртүрлі, мониторлар, принтерлер, проекторлар сияқты және т.б. ақпаратты басып шығару, бейнелеу құрылғыларының көмегімен ұсынылуы мүмкін.

  1. Бекіту кезеңі

    1. Дербес компьютердің аппараттық қамтамасыз етілуіне  не жатады?

    2. Дербес компьютердің программалық қамтамасыз етілуі  дегеніміз  не?

    3. Программалық жасақтама деген  не?

    4. Қолданбалы программалық жасақтама деген не?

    5. Жүйелік деңгейдің қызметі қандай?

  2. Тәжірибелік  тапсырма  орындау кезеңі

    1. Компьютерді вирустардан  қорғайтын программаларды ЭЕМ орнатыңдар.

    2. Компьютердің ішіндегі шаң  тозаңды  тазалаудың әдіс-тәсілдерін  қарастырып, орындаңдар.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!