400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ақпараттық жүйелер және ресурстар.

Материал туралы қысқаша түсінік
колледж студенттеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Бекітемін»

Директордың оқу ісі

жөніндегі орынбасары

________Молдахмет Э.Н.


Сабақ жоспары


№ ___ Сабақ. Күні: _______

Тобы: ___________________

Пәні: Информатика

Сабақтың тақырыбы: Ақпараттық жүйелер және ресурстар.

Сабақтың типі: Жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау, түсіндіру.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділігі: Жүйе, ақпараттық жүйе ұғымдарына түсінік беру. Қазіргі заманғы АЖ-ді жобалау әдістемелігі.

2. Дамытушылығы: Оқушылардың ақпарат ұғымын, формаларын, көздерін, типтері мен қасиеттерін, өңдеу тәсілдерін, кодтау тәсілдерін білу қабілеттерін дамыту.

3. Тәрбиелігі: Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: Түсіндірмелі баяндау, лекция түрінде.

Сабақтың көрнекілігі: Жұмыс дәптері, интерактивті тақта.

Сабақ құрылымы:

1. Ұйымдастыру кезеңі:

  • Сәлемдесу;

  • Оқушыларды түгендеу;

  • Сынып болмесінің тазалығын тексеру;

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);

  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

2. Жаңа сабақ:

Ақпараттық жүйелер және ресурстар.

Жоспары:

  • Ақпараттық жүйелердің даму тарихы;

  • Ақпараттық жүйелердегі үрдістер.

  • АЖ-дің әдістемелігі.

Ақпараттық жүйе – объектіні басқаруға қажетті ақпаратты беру мен жаңарту, сақтау, жинақтау жүйесі.
АЖ компоненттері:
1. аппараттық құралдар: ЭЕМ және құрама бөліктер (процестер, мониторлар, терминалдар, периферийлік құрылғылар, дисководтар, принтерлер, контроллерлар, кабелдер, байланыс линиялары) және т.б.;
2. программалық қамтама: алынған программалар, негізгі, объектілі, жүктелетін модулдер, операциялық жүйелер және жүйелік программалар (компиляторлар, құрастырушылар және басқалар), утилиттер, диагностикалық программалар;
3. мәліметтер – магниттік тасымалдаушылардағы тұрақты және уақытша сақталатындар, баспа архивтері, жүйелік журналдар және т.б.;
4. персонал – қызмет етуші персонал және қолданушылар.
Ақпаратты жүйелерді қорғаудың мақсаты (ақпаратты өңдеу жүйесі) – қауіп-қатерге қарсы әрекеттер:
1. өңделген ақпараттың жасырын бұзылу қатері;
2. өңделген ақпараттың бүтіндігінің бұзылу қатері;
3. жүйенің жұмыс істеуінің бұзылу қатері.
Ақпараттарды қорғаудың негізгі түсініктері

Ақпараттар, оны қорғаудың тапсырмалары тұрғысынан, жеке тұлғалар, бұйымдар, фактілер, оқиғалар, құбылыстар және үрдістер туралы, олардың көрініс беруінің формасына қарамай, берілетін мәліметтер. Көрініс беруінің формасына қарай ақпарат сөздік, телекоммуникациялық және құжатталған болып бөлінеді
Сөздік ақпарат арнайы орындардағы әңгімелесуде, байланыс жүйесіндегі жұмыстарда, дыбыс күшейтуде және дыбыстарды қайта жаңғыртуда пайда болады. Телекоммуникациялақ ақпарат ақпараттарды өңдейтін және сақтайтын техникалық құралдарда, сол сияқты байланыс арналарындағы олардың берілуі кезінде айналымда болады. Құжатталған ақпараттарға, немесе құжаттарға негізгі көздері көрсетілген материалдық тасушылар түріндегі ақпараттар жатады. Ақпараттық үрдістерге ақпараттарды жинақтау, өңдеу, қорландыру, сақтау, іздеу және тарату үрдістерін жатқызады. Ақпараттық жүйе деп ақпараттық үрдістерді жүзеге асырушы құжаттардың, құжаттар топтамасының және ақпараттық технологиялардың реттелген жиынтығын атайды. Ақпараттық ресурстар дегеніміз жеке түрде немесе ақпараттық жүйе құрамында болатын құжаттар мен құжаттар топтамасы. Азаматтардың, ұйымдардың, қоғам мен мемлекеттің ақпараттық сұраныстарын қанағаттандыру үшін жасалынған тиімді жағдайлар үрдісін тұтасымен алғанда ақпараттандыру деп атайды. Ақпаратты ашық және пайдаланылуыуы шектелген деп бөледі.

ХХ-шы ғасырға дейін ғылым негізінен саны көп емес элементтерден тұратын жүйелермен айналысты. Ғылымдардың және технологиялардың дамуы саны көп элементтерден тұратын күрделі жүйелерді құруға және оқуға алып келді. Осындай жүйелердің мысалдары: ядролық және термоядролық қаруларды құру жобалары; қазіргі заманғы автомобильдер, ұшақтар және ракеталар, оларды жобалау жүйелері, оларды өндіретін зауыттар; арналарды, ірі зауыттарды, химиялық өндірістерді құру; микрочиптер және оларды жүзеге асыру; компьютерлер үшін программалар және оларды жүзеге асыру болып табылады. Үлкен жуне күрделі жүйелерді оқытумен айналысатын ғылым «жүйенің жалпы теориясы» деп аталады. 
Жүйе теориясына екі көзқарас бар. Бір жағынан, шынайы объектілер түрінде жүйенің объектілік болатындығы және олардың өзара әрекеттестігі мойындалады. Екінші жағынан, ешқандай жүйелер жоқ деп болжауға болады, ал бірақ объектілерді жүйе түрінде көрсету әдісі туралы, яғни жүйелік тұрғы туралы айту қажет. У.Эшби, мысалы, былай деп жазады: «...біз жүйе қалай анықталатының анық елестете алуымыз керек».
Ақпараттар жүйелер (АЖ) – алдыға қойылған мақсатқа жету үшін ақпаратты сақтауға, өңдеуге және шығаруға қолданылатын, әдістер және персоналдар өзара байланысқан құралдар жиынтығы.
АЖ-дің даму кезеңдері.
Алғашқы АЖ-лер 50 жж. пайда болды. Бұл жылдары олар жалақыны есептеуді және есептесуді өңдеуге арналған болатын, ол электромеханикалық бухгалтерлік есептеуіш машиналарында жүзеге асырылды. Бұл қағаздық құжаттарды дайындаудағы кейбір шығындарды және уақытты қысқартуға алып келді. 60 жж. АЖ-ге қатынастың өзгеруімен атақты. Олардан алынған ақпарат көптеген параметрлері бойынша басылымдық есеп берулерде қолданыла бастады. Ол үшін мекемелерге, тек жалақыны есептеуді және есептесуді өңдеп ғана қоймай, көптеген функцияларды орындай алатын кең қолданыстағы компьютерлік жабдықтар қажет болды. 70 жж. – 80 жж. басында АЖ-лер шешім қабылдау үрдісін жылдамдататын және сүйемелдейтін, басқаруды бақылау құралы ретінде кең қолданыла бастады. 80 жж. соңында АЖ-ді қолдану концепциясы қайтадан өзгере бастайды. Олар ақпараттың стратегиялық көзі болып және кез келген мамандықтардың барлық ұйымдастыру деңгейлерінде қолданылды. Бұл мерзімнің АЖ-рі қажетті ақпаратты бере отырып, мекемеге жаңа тауарларды және қызметтерді құруға, жаңа өткізу нарықтарын табуды, өнімді төмен бағамен шығаруды ұйымдастыруды және т.б. мүмкіндік берді. 
АЖ-дегі үрдістер. Кез келген белгідегі АЖ жұмысын қамтамасыз етуші үрдістерін шартты түрде блоктардан тұратын сызба (сурет 1) түрінде келтіруге болады: 

  • ақпаратты сыртқы немесе ішкі көздерден еңгізу;

  • ішкі ақпаратты өңдеу және оны ыңғайлы түрге келтіру;

  • ақпаратты қолданушыларға көрсету үшін немесе басқа жүйеге беру үшін еңгізу;

  • кері байланыс – бұл ішкі ақпаратты түзету үшін ұйымның адамдарымен өңделген ақпарат.

АЖ келесі қасиеттерімен анықталады:

  • кез келген АЖ талдауға тап болуы мүмкін, жүйені құру жалпы белгілер негізінде құрылады және басқарылады;

  • АЖ динамикалық және дамушы болып табылады;

  • АЖ-ні құру барысында жүйелік қатынасты қолдану қажет;

  • АЖ-нің шығарылатын өнімінің негізінде қабылданатын шешімдер ақпарат болып табылады; 

  • АЖ-ні ақпаратты өңдеудің адам-компьютерлік жүйесі сияқты қабылдау қажет.

АЖ-нің жұмысын талдау үшін, ол шешетін мәселенің мәнін, сонымен қатар ол қосылған ұйымдастырушылық үрдістерді түсіну қажет. Мысалы, шешімдерді қабылдауды қолдау үшін компьютерлік АЖ-нің мүмкіндіктерін анықтаған кезде келесіні есептеу керек:

  • есептелінетін басқарушылық тапсырмалардың құрылымдылығы;

  • фирманы басқарудың иерархиялық деңгейі, онда шешім қабылдануы тиіс;

  • шешілген тапсырманың бизнестің қандай да бір функционалдық ортасына тәуелді болуы;

  • қолданылған ақпараттық технологияның түрі.

Ақпараттық жүйелер – ақпаратты арнайы ұйымдастырылған түрде сақтауға арналған және онымен түрлі әрекеттер жасауға және оны еңгізуді қамтамасыз етуші, сонымен бірге түрлі белгілері бойынша іздеу салушы, отчет жасаушы жүйелер. АЖ мысалы ретінде архивті, мекенжай бюросын, телефон анықтамасын қарастыруға болады. Информатикада компьютерлік техниканы қолданатын АЖ-ді қарастырады. Дербес жағдайда АЖ-ге келесілер жатады:

  • ақпараттық-анықтамалық, ақпараттық-іздеулік жүйелер;

  • құжаттаманы автоматтандыру және тіркеуді қамтамасыз етуші жүйелер;

  • эксперттік жүйелер;

  • ғылыми зерттеулерді автоматтандыру және жобаны автоматтандыру жүйелері;

  • өндірісті автоматтандыру жүйелері;

3. Бекіту:

  • Жүйе дегеніміз не?

  • Ақпараттық жүйе дегеніміз не?

  • АЖ-нің даму кезеңдері?

  • Үлкен және күрделі жүйелер?

5. АЖ-дегі үрдістерге сипаттама бер?



4. Бағалау: Сабақта белсене қатысып отырған студенттерді деңгейіне қарай бағалау.

5. Үйге тапсырма: Ақпараттық жүйелер және ресурстар, әдістемелігі туралы мағұлмат.





Оқытушы: Дюсупова М.С.










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 ақпан
1171
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі