жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ақпараттық коммуникациялық технологияның мүмкіндіктері: педагогтардың кәсіби іс- әрекеттерін ұйымдастыру
Ақпараттық коммуникациялық технологияның мүмкіндіктері:
педагогтардың кәсіби іс- әрекеттерін ұйымдастыру
Қазіргі заман талабы – оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Оқытудың жаңа технологияларының бірі – ақпараттық технология.
Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті жұмысшы мамандарын даярлау біздің басты
міндетіміз болып табылады.
Ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарын кәсіби іс-әрекеттеріне қолдануға психологиялық тұрғыдан дайын болуы қажет.
-
білім беруді ақпараттандыру бағдарламасы негізінде оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру.
-
кәсіби іс-әрекеттерін ақпараттық-коммуникациялық технология құралдары мен интерактивтік тақтаның мүмкіндіктерін қолдану;
-
мультимедиялық технология мен электрондық дидактикалық және педагогикалық программалық құрылғыларды сұрыптап, әр пәндердің оқыту ерекшеліктеріне сай қолдану.
-
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы оқыту әдістемелік түрде жүйелеп жетілдіру, заманауи технологияларды сабақта оқытуға енгізу және оның тиімділігін анықтау;
-
білім беру үдерісін ақпараттық - әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етуді автоматтандыруда педагогтардың білімін жетілдіру;
-
ақпараттық білім ортасында өзіндік білім алу мен кәсіби іс-әрекеттерін жобалау және ақпараттық өңдеу.
Оқыту үдерісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану үдерісіне өтуі, оларды қолданудың дидактикалық шарттарын жасау мен оған сәйкес әдістемелік жүйені құру технологиялық-педагогикалық тұрғыдан біртұтас кешең ретінде шешуді талап етеді.
Сондықтан педагогтардың АКТ құралдарын кәсіби іс-әрекеттеріне пайдалану даярлығын психологиялық тұрғыдан мына түрде бөліп көрсетуге болады:
-
педагогтардың ақпараттық-коммуникациялық технологияны меңгеруге деген қызығушылығын зерттеу;
-
кәсіби іс-әрекеттерін ұйымдастыруда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға деген ынтасын қалыптастыру;
-
педагогтардың ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдарын меңгеруге, оларды оқу үдерісіне енгізуге даярлығын қалыптастыру;
-
педагогтардың АКТ құралдарын оқу үдерісіне пайдалануға әсерін зерттеу дағдысын қалыптастыру;
-
АКТ құралдарымен жұмыс жасауда жеке тұлғаның қажеттілік параметрлерін айқындау;
-
мультимедиялық программалық оқу-әдістемелік кешендерімен жұмыс жасау арқылы педагогтардың білім сапасын арттыруға деген ықпалын зерттеу дағдысын қалыптастыру және т.б.
Аталған элементтер арқылы педагогтардың ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу үдерісіне қолданудың психологиялық аспектілері әртүрлі екендігі анықталып отыр. Олай болса, АКТ құралдарымен интерактивтік жабдықтарды оқу үдерісіне пайдалану барысында білім сапасының артуына ықпал ететіндігі келесі аспектілер арқылы айқындалған.
-
ынталық аспект. Компьютерлермен жұмыс жасау арқылы педагог кез келген оқу тапсырмасының шешімін табу үшін оқытудың ықпалды жүйелерінің көмегімен қажетті ақпаратты алу мүмкіндігіне ие болады. Оқу материалдарының мазмұнын ашу арқылы педагогтардың ынтасына әсер ете алатындай компьютердің мүмкіндігін таңдау қажет. Бұл педагогтың компьютермен қарым-қатынасын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
-
оқу үдерісінің белсендігін арттыру және тұлғалық ерекшеліктерді ескеру аспектісі. Оқыту үдерісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануда интерактивтік сұхбаттасуды іске асыру, оқу іс-әрекетінің талаптарын өздігінен таңдау мүмкіндігін беру арқылы оқыту үдерісіне жеке тұлғаға бағыыттауға және саралауға мүмкіндік береді. Компьютердегі педагогтың дербес жұмысы бағдарламада қарастырылған тапсырманы оңтайды түрде шешуіне жағдай туғызады:
-
оқыту ақпаратын баяндау мүмкіндігін кеңейту аспектісі: ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану мүмкіндіктері әрекеттің нақты көрінісін ғана емес осы жағдайда байқалмайтын үдерістерін де көрсету мүмкіндігін береді. Интерактивтік компьютерлік жүйелер тұрақты түрде даму үстінде ақпаратты беру (дыбыс, мәтін, түс, көлем, анимация) кешенін пайдаланылатын мультимедиялық технологиялар, баланың танымдық даму аймағын, әлеуметтік ортаның шекараларын дамытатын телекоммуникациялық технологиялар; оқытуды танымдық, тәжірибе және зерттеушілік деңгейге дейін жасаңды интеллект жүйелері;
- оқу іс –әрекетінің әдістері мен түрлерін өзгерту аспектісі. Оқу пәндерін оқытуды жеңілдетуге,оқу әрекеті мен ақпараттық мәдениетті қалыптастыруға белгіленген қолданбалы программалық құралдарды (мәтіндік,графикалық,дыбыстық редакторлар,электрондық кестелер және т.б.) өздігінен оқу үдерісін ұйымдастыруды, ақпараттық-коммуникациялық технология құралдары мен интерактивтік жабдықтарды тиімді пайдалануды іске асырады. Сондай-ақ,оқу үдерісінде оқу-ақпараттық, виртуалдық зертханалық жұмыстарды жүргізу әрекеттерін үйымдастыру мүмкіндіктерін, ақпараттық білім орталарымен пәндік және өздігінен оқу әрекеттерін жүргізуді қамтамасыз етеді;
- педагогтардың іс-әрекетін бақылау аспектісі.
Педагогты оқытудың дәстүрлі түрлерін қуаттайтын оқу ойын, қарапайым компьтерлік жаттықтырушы,оқытушы және бақылаушы бағдарламаларда жұмыс арқылы басталады. Бұл кезде педагогтар негізгі пайдаланушылық және өзіндік жұмыс дағдыларын игеріп, пәндер бойынша АКТ құралдарын қолданудың білім сапаларын арттырады.
АКТ-ны пайдаланудың ерекшелігін келесі мысалдан байқауға болады. Мысалы, кескін немесе сурет-адамның ой санасында белгілі бір бейнені, ұғым-түсінікті қалыптастыруға, мәтін және дыбыс-қозғалыстағы бейнелік әрекетті онан әрі дамыту негізіңде бейненің ішкі болмысына түсуге, ән-күй-эмоционалдық көніл-күйдің көтерілуіне әсер етеді.
Оқыту үдерісіне АКТ-ны пайдалану бірішама сапалы нәтижелерге қол жеткізетіңдігі практикалық бағытта дәлелденіп отыр. Дәстүрлі оқыту әдістерімен салыстырғанда АКТ-ның мүмкіндіктерін қолданып,жасаған интерактивтік бағдарламалар педагогтың қызығушылық ынтасын өтілетін материалға толық аударып,соның әсерінен есте қалатын материал көлемі артады,оқытуға кететін уақыт үнемделеді. Нақтылап айтқанда,оқу материалын меңгеруге кететін уақыт бірнеше есе артады. Интерактивтік байланыс-пайдаланушы мен бағдарламалық жабдық арасындағы өзара сұрақ-жауаптарды алмастыру үдерісі.
Педагогтардың ақпараттық-коммуникациялық құзырлылығын қалыптастыру үшін қажет білім мен біліктіліктерді психологиялық тұрғыдан игеруде сыртқы және ішкі факторлар әсер етеді:
-
Айналадағы құбылыстарға байланысты іс-әрекеттер;
-
Ақпараттық-комуникациялық технологияларды қолдану бойынша іс-әрекеттерді дамыту ерекшеліктері мен оның нәтижелері;
-
АКТ құралдары мен интерактивтік жабдықтарды оқу үдерісіне қолдану арқылы сапалы нәтижелерге жеткізу жолдары ;
-
Өз дайындығын өздігінен бағалай алуы;
-
Күрделі мәселелерді шешу барысында жинаған тәжірибелері;
-
Өзіндік білім алу жағдайын басқару деңгейі;
-
Алға қойған мақсатқа жету үшін диагностикалық бақылаулар жүргізіп,оны дамытуға байланысты тиімді шешімді таба білуі.
-
Сонымен,педагогтың кәсіби іс-әрекеттеріне АКТ құралдары мен интерактивтік жабдықтар негізінде ақпараттық- коммуникациялық құзырлылықтарының қалыптасуын психологиялық тұрғыдан «ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бойынша дайындық - деп түсінеміз. Олай болса,педагогтардың кәсіби құзырлылығын қалыптастыру барысында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың негізінде ойлау,шығармашылық әрекеттердің жаңа түрлері пайда болады.
КОМПЬЮТЕРЛІК ОҚЫТУ ОЙЫНДАРЫ
Ақпараттандыру жағдайында білім беруді, оның ішінде мектепке дейінгі тәрбие, оқыту мен балаларды дамыту үшін жаңа болашақ ашылады. Осы кездегі маңызды міндет баланың іс-әрекетінің негізгі түрін ақпараттық-қатынастық технологиялармен алмастырмай, оларды мектепке дейінгі мекемелерде тәлім-тәрбие мен білім берудің жалпы жүйесіне енгізу болып саналады.
Мектепке дейінгі білім беру үшін компьютерлік ойындар (КО) мультимедиалық интерактивтік оқытатын бағдарламалар болып табылады және баланың танымын, зияттық іс-әрекет тәсілдерін, қоршаған орта картинасының тұтастығын, құндылық бағыттарын және т. б. дамытуды қалыптастыруды қамтамасыз ететін баланың біртұтас ақпараттық білім беру ортасын жасауға бағытталған болады.
Балалар үшін ойын – бұл әлемді танудың және өзін-өзі дамытудың бір ғана тәсілі. Ойын – бұл танымдық іс-әрекет, ол оны қоршаған табиғат пен әлеуметтік ақиқат туралы баланың ойлануының өзіндік практикалық формасы болып табылады.
Оқу процесінде компьютерлік ойындарды дәстүрлі әдістермен және педагогикалық жаңашылдықпен үйлестіріп жүйелі пайдалану жағдайында дайындығы әр түрлі деңгейдегі балаларды оқыту тиімділігі артады. Сонда бірнеше технологияның бірмезгілде әрекет етуінің салдарынан білім беру нәтижесінің сапасы жақсарады.
Білім берудің жаңа парадигмасының қызмет етуі үшін, білім беру үрдісі субъектілерінің мобильді инфокоммуникациялық әрекеті ретінде қазақ, орыс және ағылшын тілдеріне сәйкес, ұлттық стратегиялық ақпараттық-білім беру қорлары мен әдіснамалық және мазмұндық негізде қамтамасыз ету ретінде білім беруді ақпараттандырудың стратегиялық бағыты – «Мектепке дейінгі мекемелер үшін компьютерлік оқыту ойындары» цифрлық білім беру қорлары индустриясын дайындау.
Компьютерлік оқыту ойындары ҚР МЖБС Мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының 1.001-2009 мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие беру талаптарын іске асыруға бағытталған, сонымен бірге:
– мектеп жасындағы баланың дербес дамуын кешенді қостауды іске асыру мен сапалы кеңістік құру;
– тіл дамыту мен ана тілі, қарым-қатынас мәдениеті меңгеруге дайындау;
– балалардың адамның өнегелі мінез-құлқының үлгісіндегі адамгершілік, құндылық бағдарлары, мінез-құлық қағидасы мен ережесі, қазақстандық қоғамда туындаған халықтың салт-дәстүрлерін қалыптастыру;
– Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін, мемлекеттік рәміздерге құрметін, қоршаған ортаға, отбасына, әр түрлі ұлт өкілдеріне адамгершілік қарым-қатынасын тәрбиелеу;
– баланың қоршаған ортаға тұтас бейнесін, өзі туралы, жақын әлеуметтік орта туралы алғашқы ұғымдарды қалыптастыру;
– баланың эстетикалық сезімдерін, бейнелеу, көркем-тілдік, музыкалық қызмет және т.б. шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Компьютерлік оқыту ойындары ойлау (классификация, сериация), есту зейінін дамытуға, кеңістік бағдарын қалыптастыруға, сөздікті белсендіру, қолдың ұсақ моторикасын дамытуға, көлем туралы, геометриялық фигуралар туралы ұғымды бекітуге, 10-ға дейін тіке санау дағдысы, цифр мен санның қатынасына дағдылануды қалыптастыру, спектр түстерінен білімдерін бекіту, көру жадын, кеңістіктік қиялын, қозғалыс жылдамдығын және т.б. жаттықтыруға бағдарланады.
Пайдаланған әдебиеттер:
Ж.Жартынова Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал «Оқытуда мультимедианы пайдалану» ББЖБжҒПКБАРИ Ақпараттық технология және қашықтықтан оқыту кабинетінің әдіскері .
ҚЖ.Жақсылықова ББЖБжҒПКБАРИ «Білім менеджменті»
кафедрасының аға оқытушысы журнал Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалары №8 2011ж«Білім берудегі менеджмент: инновациялық процестерді жүйелі басқару»
А.Е.Мусаева журнал «Педагогика және психология» №1 2010г.
«Игра как средство развития личности дошкольника».
З.П. Ларских журнал Воспитатель ДОУ№4 2009г
«Компьютерные игровые программы для дошкольников»

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген